1.ҰЙҚы безінің гормондары-инсулин және глюкагон БҮйрек үсті безінің гормондары


Су тұз балансын реттеуші негізгі гормондар: вазопрессин, альдостерон, натрий уретикалық фактор



бет4/6
Дата27.11.2022
өлшемі1,29 Mb.
#160066
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КА рет гормондар

Су тұз балансын реттеуші негізгі гормондар: вазопрессин, альдостерон, натрий уретикалық фактор.
  • Минералокортикостероидтар (МКС)
  • МКС -ға альдостерон, дезоксикортикостерон (ДОК) жатады. Альдостеронның активтiлiгi ДОК-қа қарағанда 50 есе артық.Сондықтан альдостерон ағзадағы негізгі минералокортикостероид болып табылады.
  • Химиялық табиғаты. Холестериннен синтезделеді.
  • Әсер ету механизмi. 2-ЛІК .Альдостеронның рецепторлары жасуша ішінде орналасады.
  • Нысана-тіндерi: бүйрек, iшектiң кiлегейлі қабаты, сiлекей және терi бездерi, қуық эпителий жасушалары, тері, миокард, бауыр.
  • Физиологиялық әсерi. бүйрек түтікшелерінің дистальды және жинағыш бөлімінде Nа+ иондарының реабсорбциясын, К+, Н+, NH4+ иондарының экскрециясын және натрий каналдарының санын арттырады.
  • Альдостеронның секрециясының реттелуі:
  • 1. Ренин-ангиотензинді жүйемен реттеледі.
  • 2. Қан сарысуындағы натрийдiң концентрациясы азайып, калийдiң концентрациясы көбейгенде альдостеронның секрециясы күшейедi, ал натрийдің көбеюi мен калийдiң азаюы керiсiнше альдостеронның бөлiнуiн тежейдi.
  • 3. АКТГ альдостерон секрециясын арттырады.
  • 4. Простагландиндер және кинин-калликреин жүйесі
  • Организм көп қан жоғалтқанда, гипотензияда (артериялық қысым төмендегенде), NаCI концентрациясы төмендегенде бүйректің юкстагломеруларлы аппаратында ренин түзiледi. Ол қандағы ангиотензиногенге (бауырда түзілетін белок) әсер етiп оны ангиотензин-I-ге айналдырады. Ангиотензин-I өкпенің ангиотензинге әсер етуші ферментінің нәтижесінде ангиотензин II-ге айналады. Ангиотензин-II бүйрек үсті безінің қыртыс қабатынан альдостеронның секрециясын қамтамасыз етедi. Альдостерон қанда натрий мөлшерін арттырып, қан көлемiнiң ұлғайуына және артериялық қысымының жоғарлауына әкеледi.
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет