1•Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі мен субъектісі. Микроэкономикалық талдаудың әдіснамасы мен негізгі зерттеу әдістері Микроэкономика – адамдардың арасындағы экономикалық қарым – қатынастарды зерттейтін және олардың әрекет ету заңдылықтарын қарастыратын экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.Микроэкономика – бұл жекелеген экономикалық субъектілердің (әдетте, үй шаруашылықтары мен фирмалардың) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым.Микроэкономика – бұл шешімдер қабылдау ғылымы.
Микроэкономиканың зерттеу пәні болып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар, экономикалық таңдау жағдайында жекелеген экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешімдер қабылдауы табылады.
Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері және олардың жүзеге асырылуында туындайтын жалпы экономикалық проблемалары. Микроэкономиканың зерттеу субъектілері болып жекелеген индивидтер, үй шаруашылықтары, фирмалар, өндірістік ресурстардың иелері, елдің ішіндегі және сыртындағы басқа фирмалармен байланысқан ірі корпорациялар, сондай-ақ, экономиканың тұтас саласы да табылады.
2.Микроэкономиканың базалық түсініктері: қажеттіліктер, ресурстар, технологиялар, игіліктер. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні Қажеттіліктер дегеніміз – микроэкономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер, немесе басқаша сөзбен айтқанда, адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және де жеке бір индивидтің, фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар. Қоғамның кез келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағаттандырылуы тиіс.
экономикалық игіліктер дегеніміз – экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық және материалдық емес заттар мен қызметтер. Ресурстар дегеніміз – қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс экономикалық игіліктерді (тауарлар мен қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер.
Экономикалық таңдау дегеніміз – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. баламалы (альтернативті) шығындар дегеніміз – жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары
өндірістік мүмкіндіктер қисығы – ресурстарды толық пайдалану кезіндегі альтернативтік нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.
Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының баламалы мүмкіндіктері өте көп болады.
3.Сұраныс. Сұраныс заңы. Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Сұраныс және ұсыныстағы өзгерістер. Сұраныс және ұсыныстың өзара әсерлесуі Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды. Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.
Сұраныс және ұсыныстың ӛзара әрекеттестігі, оларды үйлестіру баға механизмі және бәсеке негізінде жүзеге асырылады. Бұл нарықтық тепе-теңдік және тепе-тең бағаның пайда болуына әкеледі.
4.Нарықтық тепе – теңдік. Тепе – теңдіктің орнау механизмі. Икемділік ұғымы. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің түрлері. нарықтық тепе-теңдік дегеніміз бүл берілген бага бойынша игіліктерге деген сүраныс көлемі оның сол игіл іктің үсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы
Вальрас бойынша тепе-теңдік - ол нарықтық тепе-теңдіктің калыптасу шарты сұраныс колемі мен ұсыныс колемі теңдігінің (Qd=Qs) орындалуы арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы роліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары қойылады.
Маршалл бойынша тепе-теңдік - ол нарықтың тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сүраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңдігі (PD=PS) тарапынан орындалатынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы роліне сұраныс пен ұсыныстың бағалық сипаттамалары қойылады.
Икемділік дегеніміз - бір айнымалы олшемнің озгеруіне байланысты екінші бір айнымалы олшемнің озгеріске үшырау реакциясының дэрежесі. сүраныс икемділігінің үш түрі болады:
Сұраныстың баға бойынша икемділігі-Тауар бағасы 1%-ға өзгергенде, затқа сұраныс қалай өзгеретнін көрсетеді.
Баға бойынша сұраныстың 5 түрі:
Икемді сүраныс - Ер°>1 (бүл сүраныс көлемінің багага қарағанда, тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).
Икемсіз сүраныс - Ер°<1 (бүл сүраныс колемініц багага Караганда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).
Абсолютті (өте) икемді сүраныс - баганың оте аз озгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сүраныс көлемінің шексіз озгеруін көрсететін жагдай, мұнда икемділіктің мэні шексіздікке үмтылады, Ер°=оо.
Абсолютті (оте) икемсіз сұраныс - баганың озгеруі сүраныс көлемін мүлдем озгерпейді , EpD=0.
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – Табыс 1%-ға өзгерген кезде сұраныс қплай өзгеретінін көрсетеді.
Eі>0 болса, тауарлар икемді,
Еі<0 болса, тауарлар сапасыз.
Сұраныстың қиылысқан икемділігі- бір тауардың бағасы 1%-ға өзгерген кезде екінші тауарға сұраныс қалай өзгергенің көрсетеді .
Еху=дельтаQy•Py/дельтаPy•Qx
Exy>0 болса, тауарлар субститут болады.
Еху<0 болса, сублемент
Еху=0 болса, бетарап болады.
Ұсыныс икемділігі- баға 1%-ға өзгерген кезде, ұсыныс көлемі неше пайызға өзгергенің көрсетеді. Басты фаторлары: уақыт-өндірске бейімделу, мамандану т.б Нарықтық тепе-теңдік салықтар- дотация мен тұрақты бағалар әсері Ұсыныстың баға бойынша икемділігі-тауар бағасының 1%-ға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша % өзгергенің көрсетеді. 5түрі:
Икемді ұсыныс – бағаның өзгеріне қарғанда ұсыныс көлемінің өзгеруіне көрсетеді.
Икемсіз ұсыныс- ұсыныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсетеді.
Бірлік икемді ұсыныс- ұсыныс көлемі бірдей %-ға өзгергенің көрсетеді.
Абсолютті икемді ұсыныс- бағаның мүлдем аз н/е мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсетеді.
Абсолютті икемсіз ұсыныс- ұсыныс көлемі аз н/е мүлдем өзгермейді.
5. Тұтынушы талғамы және пайдалылық. Пайдалылықтың концепциялары. Шекті пайдалылық теориясы. Талғамсыздық қисығы және оның картасы. Пайдалылық функциясы. Бюджет шектеулілігі және бюджет сызығы.