1Газдардың электр өткізгіштігі. Тауелди жане тауелсиз разрядтар, плазма туралы тусиник
Қалыпты жағдайда газдар толық дерлік бейтарап атомдардан немесе молекулалардан тұрады, демек диэлектрик (изолятор)бола алады. (Диэлектрик дегеніміз электр тогын өткізбейтіндер) Газда металл мен сұйықтағыдай бос зарядтар (электрондар мен иондар) болмайды. Газдардың металдар мен электролиттерден айырмашылығы – олар электр бейтарап атомдар мен молекулалардан тұрады да, қалыпты жағдайда токтың еркін тасымалдаушылары болмайды. Газ арқылы электр тоғы өту үшін, оны иондау (яғни оның ішінде жеткілікті мөлшерде зарядты бөлшектердің пайда болуы) керек.
Газ разрядын алу үшін газ разрядты түтікше пайдаланылады. Газдарды иондауға қажетті құрал ионизатор деп аталады. Газ - өзіне тиісті кеңістікті еркін қозғалатын бөлшектерімен бірқалыпты толтыратын заттың бір күйі. Өткізгіштігі ‒ иондық және электрондық (иондар мен электрондар қозғалысы) ток туғызады. Кедергісі: Қалыпты жағдайда газдар-диэлектриктер (R→ ∞). Иондану кезінде электр тогын тасымалдаушылары пайда болады.
Иондану
|
Ионизатор (ультра-күлгін, рентген және радиоактивті сәуле-ленулер; қыздыру) көмегімен бейтарап атомның оң ион мен электронға ыдырауы.
|
Рекомбинация
|
Электрон мен оң ионның бейтарап атом болып бірігуі.
Егер ионизатор әсері тоқтаса газ қайта диэлектрик болады
|
Газдық разряд ‒ газ арқылы электр тогының өтуі.
Достарыңызбен бөлісу: |