1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы



бет207/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция
PISA есептері, Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Жыраулар поэзиясы. 15-18 ғ. Авторлық ауыз әдебиеті дамыды (1)
БІРІНШІ КЕЗЕҢ -ТЕКСЕРУ
Бауырдың қатысуымен бөліну қажеттілігін қанағаттандыру бұзылысы кезіндегі науқасқа тән шағымдар:
- көрінетін шырышты қабаттың және тері жамылғы ларының өзгерісі;

  • ауыздың құрғауы, ащы дәмді сезіну;

  • оң жақ қабырға астында ауырсыну және ауырлық сезімі;

  • әлсіздік;

  • іштің көлемінің үлғаюы (асцит);

  • тері қышымасы;

  • лоқсу, құсу;

  • тәбеттің бұзылуы (төмендеуі немесе болмауы);

  • зәр (қоңыр) мен нәжістің (ақшыл) түстерінің өзгеруі.

Науқасты сұрастыру кезінде аурудың басталуын, оны науқас қандай жағдаймен байланыстыратынын, бұрын қатты ауырсынудың ұстамасы болған-болмағаны туралы, арақ ішу, темекі тарту сияқты зиянды әдеттердің бар-жоқтыңы туралы сұрастыру қажет.
Сонымен қатар науқастың тамақтануы туралы, жүйелі тамақтануы, майлы, тұзды, әші, қуырылған тағамдарды көп қолданатыны туралы сұрастыру керек.
Бауыр және өт жолдары ауруларының дамуында әр түрлі зиянды факторлардың маңызы үлкен, сондықтан оның жұмысындағы кәсіптік зияндылықтармен байланысты туралы (химиялық заттармен, дәрі-дәрмектермен) мәлімет алу маңызды.
Қауіпті факторлар:
- ішімдікті қолдану; шылым шегу;
- жүйесіз және сапасыз тамақтану (дәрумендер мен белоктардың жетіспеушілігі);
- дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауынсыз, бақылаусыз қолдану;
- майлы, қуырылған, ащы тағамдарды қолдану;
- гепатотропты улы заттармен (бензил, бензол, дихлорэтан, мыс және оның қоспалары, мышъяк және оның қоспалары, формалин, радиоактивті заттар және тағы басқалармен) байланысты болу.
Науқасты жалпы жоспарлап зерттегенде, бауырдың қаты-
суымен бөлінуді қанағаттандыратын қажеттіліктің бұзылуына
тән объективті белгілерді білу керек:

  • көрінетін шырышты қабаттардың, тері жамылғыларының түстері;

  • терідегі қасығаннан кейінгі іздер, сарғаю;

  • ауыз қуысы:

  • ауыз бұрышында шырышты қабаттық қабынуының белгілері және

сарғаюы;

  • ішті қарау:

  • іш көлемінің үлғаюы, алдыңғы құрсақ қабырғасындағы венозды суреттің

айқындалуы.
Мейірбикенің жоспары:

  1. Науқасқа тұз және сұйықтық шектелген диета тағайындау, күніне 4-5 рет
    тамақтану, аптасына бір рет жеңілдетілген күн белгілеу.

  2. Күнделікті науқастың су балансын анықтайды.

  3. Науқасты үш күнде бір рет өлшейді.

  4. Науқасқа ыңғайлы төсекті қамтамасыз етеді:

- төсектің бас жағы көтеріңкі түрде;
- кірлеген сайын төсек-орындарды ауыстыру.
5. Физиологиялық бөлінулердің уақытында болуын кадағалайды.
6. Науқасты несеп қабылдағышпен және дәрет ыдысымен қамтамасыз етеді.
7. Дәрігердің нұскауы бойынша дәрі-дәрмектерді қабылдауын қамтамасыз
етеді.

  1. Науқастың жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді.

  2. Дәрігердің нұсқауы бойынша абдоминалды пункцияға ас-
    паптарды және наукасты дайындауды қамтамасыз етеді.

10. Науқасқа жағдайы нашарлағандағы белгілерін анықтауды үйретеді.
11. Науқаспен және туысқандарымен салауатты өмір сүру туралы кеңес
жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет