1Газдардың электр өткізгіштігі. Тауелди жане тауелсиз разрядтар, плазма туралы тусиник



бет2/5
Дата15.12.2021
өлшемі218,38 Kb.
#101047
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 билет емтихан жауаптары

Тәуелді газ разряды (өздік емес) ‒ тек сыртқы ионизатор әсерінен болатын разряд.



Түтіктегі газ иондалған газда электродтарға (U) кернеу беріледі; түтікте (I) ток пайда болады. Кернеу (U) артқанда сайын ток күші де артады.



Бір секунд ішінде пайда болған зарядталған бөлшектер осы уақыт ішінде электродтарға жетеді. (Белгілі бір кернеуде (U), ток қанығады (Iқ). Ионизатор әсері тоқтаса, газ разряды тоқтайды (I=0).

Тәуелсіз газ разряды немесе өздік ‒ сыртқы ионизатор әсері тоқтағаннан кейін де газда разрядтың сақталуы



Разрядты сақтап тұру үшін ионизатордың қажеті жоқ. Электрондардың соққылауынан иондалу жүреді



Тәуелсіз разрядтың түрлері

а) Солғын ‒ төменгі қысымды пайда болады (газ түтікшелері және газды лазерлерде).

б)Ұшқынды ‒ үлкен электр өрісінде, Р = Ратм атмосфералық қысымда (найзағай, диэлектриктің тесілуі).

в) Электр доғасы ‒ жақындатылған электродтар арасында (доғалық шамдар, дәнекерлеу).

г) Тәж ‒ қисықтығы үлкен беттері (үшкір) бар біртекті емес ортада пайда болады (Эльма әулиенің жарығы).

Белігілі бір шектелген көлемде газдарда оның ішінде ауаны өткізгішке айналдыруға болады. Ол үшін оларда жасанды түрде заряд тасымалдаушыларды тудыру қажет, яғни газ молекулаларын иондайды. Газды иондау сыртқы әсерлер арқылы жүзеге асады: күшті қыздыру, ультракүлгін, рентген және радиоактивтік сәулелер, газ атомдарын жылдам электрондармен немесе иондармен соққылау т.б. Қыздырудың салдарынан немесе сәулелердің әсерінен атомдардың бір бөлігі иондалады. Оң зарядталған иондарға және электрондарға ыдырайды. Газда теріс иондар да пайда болады. Сонымен газдарда иондар не қыздырудан немесе сыртқы ионизатордың мысалы сәулелердің әсер ету себебінен пайда болады. Бөлме температурасында газдар диэлектриктер болады. Газдарды қыздырғанда немесе ультракүлгін, рентген және басқа сәулелер түсіргенде газдардың атомдары немесе молекулалары иондалады. Сөйтіп газ өткізгішке айналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет