1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы



бет52/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

55. Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы
XVIII—XIX ғасырлардағы дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қанау бүркенішті әдістермен жүргізіліп, езгі түрінде болмағандықтан, таптық қарама-қайшылық қатты шиеленісте болған жоқ. Оның үстіне, туыстық қағидаға негізделген рулық қауым идеологиясы байларға кедей туыстарын қатты қанауға мүмкіндік бермеді, кедейдің өз туыстасының шаруашылығында жұмыс істеуі де қанау мазмұнын туыстық пиғылмен жеңілдетті. Қазақ қауымында, басқа жұрттан келіп сіңген кірмелер, қоңсылар, аз да болса құл, күңдер болды. Қауымның бұл тобындағы кедейлерді қанау, оларға әлеуметтік қатынас рулас қауым мүшелеріне қарағанда қаталдау болды. Қазақ қоғамындағы ең ауыр жағдай құлдар мен күңдер басында болды. Олар өз қожайындарына экономикалық жағынан да, бас бостандығы жағынан да толық тәуелді еді. Әдетте, құл мен күң байдың шаруашылығында жұмыс істеді. Дегенмен қазақ қоғамында құл мен күң деген елеулі әлеуметтік топ болған жоқ, өндірісте де олардың орны біршама төмен болды. Қазақ қоғамындағы ханнан, ханның әулетінен кейінгі тұрған әлеуметтік топ — сұлтандар. Сұлтандар хандар сияқты тек төре тұқымынан сайланды. Төре деген әлеуметтік этностық топты Шыңғыс ханның тұқымынан тараған ұрпақтарды ғана құрады. Олардың өз ұраны, өз таңбасы болды. Олар қазақ ішіндегі ақсүйек топқа жатады. Олар қазаққа қыз бермесе де, қазақтан қыз алды. Сондықтан қазаққа тезірек сіңісіп кетті. Төрені сағалап, паналап, басқа елден, тіпті басқа жұрттардан қазақ арасына сіңген кірмелер төлеңгіт деп аталды. Олар төренің малын бақты, жерін қорыды, сойылын соқты. Қазақ арасындағы тағы бір әлеуметтік-этностық топты қожалар құрады. Олардың арғы тегі — арабтан шыққан, қазақ жеріне ислам дінін таратушылардың ұрпағы. Олар қара қазаққа қызын бермеді, ал өздері қазақ қыздарына өте сирек үйленді. Сондықтан да олар қазақ болып, қазаққа сіңісіп кеткенімен, генетикалық жағынан оқшау қалды.


56.Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік инженерингі: қазақ жастарын Ресей империясының кадет корпусында, гимназияларында және университеттерінде оқыту.
Ұлттық орта оқу орындарының болмауы қазақтарды өз балаларын орыс оқу орындарына беруге мәжбүр етті,ал олардағы оқу үрдісінде орыс мәдениетіне басымдық берілетін және орыс тілі үстемдік ететін. Сонымен бірге революцияға дейінгі Қазақстанның көптеген прогресшіл қайраткерлерінін орыс оқу орындарында білім алғаның ұмытуға болмайды.Бұратаналардың балалары кіре алатын алғашқы орта оқу орны Орынбордағы Неплюев әскери училищесі болды, ол кейіннен Орынбор кадет корпусы деп аталды. 1825 жылдан 1866 жылға дейін Орынбор кадет корпусын 35 қазақ бітірді.141 Кадет корпусынын алғашқы түлектерінің бірі - Орыс географиялық қоғамының мүшесі сұлтан М. Тәукин, Орынбор өлкесінің бұратаналарға арналған мұғалімдер мектептерін құру туралы ережелер әзірлеу комиссиясының мүшесі С. Жантөрин болды.142 «Этнография бөліміне еңбегімен жәрдемдескені және қырғыздардың (қазақтардың) тұрмысы туралы мақалалар мен әр түрлі этнографиялық бұйымдар бергені» үшін Орыс географиялық қоғамының күміс медалімен марапатталған, қоғамның Ш. Уәлихановтан кейінгі алғашқы мүшелерінін бірі М.С. Бабажанов та кадет корпусының түлегі болатын. Қазақтар оқыған оқу орындарының бірі Орынбор гимназиясы болды, 1868-1892 жылдарда гимназияда 52 қазақ оқыды. Олардын ішінде С. Сүйіншәлиев гимназияны 1877 жылы үздік бітірді; А. Бірімжанов 1891 жылы оқудағы жетістіктері үшін күміс медальмен марапатталды. Орынбор гимназиясының көптеген түлектері өз білімдерін Қазан университетінде жалғастырды. Мәселен, Қазан университетінде оқыған 25 қазақтың 10-ы - Орынбор гимназиясын бітіріп келгендер. XIX ғасырдың 70-жылдарына дейін Қазан университетінде оқыған қазақтар бірлі-жарым болатын. 1863 жылы университет Жарғысының қабылдануына байланысты гимназияларда курс бітірген мұсылмандар Қазан университетіне түсу құқығын алды.
Осы кезенде жоғары медициналық білімі бар алғашқы қазақ дәрігерлері шықты. Олар негізінен Қазан, Саратов, Томск, Мәскеу университеттерінде, сондай-ақ С.-Петербургтің әскери-медицина академиясы мен университетіңде білім алды. Мәселен, 1868—1913 жылдарда Қазан университетінің медицина факультетін қазақтың 30 жас дәрігері бітіріп шыққан. Қазан университетінің медицина факультетін 1887 жылы бітірген алғашқы қазақтардың бірі Мұхамеджан Қарабаев болатын. Оны бітіргеннен кейін ол Қостанайда, Торғай облысының Ақтөбе, Ырғыз уездерінде дәрігер болып істеді. 1892 жылы М. Қарабаев медициналық қызмет көрсету саласындағы патшалық саясатты сынағаны үшін Орынбор әкімшілігінің қырына ілігіп, аз уақытқа Самараға кетуге мәжбүр болды. Содан соң Ырғыз уезінде дәрігер болып жұмыс істей жүріп, өлкенің қоғамдық өміріне белсене қатысты. 1895 жылы ол Торғай комитетінің толық мүшесі болып сайланды, орыс дәрігерлерімен бірге медициналық қызмет көрсетуді түбірінен өзгерту және қазақ халқы арасынан медицина кадрларын даярлау жолында күресті. Революцияға дейінті Қазақстандағы оба ауруының тұңғыш маманы М. Шомбалов - 1899 жылы, Ә. Алдияров - 1905 жылы Қазан университетінде медицина факультетін, Н. Ипмағамбетов С.-Петербург медицина академиясын 1911 жылы бітірді. Олар қазақ халқына медициналқ қызмет көрсетуді ұйымдастыруда көп іс тыңдырды, сондай-ақ Қазақстанның қоғамдық өміріне белсене қатысты. Қазан университеті ұлттық зиялылардың алғашқы кадрларын қалыптастыруда зор рөл атқарды. Қазан мал дәрігерлік институтын қазақтар арасында алғашқы бітірушілер М. Ақтанов, Е. Қүлпейісов, М. Жасмағамбетов, Ф. Иманбаевтар болды. Ә. Бөкейханов С.-Петербург Императорлық орман институтын 1894 жылы үздік бітіріп шықты. Ж. Ақбаев, Б. Қаратаев, С. Лапин, М. Шоқаевтар С.-Петербург университетінің заң факультетін бітірді. С. Жантөрин, Б. және Ә. Ниязовтар, С. Нұралыханов және басқалар С.-Петербург, Қазан, Томск, Мәскеу университеттерінің заң факультетінде оқып жоғары білім алды. 1906 жылы Император 1 Александр атындағы С.-Петербург Жол қатынасы институтың М. Тынышбаев бітіріп шықты. X. Досмұхамедов С.-Петербург Императорлық Әскери медицина академиясын 1909 жылы бітірді. 1902 жылы С. Аманжолов Верный гимназиясын бітіргеннен кейін Қазан университетінің заң факультетіне түсті. Верный гимназиясының басқа да түлектері: Т. Есенқұлов, И. Дүйсенбаев, Ж. Жақыпбаев, И. Жақсылықов Ресей империясының жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Жетісу өлкесіндегі алғашқы жоғары білімді қазақ зиялыларының бірі Б. Сыртанов 1891 жылы С.-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін бітірді. Осы оқу орнын 1887 жылы Б. Құлманов та үздік бітірген еді. Ә. Ермеков Семей ерлер гимназиясын, содан соң Томск технологиялық институтын, X. Ғаббасов Мәскеу университетінің физика-математика факультетін бітірген.
Сонымен Ресей оқу орындары революцияға дейінгі кездің өзінде — XIX ғасырдын екінші жартысы - XX ғасырдың басында білімді адамдар тобының кеңеюіне, әрбір халықтың ұлттық зиялыларының қалыптасуына жәрдемдесті.[1]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет