1Газдардың электр өткізгіштігі. Тауелди жане тауелсиз разрядтар, плазма туралы тусиник


Иондалған газдағы зарядты тасымалдаушылар



бет3/5
Дата15.12.2021
өлшемі218,38 Kb.
#101047
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 билет емтихан жауаптары

Иондалған газдағы зарядты тасымалдаушылар еркін электрондар мен оң иондар, теріс иондар болып табылады.

Сыртқы электр өрісінің әсерінен иондар мен электрондар белгілі бір бағытпен қозғала бастайды. Оң иондар катодқа қарай, ал теріс иондар анодқа қарай қозғалады. Нәтижесінде түтікте электр тогы пайда болады, яғни газ разряды жүреді.



Плазма — оң және теріс зарядтарының тығыздықтары бір-бірімен шамалас, толық немесе ішінара иондалған газ. Плазмада зарядталған бөлшектер қатарына электрондар мен иондар жатады. Олар газды иондау (қыздыру, эл.-магн. толқынмен әсерлесу, зарядталған бөлшектермен соққылау, т.б.) кезінде пайда болады. Әлем кеңістігіндегі заттардың басым бөлігі (жұлдыздар және оның атмосферасы, галактикалық тұмандар мен жұлдызаралық орта) Плазма күйінде болады. “Плазма” терминін ғылымға американ ғалымдары И.Ленгмюр (1881 — 1957) мен Л.Тонкс (1897 — 1971) енгізген (1923). Плазманың бірлік көлеміндегі иондалған атомдар санының олардың сол көлемдегі толық санына қатынасы Плазманың иондау дәрежесі () деп аталады. Осы -ның шамасына қарай Плазма әлсіз ионданған (<1%), ішінара ионданған (1%<<100%) және толық ионданған (100%) болып бөлінеді. Плазманы құрайтын бөлшектердің орташа кинетикалық энергиялары әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан Плазманы электрондық температура (Те), иондық температура (Ті) және бейтарап атомдар температурасы (Та) арқылы сипаттайды. Иондық температурасы Ті<105К Плазма төменгі температуралық, ал Ті>106К Плазма жоғары температуралық Плазма деп аталады. Плазманы заттың төртінші күйі деп те атайды. Оның газдан негізгі өзгешелігі электр және магнит өрістерімен күшті әсерлесуінде; соның нәтижесінде Плазмада басқа заттарда кездеспейтін ерекше құбылыстар жүреді. Мысалы, Плазма бөлшектері жылулық қозғалыспен бірге реттелген “ұжымдық процестерге” де қатынасады. Плазманың “квазибейтараптылығы” оның маңызды қасиеті болып есептеледі. Квазибейтараптылығы сақталу үшін Плазманың өлшемдері дебай экрандау радиусынан (D=[kTeTі/4|eeeі|(nіTі+neTe)]1/2, мұндағы ee, еі мен nе, nі — электрондық және иондық заряд пен концентрация) көп үлкен болуы керек. Егер бөлшектерінің өзара әсерлесуінің потенц. энергиясы олардың жылулық энергиясынан көп аз болса, онда Плазма — идеал Плазма деп аталады. Индукциясы В магнит өрісіндегі Плазма бөлшектеріне Лоренц күші әсер етіп, нәтижесінде ол бөлшектер Лармор спиралі бойымен (циклотрондық жиілікпен) айналады. Соның салдарынан Плазма диамагнетизмі пайда болады.

Плазманы:



  1. Плазманың жеке бөлшектерінің қозғалысы арқылы;

  2. магниттік гидродинамика теңдеулері арқылы;

  3. Плазманың бөлшектері мен ондағы пайда болатын толқындарды кинетикалық тәсіл арқылы зерттеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет