1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


Жүрек пен өкпе қызметін қалыпқа келтіру кезеңдері



бет210/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция
PISA есептері, Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Жыраулар поэзиясы. 15-18 ғ. Авторлық ауыз әдебиеті дамыды (1)
Жүрек пен өкпе қызметін қалыпқа келтіру кезеңдері

  1. Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру

  2. Өкпені жасанды тыныс алдыру (ӨЖВ)

  3. Жүректің жабық (тікелей емес) массажы

  4. Дәрілерді енгізу (көк тамырға, жүрек ішіне)

  5. Дефибрилляция

  1. Постреанимациялық кезеңдегі ағзаның өмірлік маңызды
    кызметтерін қолдауға және тұрақтандыруға бағытталған,
    интенсивті терапия.

Жүрек-өкпе қызметін қарапайым қалпына келтіру үш кезеңнен тұрады. Реанимациялық шараларды бастамас бұрын "өзіне" көмек шақыру керек және жүргізілетін шараларды бастаған уақытты тіркеу керек.
Тыныс алу жолдарының өтімділігін калпына келтіру
Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру - маңызды кезең. Онсыз жүрек-өкпе қызметін қалпына келтіруді нәтижелі жүргізу мүмкін емес.
Тыныс алу жолдарының өтімділігінің бұзылу себептері: тілін жұту, тыныс алу жолдарында кілегей, қақырық, құсық массалары, қанның, бөтен заттардың болуы.
Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру әдісін таңдау, өтімсіздік деңгейіне және оның даму жағдайына байланысты болады.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты қатты жерге жатқызып, тар киімінен босатыңыз.

  2. Науқастың сол жағына тұрыңыз.

  3. Науқастың басын бір жағына бұрыңыз.

  4. Дәке салфеткасы немесе қол орамалмен оралған сау-
    сақпен ауыз қуысын кілегейден, құсық массасынан, қакырық-
    тан тазартыңыз.

  5. Осы мақсатпен кәдімгі резеңке грушаның үшкір үшін ке-
    сіп тастап немесе электросорғышпен қолдануға болады.

  6. Науқастың алынатын тіс протездері бар болса алу керек.

  7. Ауыз қуысында бөтен зат болса, оны 2-3 саусақтармен қысқыш

ретінде ұстап алып, шығару керек.

  1. Сол қолыңызды мойын астына, ал оң қолыңызды науқастың маңдайы-
    на қойып, емделуші басын шалқайтыңыз.

  2. Жауырын астына валик қойыңыз. Осындай қалыпта емде-
    лушінің тілі жоғары көтеріліп, жұтқыншақтың артқы қабырға-
    сынан ажырайды. Осы әдіспен ауа жолындағы кедергілер жойы-
    лып, тыныс алу жолдарының саңылауы кеңейеді.

Осы шаралар өте қажетті, өйткені науқас арқасында жатқанда және бұлшық ет босаңсығанда тыныс алу жолдарының саңылауы тарылады, ал тілдің түбірі кеңірдекке кіретін тесікті бітейді.

«Ауыздан-ауызға» әдісімен өкпеге жасанды вентиляция жасауӨкпенің жасанды тыныс алуы (ӨЖТА)ӨЖТА-ын жапа шеккен кісінің өкпесіне ауаны белсенді түрде үрлеу әдісімен жүргізеді.
ӨЖТА міндеттері - өкпе альвеолалары тыныс алуы жойылған немесе әлсіз көлемін алмастыру немесе орнын басу. ӨЖТА-ды бірнеше әдістермен жүзеге асыруға болады. Соның ішіндегі ең қарапайым әдісі - "ауыздан мүрынға", "ауыздан ауызға" әдісімен өкпеге жасанды вентиляция жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет