3.Сөз әдебі, интонация жолдары, жұмыс түрлері Сөйлеу әдебі (ағыл. speech etiquette - сөйлеу этикеті) - адамдардың сөйлеу мәнері мен сөйлеу мәдениетіне негізделген сыпайы қарымқатынас ережелерінің жиынтығы. Қазақ халқының әдет-ғұрпындағы ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ ұлттық ерекшеліктерге сәйкес тілдік қарым-қатынасында да белгілі бір ережелер мен қағидалар қалыптасқан. Тіл практикасындағы адресат пен адресанттың арасындағы сөйлеу, сөйлесу әрекеттері қоғам тарапынан бекітілген нормалар шеңберінде тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Назар бөлу және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрдегі сөйлеу әдебінің жағдаяттарынан адамның жалпы әдептілігі мен мәдениеттілігі көрініп қана қоймай, ұлттық әдеби қорды меңгеру деңгейі де айқындалады. Адамдардың өзара қарымқатынасындағы адамгершілік қасиеттері, бір-біріне деген ізгі ниеттері сөйлеу барысында байқалады. Тіл арқылы адресаттың адресантқа деген құрметі ғана емес, заттар мен құбылыстарға деген жалпы көзқарастары мен дүниетанымы аңғарылады. Тілдік практикада сөйлеуші субъектілер бір-біріне құрмет көрсетудің түрлі әдістерін пайдаланады. Сөйлеу әдебіне есімдіктің сыпайы түрін қолдану, әңгімеге қатысушының өз ісіне, кәсібіне байланысты жетістігін, ғылыми дәрежесін, лауазымдық деңгейін көрсететін қошемет сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланумен бірге сөйлеудің мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі тәрізді сапалық белгілері жатады.