1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»



бет32/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

«Қазақ» этнонимінің шығуы. «Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеші болжамы бар:
- Тарихшы Бартольд: “өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам”.
- М.Ақынжанов: “хас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан”.
- XII-XV ғ.түркі тілінде жазылған деректерде: «еркіндік аңсаушы, батыл» мағынасын білдіреді.
- Түркологтардың пікірінше, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері – Шығыс Дешті Қыпшақ.
- Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлюктік Египет мемлекетің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
Жүз – тарихи-шаруашылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы.
Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".
В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.
Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.
Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет