1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы



бет87/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

101.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы.
Қазақ зиялы қауымының шығармашылық-мәдени мұраларының ақталуы республикада 1988 жылдың басынан бастап өз күшіне ене бастады. 1988 жылдың басында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанында сталиндік репрессиялардың құрбаны болған халқымыздың ардақты ұлдарының саяси және шығармашылық-мәдени қызметтеріне оң баға беру туралы арнайы Комиссия құрылып, өз жұмысын бастады. Комиссияның шешімдері бойынша 50-ші жылдардың соңында ақталған, алайда қайсыбір "объективтік" себептерге байланысты 60-80-ші жылдары кеңінен насихатталуға бәлендей құлық көрсетіле қоймаған қазақ зиялыларымен қатар бұған дейін есімдерін атауға да тиым салынған ғасыр басындағы ұлт зиялылары, олардың қоғамдық-саяси, тарихи-әдеби және мәдени-шығармашылық мұралары халқымен қайта қауыша бастады. Саяси қудалау кезіндегі, яғни, 1937,1938 жылдардағы жариялануға тиым салынған шығармалар мен ұлт көсемдерін ақтауға ұмтылыс басталды. «1988 жылы қаңтарда Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Олжас Сүлейменовтің сұрауы салуы бойынша Қазақ ССР-нің Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов „Алашорда" қайраткерлерінің үстінен жүргізілген тергеудің заңсыз жүргiзiлгенiне наразылық бiлдiрiп, Қазақ ССР Жоғарғы сотына ұсыныс жасады. 1988 жылы 4 қарашада Жоғарғы соттың қылмысты iстер жөнiндегi алқасының мәжiлiсiнде «Кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлату мақсатында ұйымдасқан „Алашорда" қайраткерлерінің контрреволюциялық, террористік астыртын құпия ұйымын әшкерелеу ісіне» қатысты сот үкімі қайта қаралды. Оған Қазақ КСР Жоғарғы сотының төрағасы Т.К.Аймұхамбетов, Жоғарғы соттың мүшелерi К.Т.Кенжебаев, Е.Л.Грабарник және Қазақ КСР Бас прокуроры Ғ.Б.Елемесов қатысты. Сол кездегі Құқықтық комиссияның төрағасы, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі, жазушы Т.Жұртбайдың Жоғарғы соттың мүшесі К.Кенжебаевқа берген әдеби сараптамалық қорытындысы бойынша «Алашорда» қайраткерлерінің шығармалары мен ғылыми еңбектерінде кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізілмегені расталды.


102.Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы.
Қ-да реформалар стратегиясының мемлекеттік негізі демократияландыру және саяси реформалардың бағдарламасы. Бұл бағдарлама қоғамдық процестерді одан әрі демократияландыру жүйесіне мемлекеттің тиімді әрі ықпалды әсер етуіне жағдай жасайды. 1996 жылдың шілдеден бастап елде “ҚР-ғы саяси партиялар туралы” заң күшіне енді. Соған сәйкес елде аумақтық принцип бойынша партиялық құрылымды ұйымдастыру бекітілген, мемлекеттік огандарда саяси партиялар құруға және әскерилендірілген саяси партиялардың құрылуы мен қызметіне тыйым салынады. Саяси партиялардың қызметін реттейтін заң жалпы демократиялық принциптерге орай елде көппартиялылықты тұтастай нығайтуға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет