1.Үлгілі бағдарлама бойынша 2-4 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылары фонетика саласынан игеруге тиісті білім мазмұнына талдау жасау


Интонация және оның компоненттерінің сөйлемдегі қызметі



бет4/4
Дата07.03.2022
өлшемі33,53 Kb.
#134504
1   2   3   4
Байланысты:
6 тапсырма

Интонация және оның компоненттерінің сөйлемдегі қызметі.
Жоғарыдағы берілгендерден жұмыста синтаксис мәселелері қарастырылатын сияқты көрінуі мүмкін. Әрине, интонацияны синтаксистен тыс зерттеудің мүмкін еместігі ақиқат. Бірақ зерттеудің мақсаты интонацияның тілдің дербес деңгейі ретіндегі синтагмалары өзара тығыз сематика-синтаксистік байланыста қолданылған фразаларды қарастыру. Осы мәселеге, сонымен бірге интонация компоненттерінің сөйлемдегі қызметтеріне біраз тқтала кету құрыс болады. Соңғы еңбектерде аталмыш құбылыс тілдің дербес деңгейі ретінде интонология саласында қарастырылып жүр. Құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты интонация сөйлемді құрмаластырудың бір тәсілі ретінде алынып жүр. Әрине, интонация синтаксиске тікелей қатысты құбылыс. Бірақ бұлай деп айтпас бұрын, сөйлемнің интонациясыз коммуникативтік қызмет атқара алмайтынын ескеру керек сияқты. Осы мәселе жайында К.Л.Цеплитис былай дейді: «При определении интонации ссылка на проедложение, и вообще на синтаксические явления возможна лишь в таких лингвистсческих системах, где последние толкуются без привлечения понятия интонации». Сөйлем ауызекі тілде (устная речь) тек интонация арқылы өңделіп, аяқталған ойды, сөйлеушінің хабарға қатысын білдіре алады.Демек, интонация – лингвистикалық зерттеуді қажет ететін, өзіндік мағынаға ие бірліктері бар, дербес деңгей ретінде қарастырылатын күрделі құбылыс.Интонацияның тілдік құбылыс екенін оның атқаратын қызметтері дәлелдей түседі. Бұл мәселені әр ғалым әр түрлі шешіп, оның түрлі қызметін көрсеткен. Жұмыста Л.Р.Зиндердің топшылауын ғана қарастыру дұрыс саналды. Ғалым интонацияның қызметтерін коммуникативтік және эмоционалдық деп аталатын екі үлкен аспектіде көрсетеді.
Интонацияның коммуникативтік қызметіне:
1) сөзді сөз бөліктеріне жіктеу,
2) сөйлемнің коммуникативтік түрлреін ажырату,
3) актуалды мүшелерге бөлу,
4) сөйлемнің аяқталғанын / аяқталмағанын көрсету жатады.
Сөйлеушінің айтылған ойға қатысын сөйлемнің мазмұнын өзгертпей-ақ интонация арқылы бере алатыны оның эмоциялық қызметіне негіз болады. Мысалы, Қыс келді деген сөйлемді интонацияның ғана көмегімен әр түрлі эмоцияда айтуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет