Хандық тарихтың 550 жылдығы мемлекеттік деңгейде атап өту арқылы елдік рухты оятып ұлттық танымды кеңейттік. Әйтсе де, бесмың жылдық терең тарихымыз бар Сақ пен ғұннан бастау алып , Көне түркі дәуірімен жалғаса келіп. уақыттың тарих жүйрігі Алтын Орда дәуіріне бас сұғады. Бұл Шыңғысхан империясының заңды жалғасы іспетті.Дешті қыпшақ даласында іргесін тіккен түркі мемлекеті болатын. Сәні мен салтанаты келіскен Сарай-Берке, Сарай-Бату сынды астаналардың қалануы, Ұлытауда Жошы ханның кесенесінің салынуы, шығыстық шайырлардың қалдырған әдеби мұралары – бәрі де Алтын Орда дәуіріне тән.Сауда саттық байланыстармен мәдени өркендеу қатар жүргені белгілі.Бұл турасында Ұлы Жібек жолы туралы айтпасақта түсінікті .Ал Алтын Орданың сыртқы саясаттағы үстемдігі мен сауда байланыстары қалаларды мәдени орталыққа айналдырды.Әсіресе , Сарай Бату ,Сарай Берке ,Үргеніш,Сығанақ сияқты қала кенттерде сауда мен қолөнер мен өркендеп, ғылым. мәдениет ,әдебиет дамыды.
Сәні мен салтанаты келіскен Сарай-Берке, Сарай-Бату сынды астаналардың қалануы, Ұлытауда Жошы ханның кесенесінің салынуы, шығыстық шайырлардың қалдырған әдеби мұралары – бәрі де Алтын Орда дәуіріне тән.Сауда саттық байланыстармен мәдени өркендеу қатар жүргені белгілі.Бұл турасында Ұлы Жібек жолы туралы айтпасақта түсінікті .Ал Алтын Орданың сыртқы саясаттағы үстемдігі мен сауда байланыстары қалаларды мәдени орталыққа айналдырды.Әсіресе , Сарай Бату ,Сарай Берке ,Үргеніш,Сығанақ сияқты қала кенттерде сауда мен қолөнер мен өркендеп, ғылым. мәдениет ,әдебиет дамыды.
33.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері
Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңіліске ұшырағанынан кейін Өзбек ұлысында ыдырау басталып, олардың кейбіреулерінің бөлініп, көрші жерлерге көшіп кетуіне әкелді. Бұл туралы Мүхаммед Қайдар Дулаттың “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде айтылған. Көшпелі тайпалар Шу өзенінің алқабына яғни Моғолстан аумағына - Есен бұғы иелігіне қоныс аударды.
Керей мен Жәнібек өз адамдарымен Моғолстанға моғол ханы Есенбұғының тірі кезінде келген. Ол қашқындарды қарсы алып оларға Шу алқабын және Қозы Башы жерлерін бөліп берген. Жәнібек (Әбу Саид) – Ұрыс ханның ұлы Барақ ханның ұлы. Керей Жәнібектің жамағайыны Болат сұлтанның ұлы.
Жәнібек пен Керейдің Моғолстан аумағына кетуі - Өзбек ұлысында кейіннен билікті толық алу үшін жасалған шара болды.
Есенбұғыны осындай шешім қабылдауына басқа да себептер болды, яғни, ханның мағынасы іштей де сырттай қатынастарда оны қолдаушы феодал ақсүйектер мен ұлыс адамдарының санымен анықталатын еді. Сондықтан да оның өз жағына неғұрлым көбірек өз көршілерінің жауластарын тартып, оларды өз тайпаларына қарсы пайдалануға тырысуы – табиғи құбылыс еді.
М.Қ.Дулаттын “Тарих-и-Рашиди”, “Бахр ал асрар” Махмуд ибн Валидың (парсы тіліндегі) біз Жәнібек пен Керейдің қол астындағы тайпалар мен рулардың жағдайы туралы білеміз. 1462 жылы Есенбұғы қайтыс болды, сонымен бірге оның інісі Жүнүс хан бекіді. Ол өзінің қызын Әдік сұлтанға – Жәнібек ханның баласына ұзатып қазақ хандарымен қатынас орнатты.
М.Қ.Дулаттың сөздеріне қарағанда Жәнібек және Керейдің қарамағындағыларды сол жылдары өзбек-қазақтар деп атаған. Олардың қатарына Өзбек ұлысынан халық лек легімен қосыла түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |