1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы



бет213/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция
PISA есептері, Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Жыраулар поэзиясы. 15-18 ғ. Авторлық ауыз әдебиеті дамыды (1)
Жеке пост
Өлім халінде жатқан емделушіні қайта жандандыру бөліміне ауыстырады немесе жеке палатаға немесе жалпы палатада шымылдықпен қоршап қояды; оның қасына жеке пост қойылады. Мейірбикенің міндетіне: жалпы жағдайын, тыныс алуын (жиілігі, ырғағы), пульстің соғуын (жиілігі, ырғағы, қуаты), АҚ жоғарлауын, сана-сезім жағдайын бақылау және дәрігердің нұсқауын орындау, жалпы күтім көрсету жатады.
Жеке пост орыны барлық қажетті заттармен: бақылау аппараты, өкпенің жасанды вентиляциясы аппараты, күтімге қажетті заттар, залалсыздандырылған шприцтер, кажетті дәрі-дермектер, спирт, залалсыздандырылған таңу материалдарымен жабдықталған болу керек.
17.Халі нашар және жанталас үстіндегі науқастардың күтімі.
Клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық шаралар
Клиникалық өлімнің белгілері:
1. Ұйқы артериясындағы тамыр соғуының болмауы.
2. Көз карашығының кеңеюі, жарыққа реакциясының болмауы.
3. Тыныс алудың тоқтауы немесе агональды тыныс салу.
4. Естен тану.
5. Қоңыр-сұр түске ену.
Алғашқы үшеуі анық белгісі болып табылады, бір секунд та тоспай, реанимацияны бастау керек.
Тыныс салу мен қан айналымын дер кезінде қалпына келтіру науқасты термикальды күйден шығаруы мүмкін.
Биологиялық өлімнің белгілері:
1. Көздің мөлдір қабығының бұлдырлануы, көз алмасының жұмсаруы.
2. Дене қызуының қоршаған ортаның температурасына дейін
төмендеуі.
3. Мәйітдақтары.
4. Мәйіттің сіресіп қалуы.
Ақтық жағдайлардың кезеңдері мен олардың клиникалық көріністері
Ағзаның өлу сатыларын (преагония, агония, клиникалық өлім) терминалды (ақтық) жағдайлар деп айтамыз.
Ақтық жағдай - өлім мен өмір арасындағы жағдай, ағзаның өлім халіндегі күйі. Бұл кезде әртүрлі патологиялық процестердің әсерінен гомеостазды қолдап отыратын әртүрлі мүшелер мен жүйелердің үйлесімді өмірлік-маңызды қызметі бұзылады. Терминалды жағдайларға алып келетін себептер әртүрлі болып келеді: ауыр жарақаттар, жедел қан жоғалту, жоғары және төмен температура әсері, ауыр жедел интоксикация, коронарлы қан айналым бұзылыстары т.б. терминалды жағдайларда әр түрлі себептерге қарамастан ағзада жалпы өзгерістер байқалады.
Бас ми қыртысы гипоксияға (қан мен ұлпаларда оттегінің жетіспеушілігі) өте сезімтал болып келеді, сондықтан терминалды жағдайларда орталық жүйке жүйесі жоғары бөлімі ми қыртысының қызметі бұзылады, адам есін жоғалтады. Егер гипоксия 3-6 минутқа дейін созылса, бас ми қыртысындағы өзгерістер қайта қалпына келмейді.
Ми қыртысы қызметінің бұзылуымен қатар қыртыс асты құрылымдарының қызметі бұзылады. Тыныс алу және жүрек қан тамыр орталығы орналасқан сопақша ми ең соңынан өледі. Бас мидың қайтымсыз өлуі дамиды.
Терминалды жағдайлар кезіндегі үдемелі гипоксия және ми қызметінің бұзылыстары жүрек қан-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келеді. Преагония кезінде жүректің айдау қызметі төмендейді. Ағзалардың, әсіресе мидың қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі қайтымсыз өзгерістер дамуын күшейтеді.
Жүректің автоматизм қасиеті арқасында жүрек біраз уақытқа дейін жиырылуы мүмкін. Бірақ бұл жиырылулар әлсіз, нәтижелі емес, пульс толымдылығы төмендейді, ол жіп тәріздес болады. Қан қысымы бірден төмендейді, соңынан анықталмайды. Сонымен жүректің жиырылу ырғағы бұзылып, жүрек қызметі тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет