1Пациентте гипоплазияның дақты түрі анықталады. Дақтың типтік орналасуын атаныз



Дата17.06.2023
өлшемі54,27 Kb.
#178908
Байланысты:
Терапия (копия)


Терапия
1Пациентте гипоплазияның дақты түрі анықталады. Дақтың типтік орналасуын атаныз:
+1)тістің вестибулярлы беті
2)күрек тістермен ит тістердің таңдай беттері
3)молярлармен и премолярлардың төмпелері
4)тістердің түйіскен беттері
5)тістердің мойын аймағы

2. Жұтудың физиологиялық түріне тән тілдің орналасуы:


1)алдыңғы тістердің аралығында
+2)жоғарғы күрек тістердің іш жағында
3)жоғарғы ерінге тиіп тұрады
4)төменгі ерінге тиіп тұрады
5)еріндердің ішкі бетінен тілдің атылуы

3. Сыртқы себептердің әсерінен мүйізді қабаттың шектен тыс қалыңдауы және зат алмасу бұзылыстарының аталуы:


1)дискератоз
2)акантолиз
3)паракератоз
+4)гиперкератоз
5)эпителийдің атрофиясы

4. Қуыс ретінде ақаудың пайда болуы мен деструкциясы және деминерилизация көріністерімен тістің қатты тіндеріндегі патологиялық үрдісі:


1)пульпит
2)периодонтит
+3)тісжегі
4)флюороз
5)гипоплазия

6. Науқас С., 35жаста, клиникаға оң жақ бетінің ауырсынуына, ауырсынудың кенет басталуына, ұзаққа созылуына және біртіндеп басылуына шағымданып келді. Кейін ұстама бірнеше уақыттан кейін қайта басталады. Объективті: беті симметриялы, терісі қалыпты түсті, төменгі жақастылық лимфа түйіндері ұлғаймаған, теріге жанасуда бет нервісінің жүру жолымен кенет ауырсыну болады, ауыз қуысын қарауда патология анықталған жоқ. Қандай физиотерапиялық емдеу әдісін ұсынуға болады?


1)гидротерапия
2)термотерапия
3)инелі терапия
4)фототерапия
+5)тригггерлі аймақтарға электр тоғымен әсер ету

7. 7 жастағы баланы тексергенде тыныс алу қызметінің бұзылуы, «инфантильды» жұтыну типы анықталды. Жұтыну және тыныс алу қызметтерінің бұзылуы әсерінен:


1)тіс–жақ сүйек жүйесінің вертикальды жазықта өзгерістерге әкеледі
2)тіс–жақ сүйек жүйесінің сагитальды және горизонтальды жазықта өзгерістерге әкеледі
3)тіс–жақ сүйек жүйесінің сагитальды және вертикальды жазықта өзгерістерге әкеледі
4)тіс–жақ сүйек жүйесінің сагитальды, горизонтальды және диагональды жазықта өзгерістерге
+5)тіс–жақ сүйек жүйесінің сагитальды, вертикальды және горизонтальды жазықта өзгерістерге әкеледі

8. Гингивит ауруын бағалау үшін келесі индекс қолданылады:


1)Федорова - Володкина
+2)РМА
3)Грин- Вермилиона
4)Russel
5)CPITN
9. Ауыз қуысының шырышты қабаты зақымдалуының екіншілік элементтері:
+1)тыртық, ойық жара
2)күлдіреуік, папула
3)қабыршақ, бұдыр
4)киста, абсцесс
5)дақ, афта

10. Мышьяк пастасының антидоты:


1)йод препараттары, қалампыр майы
2)йодинол, Люголь ерітіндісі
3)унитиол, қалампыр майы
4)калий перманганаты, йодинол
+5)йод препараттары, унитиол

11. Пломбалаушы материал мен тістер тінінің арасында байланыс түзетін химиялық қосынды:


1)праймер
2)желіндіру гелі
+3)адгезив (бонд)
4)гибрид
5)адгезивті жүйе

12. Пульпаның мумификациясына арналған препарат:


1)параформальдегид
+2)резорцин - формалин қосындысы
3)цинк - эвгенол қосындысы
4)эндометазон
5)абсцесс -ремеди

13. Қатты айқын бұрыш белгісі бар тіс:


+1)жоғары жақтың орталық және бүйір күрек тістері
2)төменгі жақтың орталық және бүйір күрек тістері
3)жоғары жақ пен төменгі жақтың азу тістері алдындағы тістер
4)жоғары жақтың бүйір күрек тістері және сойдақтістері
5)төменгі жақтың бүйір күрек тістері және сойдақтістері

14. Сына тәрізді ақауда қатты тіндердің зақымдануына тән ошақ:


1)бұдыр және қара
2)бқдыр және ақшыл
+3)тегіс, тығыз, жылтыр
4)қара және жұмсақ
5)жұмсақ және ақшыл

15. Биологиялық емдеу әдісі қолданылатын пульпиттің түрі:


1)жедел диффузды
2)созылмалы фиброзды
3)созылмалы гангренозды
4)созылмалы гипертрофиялық
+5)жедел ошақты

16. Өздігінен басталатын түнгі ауырсынулармен сипатталатын ауру:


1)созылмалы пульпит
+2)жедел пульпит
3)терең тісжегі
4)ортаңғы тісжегі
5)созылмалы периодонтит

17. Қабынуға қарсы, антимикробты және одонтотропты әсерге ие емдік төсемелер:


+1)Dycal, Life, Calcipulpe
2)Сулы дентин, дентин паста
3)Charisma, Compolite
4)Endomethasone, Гуттасиллер
5)Ketac-Endo, Endion

18. Беткей тісжегі кезінде ауырсыну шақыратын тітіркендіргіштер:


1)механикалық
2)температуралық
3)температуралық және механикалық
+4)химиялық
5)механикалық және химиялық

19. Науқас Д., 45 жаста, стоматологиялық клиникаға профилактикалық қарауға келді. Қарау кезінде 21, 26 тістерінде ақшылттау түсті, аз көлемді дақтар анықталды. Үрдістің симметриялылығы анықталған жоқ. Сіздің болжамды диагнозыңыз:


1)сына тәрізді ақау
+2)дақ сатысындағы тісжегі
3)беткей тісжегі
4)флюороз
5)гипоплазия

20. Стоматологиялық клиникаға 5жастағы баласы мен анасы келді, тамақ қабылдаған кезде төменгі жақ тістерінің ауырсынуына шағымданады. Объективті: 73 тісте терең тісжегілік қуыс, некроздалған тінге толы, шіріген иісті, перкуссияда ауырсынады, түбір каналы сағасын зондтауда ауырсынады. Сіздің болжамды диагнозыңыз:


1)созылмалы грануляциялаушы периодонтит
2)созылмалы гипертрофиялық пульпит
3)созылмалы фиброзды периодонтит
+4)созылмалы гангренозды пульпит
5)созылмалы қарапайым пульпит

21. Стоматологиялық клиникаға 42 жастағы С.науқас алдын ала қаралуға келді. Объективті: 11, 12, 21, 22 тістері солғын сұр түсті. Сөйлесу барысында 2жыл бұрын құлап, соққы алғаны белгілі болды, одан кейін тістері қозғалмалы болған, дәрігерге бармаған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:


1)жедел пульпит
2)созылмалы пульпит
3)созылмалы периодонтиттің өршуі
+4)созылмалы периодонтит
5)жедел периодонтит

22 47 жастағы П. науқасқа герпестік стоматит диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген препараттың қайсысын науқасқа тағайындаған жөн?


+1)ацикловир
2)оксалин жақпамайы
3)интеферон
4)гепарин жақпамайы
5)линкомицин

23. Стоматологиялық клиникаға 16 жастағы науқас Д.тісжегілік қуыстың болуына шағымданып келді. Объективті: 45 тістің тісжегілік қуысы пигментацияланған дентинмен толы, табаны мен қабырғалары тығыз, зондтауда ауырсынбайды, термометрия теріс. Төменде көрсетілген қосымша әдістердің қайсысын осы науқасқа жүргізген жөн?


1)метилен көгімен бояу
+2)ЭОД
3)рентгендиагностика
4)полярография
5)перкуссия

24. Стоматологиялық клиникаға науқас келді, қарау кезінде 36 тістің жедел диффузды пульпит диагнозы қойылды. Түбір каналдары пломбалаған, тұрақты пломба салғаннан кейін тістің аймағында тұрақты ауырсыну пайда болды. Физиотерапияның қай түрін тағайындаған жөн?


1)индуктотермия
2)магнитотерапия
3)хромотерапия
4)инфрақызыл сәулелену
+5)флюктуоризация

25. Энддонтикалық ем жүргізілгеннен кейін науқастың ауызішілік рентгенограммасында медиальды түбір ұшы аймағында сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталды, ошақ диаметрі 4 мм. Дистальды және медиальды-тілдік түбір каналдары бойы физиологиялық апекске дейін обтурацияланған, медиальды-ұрттық каналдың ортаңғы үштігінде рентгенконтрастты бөгде дене анықталды. Физиотерапияның қай түрін тағайындаған жөн?


1)лазерлі терапия
2)УВЧ терапия
3)диатермокоагуляция
+4)депофорез
5)озонотерапия

26. Клиникаға науқас косметикалық ақауға және эмаль түсінің бұзылуына шағымданып келді. Объективті: төменгі және жоғарғы жақ тісінің эмалы ақшыл-қоңыр түсті дақтармен жабылған, дақтар тістің ұшында, төмпешіктер, сауыт экваторы аймағында орналасқан. Дақтардың беткейі тегіс, жылтыр, зонд сырғанайды. 2% метилен көгімен бояғанда дақтар боялмайды. Науқасқа болжамды диагноз қойыңыз:


1)гиперплазия
2)дақ сатысындағы тісжегі
3)жергілікті гипоплазия
4)жүйелі гипоплазия
+5)флюороз

27. Клиникаға науқас жедел, өздігінен басталатын, қысқа аралықты ауырсынуға шағымданып келді, ауырсыну түнде, горизонтальды қалыпта күшейеді, ауру сезімі құлағына, самайына таралады, ұзақ уақыт тітіркендіргіштердің барлық түрінен сақталады. Бұрын осындай ауырсыну болмаған. Берілген шағымдар қай аурудың клиникасына сәйкес келеді?


+1)жедел диффузды пульпит
2)созылмалы пульпиттің өршуі
3)жарақаттық пульпит
4)жедел ошақты пульпит
5)конкрементозды пульпит

28. Науқаста ауыз қуысымен байланысатын үлкен көлемді тісжегілік қуыс анықталды. Терең зондтауда ауырсынады. Температуралық тітіркендіргіштерге жауап: суық пен ыстықты кезектестіргенде ақырын күшеймелі сыздап ауырсыну. ЭОД – 80 мкА. Берілген сипаттама қай ауруға тән?


1)жедел диффузды пульпит
2)созылмалы фиброзды пульпиттің өршуі
+3)созылмалы гангренозды пульпит
4)созылмалы гипертрофиялық пульпит
5)созылмалы фиброзды пульпит

29 35 жастағы ер адам ауыз қуысын санациялау мақсатында келді. Қарауда: 36 тістің түсі өзгерген. 36 тістің шайнау беткейінде терең тісжегілік қуыс, тіс саңылауымен байланысады. Терең зондтауда ауырмайды. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюда тиімді?


1)пальпация
2)пульпаның электр қозғыштыңын анықтау
3)тіс перкуссиясы
4)температуралық тітіркендіргішке жауап
+5)рентгенологиялық зерттеу

30. Клиникаға науқас тіс сауыттарының көптеген ақауларына шағымданып келді. Объективті сойдақ тістердің және азу тістің алдындағы тістердің мойындық аймағында және вестибулярлы беткейінде дентин деңгейінде ұшбұрыш пішінді, тығыз және жылтыр қабырғалары бар, терең ақаулар анықталды. Осы науқасқа қандай ем жүргізу керек?


1)препарациялау, пломба салу
2)реминерализациялаушы ем курсы
3)фторлакпен бүркеу
+4)композитпен пломбалау
5)тісті депульпалау

31. Клиникаға қызылиектің қанағаыштығына шағымданған әйел келді. Объективті қызылиек жиегі мен қызылиек емізікшелері ісінген, өлшемі ұлғайған, тістердің сауытын 1/3 бөлікке жауып тұр, зондтауда қанайды. Тісқызылиектік бекіндінің бүтіндігі бұзылмаған. Науқасқа қандай дәріні қолданған жөн?


+1)гепарин жақпамайы
2)эритромицинді жақпамай
3)тетрациклинді жақпаймай
4)метилурацилді жақпамай
5)линкомицинді жақпамай

32.Клиникаға 37 жастағы науқас жоғары жақсүйектңғ орталық тістері аймағындағы қызылиектің өзгеруіне шағымданып келді. Қарау кезінде: 11, 12, 21 және 22 тістер аймағындағы қызылиек жиегі деформацияланған, 11 және 21 тістердің медиальды апроксимальды, 21 және 22 тістердің дистальды апроксимальды беткейлерінде тұрақты пломба бар, пломбалар клиникалық талаптарға сай емес. Қызылиек емезікшелері ақшыл-қызыл түсті, көлемі ұлғайған, тістер сауытын жауып жатыр, пальпацияда тығыз және ауырсынады. Осы науқасқа болжамды диагноз қойыңыз:


1)жедел катаральды гингивит
+2)гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі
3)созылмалы катаральды гингивиттің өршуі
4)қызылиек фиброматозы
5)гипертрофиялық гингивит, ісінулі түрі

33 Пародонт ауруларында дәрігер стоматолог қандай емдік- алдын алу шараларын жүргізіп отыру қажет?


+1)ауыз қуысының гигиеналық жағдайын бақылау, тіс қағын алу, қызылиек тінінің қабынулы ауруларын уақытында емдеу, тіс қатарының ақауларын табу және емдеу, тиімді ортопедиялық ем
2)каппалар дайындау, тіс қағын алу, қызылиек тінінің қабынулы ауруларын уақытында емдеу, тіс қатарының ақауларын табу және емдеу, тиімді ортопедиялық ем
3)ауыз қуысының гигиеналық жағдайын бақылау, тіс қағын алу, қызылиек тінінің қабынулы ауруларын уақытында емдеу, тіс қатарының ақауларын табу және емдеу, 37% карбамид тотығымен тістертді ағарту
4)ауыз қуысының гигиеналық жағдайын бақылау, тіс қағын алу, ас үлесінен дәрумендерді алып тастау, тіс қатарының ақауларын табу және емдеу, тиімді ортопедиялық ем
5)ауыз қуысының гигиеналық жағдайын бақылау, тіс қалдығын алу, қызылиек тінінің қабынулы ауруларын уақытында емдеу, шайнау бөлімдерінде бұдырларды препарациялау, тиімді ортопедиялық ем

34. Қан сарысуынан қандай тіс қалдығы пайда болады, қоңыр түсті және тығыз консистенциялы болады?


+1)қызылиекастылық қатты тіс шөгіндісі
2)қызылиекүстілік қатты тіс шқгіндісі
3)қызылиекүстілік жұмсақ тіс шөгіндісі
4)қызылиекастылық жұмсақ тіс шөгіндісі
5)апоксимальды тіс шөгіндісі

35. Ауыз қуысын өңдеу қандай науқастарға көрсетілген: күнделікті ұйықтар алдында ауыз қуысы 3% сутегі асқын тотығына малынған мақта шарымен өңделеді, кейін хлоргексидиннің 0, 003% ерітіндісімен сулау және сұйықтық бағыты тыныс жолдарына түсудің алдын алу мақсатында ұрт аймағына бағытталады?


+1)жатқан науқастарға
2)алмалы салмалы протезі бар науқастарға
3)металлды конструкциясы бар науқастарға
4)лейкоплакиямен ауыратын науқастарға
5)қызыл жалпақ теміреткімен ауыратын науқастарға

36. Ауыз қуысының гигиенасын үшін флосса-тіс жіптерінің қандай пішіндері болады?


1)жалпақ, үшкір, таспа тәрізді
2)таспа тәрізді, домалақ, трапеция тәрізді
+3)таспа тәрізді, жалпақ, домалақ
4)таспа тәрізді, трапеция тәрізді, үшкір
5)домалақ, трапеция тәрізді, үшкір

37. Түбірлі инені саңылау сағасына калий-йод препаратымен енгізгенде, кейін тоқ қосқанда және инені тұбір ұшына дейін жеткізгенде (белсенді электрод), ал пассивті электродты науқастың білегіне фиксациялағанда қандай әсерді күтеміз?


1)саңылау кальцификациясы
2)саңылаудың толуы
3)саңылау ирригациясы
4)саңылау обтурациясы
+5)саңылау залалсыздығы

38. Клиникаға 5 жастағы баласы мен анасы төменгі орталық күрек тістердің дұрыс орналаспауына шағымданып келді.Сыртқы қарауда: ауыз қуысында күрек тістердің жабылуы, бүйір тістердің Энгль бойынша ара қатынасы ІІІ класс. Осы жағдайда қандай емдеу әдісін қолданған жөн?


+1)бүйірлі және фронтальды тістерді таңдаулы егеу
2)Френкельдің ІІІ типті комбинирленген реттегіш құрылғысы
3)түнгі уақытта иектік сақпан (праща)
4)Бынинның функциональды каппа құрылғысы
5)Френкельдің ІІ типті комбинирленген реттегіш құрылғысы

39 Берілген суреттегі аспаптың атауы:


1)ұлпа жұлғыш
2)түбiр инесi
3)файлдар
4)дрильбор
+5)арнатолтырғыш

40 Науқас әр дайым бiр тiстiң қатты солқылдап ауыратынына, ауру құлаққа берiлетiнiне және тiстiң өсiп кеткендей сезiлетiнiне шағымданады. Тексерiп көргенде 16 тiсте терең тiс жегi қуысы бар. Қағып қарағанда қатты ауырады, Зондпен тексергенде ауырмайды, қоршап тұрған тiндер қызарған, өтпелi қатпар тегiстелген. Аумақтық лимфа түйiндерi үлкейген. Рентген суретiнде өзгерiс жоқ. Сiздiң нақтамаңыз:


1)жедел жайылған пульпит
+2)жедел ұштық периодонтит
3)жедел ошақты пульпит
4)созылмалы пульпиттiң асқынуы
5)тамыржайған периодонтит

41. Науқас тісінің термиялық және механикалық тітіркендіргіштерден ауыратынына шағымданады.Тексеру барысында кіреуке мен дентин қабаты қосыла зақымдалған тіс жегі қуысын көреміз, шұқып көргенде терең емес, ауырмайды. ЭОМ 2-6 мкА, рентгенографияда периодонт тіндерінде өзгеріс жоқ.Сіздің диагнозыныз:


1)бастапқы тіс жегі
2)беткей тіс жегі
+3)орта тіс жегі
4)терең тіс жегі
5)ұлпа қабынуы

42. Ауыз қуысының шырышты қабатында көрінетін екіншілік морфологиялық элементтер?


+1)тілік, ойық жара
2)розеола, папула
3)афта, везикула
4)іріңдік, тыртық
5)пигментация, күлбіреуік

43. Жедел ошақты пульпиттің клиникалық белгісі болып табылады?


+1)ұзақ ауырсыну аралықтармен ұстама тәрізді өздігінен пайда болатын ауырсыну
2)қысқа ауырсыну аралық аралықтармен ұстама тәрізді өздігінен пайда болатын ауырсыну
3)температуралық тітіркендіргіштерден болатын қысқа уақыттық ауырсыну
4)тіс-антагонистімен жанасқанда күшейетін ауырсыну
5)химиялық тітіркендіргіштерден болатын ұзаққа созылатын ауырсыну

44 Мүйізгектенетін жабынды эпителийдің патологиялық мүйізгектенуге ұшырауы нәтижесінде төменгі эпителий қабаттарында жекелеген мүйізгектенген жасушалардың немесе жарық жасушалардың орын алуымен сипатталатын патогистологиялық үрдіс қалай аталады?


+1)дискератоздану
2)паракератоздану
3)акантоздану
4)гиперкератоздану
5)папилломатоздану

45. Науқас 50 жаста. Қызылиектің қышуына, тіс мойындарының жалаңаштануына, термиялық тітіркендіргіштерден ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінде: осы белгілердің үдеуі 5-6 жыл ішінде байқайды. Қосымша патология: гипертониялық ауру. Объективті: қызылиек шырышты қабаты барлық аймақта бозғылт, анемиялық, қызылиектік қалталары жоқ, түбірдің 1/2 ұзындығына дейін қызылиек ретракциясы. 1.3, 1.4, 1.5, 2.3, 2.4, 2.5 тістерінің аймақтарында сына тәрізді ақаулар анықталады. Осы патологияның негізінде қандай үрдіс жатыр?


1)қабынулық
2)қабынулы-деструктивті
3)деструктивті
+4)дистрофиялық
5)ісіктік

46. Электрорентгенографияның қарапайым рентгенографиядан артықшылықтары болып табылады


+1)сәулелік жүктемені азайту
2)нәтижелерді алуды тездету
3)күміс пен химреактивтерді үнемдеу
4)позитивтегі бейнені алу
5)аталғандардың ешқайсысы

47 Самай-төменгі иек буындарының томографиясын зерттеудің мақсаты:


1)жақтардың өсу мүмкіндігін
+2)буын бастарының формасы мен өлшемін
3)буындардың қозғалу сипатын
4)буын саңылауларының өлшемін
5)буын дискісінің формасы мен өлшемін

48. Рентгенограммадағы сүйек тінінің жалын тәрізді ажырауы және периодонтальды саңылаудың кеңеюімен көрінетін ауру:


1)созылмалы фиброзды периодонтит
2)созылмалы гранулематозды периодонтит
3)созылмалы гранулярлы периодонтит, өршу сатысында
+4)созылмалы гранулярлы периодонтит
5)созылмалы гранулематозды периодонтит өршу сатысында

49. Панорамалды рентгенограммада альвеолярлы айдаршықтар биіктіктерінің бірегей емес қысқаруы, остеосклероз ошақтары анықталды. Рентгенограмма ақпараты бойынша сіздің болжамды диагнозыңыз:


+1)ремиссия сатысындағы пародонтит
2)созылмалы гипертрофиялық гингивит
3)жеңіл дәрежелі жайылмалы пародонтит
4)орташа дәрежелі жайылмалы периодонтит
5)ауыр дрежелі жайылмалы пародонтит

50 Науқастың шағымы:тістің тамақ шайнағанда, тістеген кезінде ауырсынуына шағымданады.Дәрігер обьективті тексеру барысында 15 тісінде терең тіс жегі қуысы, тістегенде шамалы ауырсыну бар, бетінің ісінгеніне шағымданады.Нақты нақтама қою үшін рентгенге жіберді, көрсетілген рентген суретіне қарап сіздің болжамды нақтаманыз:


1)созылмалы фиброзды пульпит
+2)созылмалы гранулденген периодонтит
3)созылмалы гипертрофиялық периодонтит
4)созылмалы гангренозды пульпит
5)созылмалы периодонтитің асқынуы
51 Блэк бойынша тісжегілік қуыстың І классы:
1)сауыт ұшы мен кескіш бұрышының қирауысыз күрек тістер мен содақтістердің жанаспалы беткейіндегі тісжегілік қуыс
2)азу тістер мен азу тіс алдындағы тістердің жанаспалы беткейіндегі тісжегілік қуыс
+3)кіші азу тістер мен үлкен азу тістердің шайнау беткейіндегі табиғи ойыстар мен фиссуралар аймағындағы тісжегілік қуыс
4)сауыт ұшы мен кескіш бұрышының қирауымен күрек тістер мен содақтістердің жанаспалы беткейіндегі тісжегілік қуыс
5)тісжегілік қуыс мойындық бөлікте орналасқан
52. Гипертрофиялық пульпитті емдегенде қолданады:
1)электрофорезды
+2)диатермокоагуляцияны
3)флюктуоризацияны
4)микроволны
5)дарсонвализацияны

53. Диатемокоагуляциядан кейінгі асқынуларды емдегенде дәрігердің тактикасы:


1)шұғыл түрде тісті жұлу, дарсанвализация жасау
2)регенерацияны жақсартатың дәрілерді қолдану
3)тісті бекіту, регенерацияны жақсартатың дәрілерді қолдану
+4)протеолитикалық ферменттер, регенерацияны жақсартатың дәрі- дәрмектер
5)дарсонвализация, протеолитикалық ферменттер

54 Тіс пульпасын некротизациялау үшін қолданатын физиотерапиялық әдіс:


1)электроодонтодиагностика
+2)диатермокоагуляция
3)гальванизация
4)лазеотерапия
5)флюктуоризация

55. Стоматологиялық клиникаға 25 жастағы науқас келді, қарау кезінде созылмалы гранулематозды периодонтит диагнозы қойылды, рентгенограммада резорбция ошағы 5 мм. Осы науқасқа қандай физитерапия әдісін тағайындаған жөн?


+1)электрофорездің 5-6 емшарасы
2)УФ сәуле
3)дарсонвализация
4)лазеротерапия
5)флюктороризация

56. Гальванизация деген не?


1)орталық жүйке жүйесіне ырғақты импульстармен әсер ету
2)бұлшықет тінін тексеру әдісі
+3)төмен кернеулі тұрақты тоқпен емдеу
4)пульпаның жүйке рецепторларының жауабын анықтау
5)жүйке тінін зерттеу әдісі

57.. Тіс сауытының 2/3 бөлігі бұзылған, зондпен тексеру, термометрия, перкуссия ауырмайды, шырышты қабаты ақшыл-қызғылт.Рентгенограммада тіс түбірінің аймағында периодонтальды саңылаудың кеңею байқалады. Қандай ауру туралы айтылған?


1)жедел периодонтит
2)созылмалы фиброзды пульпит
3)созылмалы грануляциялық периодонтит
+4)созылмалы фиброзды периодонтит
5)созылмалы периодонтиттің асқынуы
58. Дәрігер-стоматолог пульпитті девитальды экстирпация әдісімен емдеу жүргізді. Сізге қысқа әсерлі девитализациялық паста дайындау қажет:
1)резорцин-формалин пастасын
2)эндометазон пастасын
3)дентин-пастаны
+4)мышьяк пастасын
5)крезодент-пастасын
59. Біртүбірлі тістің өзек жолдарын пломбылау үшін не қолданады?
1)сүйық композит
+2)гуттаперчті штифт
3)резорцин-формалин пастасын
4)силикат цементі
5)форфенан
60 Аталған материалдардың ішінде қайсының жылу өткізгіштікке ең жоғары
1)пластмассалар
2)керамикалық материалдар
+3)металл қорытпадары
4)акрил полимерлер
5)ғаныш

61. Пациентке терең кариес деген диагноз қойылды. Бірінші келуінде кариес қуысын жабу үшін дәрігерге қандай материал бересіз?


1)аралық прокладка
2)емдік прокладка
+3)уақытша пломба
4)тұрақты пломба
5)түбірге арналған материалдар
62.. Латеральді конденсция кезінде тіс түбірі өзегін пломбылауда келесі эндодонтикалық аспаппен қолданылады:
1)риммер
2)лентуло
3)Н – файл
+4)спредер
5)протейпер

63. Өздігінен басталатын ұстамалы, түнгі ауырсыну және температуралық пен механикалық қоздырғыштардан күшейетін қысқа мерзімді ауырсынусыз кезең келесі пульпитқа сәйкес:


1)жедел ошақты
+2)жедел диффузды
3)созылмалы фиброзыды
4)созылмалы гангреозды
5)созылмалы гипертрофиялық

64. Созылмалы периодонтитпен жедел периодонтитте дифференциалды диагностикада шешуші болып табылады:


1)перкуссия
2)сүңгілеу
3)термометрия
4)элекротодонтометрия
+5)рентгенография

65. Созылмалы фиброзды периодонтитпен орташа тісжегіде дифференциалды диагностикада шешуші болып табылады:


1)тісжегі қуысының пайда болуы
2)перкуссия
3)жылан көздің пайда болуы
4)пальпациялау
+5)сүңгілеу

66.Терең тісжегі ошағының көрінісі:


1)тіс қуысымен байланысатын тісжегінің терең қуысы
2)кіреукемен дентин аралығында жұмсақ қабарғалары және түбі бар қуыс
+3)терең тіс жегі қуысында жұмсақ қабырғалары және түбі бар қуыс
4)кіреуке аралығында тығыз қабырғалары және түбі бар қуыс
5)кіреуке және цемент байланысында тегіс қабырғалардағы ақауы

67.22 - жастағы науқас адам тістерді тазалаған кезде қызыл иектен қан кетуіне және ауыздан жағымсыз иіс шығыуна шағымданады. Объективті: төменгі жақ сүйектін фронтальды тістерде орнатылған пломбаларының төніп тұрған шеттері аумағындағы тіс аралығының емізікшелер гиперемияланған және ісінген. ГИ = 4 РМА = 1. Рентгенологиялық тексерісте жақ сүйектін альвеолярлы өсіңділерінін сүйек тіңдерінде патологиялық өзгерістер байқалмайды. Сіздің алғашқы диагнозы:


+1)созылмалы шектелген катаральды гингивит
2)созылмалы диффузды катаральды гингивит
3)созылмалы гипертрофиялық гингивит домбығуы түрі
4)созылмалы гипертрофиялық гингивит фиброзды түрі
5)созылмалы таралған катаральды гингивит

68. 32 жастағы науқас тамақ жеген кезде және температуралық қоздырғыштардан ауырсынуға шағымданады. Обьективті: 17-ші тістің шайнау бетінде терең тісжегі анықталады, тіс жегі қуысының түбін сүңгілеп тексергенде ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. Диагнозды қою үшін қосымша тексеру әдісін таңдаңыз:


+1)электроодонтометрия
2)салыстырмалы перкуссия
3)ауыз қуысын қарап тексеру
4)көгілдір ерітіндісімен бояу
5)пальпациялау

69. 30 жастағы науқас тістің ақауына шағымданды. Бұрын тіс емделмеген.Тексергенде 26-шы тістің шайнау бетінде тісжегі анықталған, кіреуке- дентин аралығын сүңгілеп тексерген кезде ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз, суық суға реакциясы жоқ. Әсерлі емдеу әдісі:


1)емдеуші төсем, ажыратқыш төсем, тұрақты пломба
+2)ажыратқыш төсем, тұрақты пломба
3)емдеуші төсем, сулы дентин
4)емдеуші төсем, тұрақты пломба
5)емдеуші төсем, ажыратқыш төсем, уақытша пломба

70. 12-ші тістің мойын аумағында вестибулярлы жағынан ақ дақ байқалады. Тіс ұлпасының электроқоздырғышы 2мк Дақ 2% көгілдір ерітіндісімен бояланады. Әсерлі емдеуі:


1)дақты тегістеу, фторлакпен жағу
2)дақты тегістеу және реминералды терапия
3)тісті егеп, композиттік материалмен пломбылау
+4)реминиралды терапияны откізу
5)металлды керамикалық сауытын жасау

71. 25 жасында науқасқа 46-шы тіске созылмалы фиброзды пульпит диагнозы қойылған. V классты тісжегі. Электроқоздырғышы 35мк Рационалдық емдеу эдісі:


1)девитальды ампутация әдісі
2)аралас әдісі
+3)виталды экстрипация әдісі
4)виталды ампутация әдісі
5)биологиялық әдісі

72. Шағымдары: тісті тазалаған кезде қызыл иектің канауы, қызыл иектің ауыруы, жағымсыз иісі бар. Обьективті: қызыл иек және емізікше гиперемияланған, ісінген, аспап тиген кезде аздап қанайды. Кей бөлек тұрған тістерде пародонтты қалталар тереңдігі 3 мм-ге дейін іріңделген. Тістерде аздаған тастар байқалады. Алғашқы диагнозды тандаңыз:


1)ісінген гипертрофиялық гингивит
2)асқынған созылмалы пародонтиттің орташа дәрежесі
3)асқынған созылмалы катаральды гингивит
4)созылмалы шектелмеген пародотиттің орташа дәрежесі
+5)асқынған созылмалы шектелмеген пародонтиттің жеңіл дәрежесі

73.. Науқас 45-ші тістің бұзылуына шағымданады. Обьективті: 45-ші тістің шайнау бетінде терең тісжегі, тіс қуысымен байланысады, сүңгілеу кезінде ауырмайды, перкуссия ауырсынусыз. Электроодонтометрия 120мк Рентгенография: 45-ші тіс түбірінің ұшы маныңда диаметрі 0, 5 см анық шектелген сүйек тіннің деструкциясы көрсетілген. Алғашқы диагнозды қойыңыз:


1)созылмалы фиброзды периодонтит
2)созылмалы гранулденген периодонтит
3)асқынған созылмалы гранулематозды периодонтит
4)асқынған созылмалы гранулденген периодонтит
+5)созылмалы гранулематозды периодонтит

74. Жамылғы дентиннің аймағында кариес қуысының болуы қандай ауруға сәйкес келеді. Эмаль-дентин біріккен жерде зондпен тексергенде ауырады.:


+1)орташа кариес
2)беткейлі кариес
3)тез прогрессивті терең кариес
4)баяу прогрессивті терең кариес
5)сына тәрізді ақау

75.Дақ сатысындағы кариестің реминерализациялық терапиясына арналған препараттар:


1)глюконат кальция, ЭДТА
2)глюконат кальция, иодинол
+3)ремодент, 1-2% натрий фторид ерітіндісі
4)1-2% натрий фторид ерітіндісі, 2% метилен көк ерітіндісі
5)фторқұрамды паста, калия йодид ерітіндісі

76.. Алғашқы кариестің реминерализациялық терапиясының тиімділік критериясы қандай:


+1)дақтың жойылуы немесе азайуы
2)эмальда ақау пайда болады
3)дақтың көлемі ұлғаяды
4)кариес қуысының пайда болуы
5)эмальдың боялу қарқындылығы 1%

77. Қандай ауруда дақты, толқынды, сала түрлерін ажыратады:


1)Флюороз
2)Эрозия
3)Гиперплазия
+4)Гипоплазия
5)сына тәрізді ақау

78. Объктінің көрінісін рентген пленкасында сәулендіру шоғырының тікелей әсер ету арқылы алудың рентгенологиялық зерттеу әдісі қалай аталады?


+1)рентгеноскопия
2)рентгенография
3)зонография
4)радиовизиография
5)сиалография

79.. Тірі тің электр тоғын жүргізе алады:


1)тіңде сұйық болғанда
+2)тіңде иондар болғанда
3)теріс зарядтар болғанда
4)оң зарядтар болғанда
5)жасушада биопотенциал болғанда

80.100 мкА дейін токқа реакциясы болмағанда келесі ауру бар деуге болады:


1)орташа тіс жегі
2)жедел пульпит
+3)созылмалы периодонтит
4)гангренозды пульпит
5)терен тіс жегі
81.Профилақтикалық тексеру кезінде 6 жастағы 100 балада тісжегіден зардап шеккен 350 тіс анықталды. Осы деректерді қолдана отырып, аурудың қандай көрсеткіштерін анықтауға болады?
А) аурудың таралуы;
+В) кариестің қарқындылығы;
С) процестің белсенділігі;
D)ayруды ң өсуі;
Е) ағынның сипаты.

82..Тістің тісжегімен зақымдану қарқындылығының индексін анықтаңыз:


А)ги
В) пи
+С) КПУ
D) РМА
Е)CPITN
83..Стоматологиялық клиникаға 18 жастағы қыз 11,12 тіс аймағында жағымсыз сезімдеріне шағымданды. Объективті тексеру кезінде: вестибулярлық бетінде 11,12 тісте кішкентай мөлшердегі айқын тегіс емес контурлы және бор тәрізді дақтар бар. Зондтау кезінде дақтың беті тығыз, ауырсынусыз. Тісжегінің тіс зақымдануын анықтайтын индекс қалай аталады?
А) РМА
В) ГИ (Федоров-Володкин бойынша)
+С) КПУ
D) CPITN
Е)РНР

84..45 жастағы әйел тіс дәрігеріне көптеген тісжегілерге шағымданып ,кеңес алуға жүгінді. Объективті: патологиялық өзгерістер жоқ, шырышты қабаты бозғылт-қызғылт түсті.14,16,25,32,33 тістер емделген. Науқасқа антикариозды әсері бар қандай паста туралы кеңес беруге болады?


А) қүрамында пирофосфат бар
В) дәрілік өсімдіктердің сығындысымен
С) қүрамында хлоргексидин бар
+D) қүрамына кальций қосылыстары бар
Е) қүрамына натрий лаурилсульфаты бар

85..Профилактикалық тексеру кезінде 6 жастағы 100 бірінші сынып оқушыларының ішінде 40 балада тісжегі анықталды.Осы жас тобындағы кариестің таралуы қандай?


А) 60%;
В) 50%;
+С) 40%;
D) 30%;
Е) 20%.

86. 46 жастағы науқасқа патологиялық мүжілгенін есепке ала отырып, терапиялық көмек көрсетуден материал таңдап беріңіз:


А) алтын
+B) композит
C) фарфор
D) металл
E) акрил пластмасса
87.Емханаға алдын-ала қаралу мақсатында 20 жастағы науқас келді. Ауыз қуысын қараған кезде 3.3 тістің мойын аймағында жылтырлығын жоғалтқан ақ бор тәрізді дақ анықталды. Зондтау кезінде зонд оңай жылжиды, ауырсыну жоқ. Кариесмаркерді жаққан кезде дақ көкшіл түске боялды. Диагноз қойып, аталған тістің рациональды емдеу әдісін анықтаңыз.
А) орта тісжегі, дақты тегістеу
+В) беткей тісжегі, реминералдаушы терапия
С) гипоплазия, тіске металдыкерамикалық сауыт дайындау
D) сына тәрізді ақау, тісті пломбалау
Е) флюороз, гелий-неонды лазерлі терапия

88.Ауыз қуысында тұрақты кездесетін бактериялардың ең үлкен тобын құрайды:


А) фузобактериялар
В) актином ицеттер
С) пептококктар
+D) стрептококктар
Е) саңырауқулақтар

89.Емханаға 25 жастағы науқас тағам қабылдау кезіндегі 1.7 тістің қанағыштығына шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 1.7 тістің шайнау бетінде өсіп кеткен тіc гетолы тісжегі қуысы анықталды, зондтағанда ауырсынады және қанайды. Перкуссия ауырсынусыз. Диагноз қою үшін диагностика әдісін анықтаңыз:


А) Пальпация
+В) Рентгенография
С) Витальды бояу
D) Трансиллюминация
Е) перкуссия
90..Қай ауруда бірінші қабылдауда тісжегі қуысын егеп-тазалап, медикаментозды өңдеп, кептіргеннен кейін-емдік төсем және уақытша пломба қою ұсынылып, 5-7 күннен кейін емдік және аралық төсем салып, уақытша пломбаны тұрақты пломбаға ауыстыру жасалынады:
А) сына тәрізді ақау
В орта тісжегі
+С) жедел дамитын терең тісжегі
D) созылмалы фиброзды периодонтит
Е)баяу дамитын терең тісжегі

91..Науқас 18 жаста, жарақаттан кейін бірден пайда болған жоғары оң жақ тісінің ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінде: тіс жарақатын 1 сағат бурын алған. Қосымша аурулары жоқ. Аллергоанамнезі қалыпты. Қарау барысында: 1.1 тістің сауыты 1/2 ұзындықта сынған, тіс қуысы кең ашылған, зондтағанда ұлпа қанайды, қатты ауырады. ЭОД-ЗО мкА. Ең тиімді емдеу әдісін таңдаңыз:


А) биологиялық
+В) витальды экстирпация
С) комбинирленген
D) витальды ампутация
Е) девитальды экстирпация

92..Егеп тазалау сатысында шайнау топ тістерінің тісжегі қуысын қай бор көмегімен ашады?


А) цилиндрлік бор
В) конустәрізді бор
С) зәйтүнтәрізді бор
D) кері конустәрізді бор
+Е) шартәрізді бор

93..Клиникаға 20 жастағы науқас тәтті тағам қабылдағанда ауырсыну шағымымен келді. Науқастың айтуы бойынша ауырсыну 2 жыл мерзімінде мазалайды. Дәрігер 4.5,4.4,4.3 тістердің беткей тісжегісі диагнозын қойды. Обьективті: тісжегі қуыстар күрек тістердің, ит тістердің, кіші және үлкен азу тістердің фиссуралар және табиғи ойықтарында орналасады. Тістердің тісжегі қуысының Блэк бойынша классын анықтаңыз:


+А) I класс
В) II класс
С)III класс
D) V класс

94..29 жастағы науқастың ауыз қуысын тексеру барысында 1.4 тістің мойын аймағында тісжегі қуысы анықталды, қуыс түбі дентин деңгейінде орналасқан. Tiс түсі өзгермеген. Қуыс түбін зондтау-ауырсынусыз, қабырғалары бойымен ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. Э0Д=4 мкА. Клиникалық диагноз қойып, емдеу әдісін анықтаңыз:


А) беткей тісжегі, реминералдаушы терапия
+В) орта тісжегі, тісті пломбалау
С) терең тісжегі, фторлак жағу
D) сына тәрізді ақау, тісті пломбалау
Е) ошақты гипоплазия, реминералдаушы терапия

95..Блэк классын анықтаңыз: 4.6 тістің жанасу бетінде орналасқан тісжегі қуысы


А) 1 класс
+ В) 2 класс
С)3 класс
D) 4 класс
Е)5 класс

96..Қабылдауға 35 жастағы науқас суық, ыстықтан ұстама тәрізді тіс ауруы шағымымен жүгінді. Ауырсыну бір күн бұрын пайда болды. Ауыз қуысын қарау кезінде 3.6 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспайтын терең кариозды қуыс анықталды. Зондтау бүкіл түбімен ауырады. Температура тітіркендіргіштеріне реакция қарқынды тараушы ауырсынумен көрінеді. Перкуссия аздап ауырады. Алдын ала диагноз қойыңыз:


+А) жедел ошақты пульпит
В) жедел диффузды пульпит
С) созылмалы фиброзды пульпит
D) созылмалы гангренозды пульпит
Е созылмалы гангренозды периодонтит

97.Беткей тісжегіде электроодонтометрия көрсеткіштерін анықтаңыз:


А) 10-12 мкА
В) 20-30 мкА
С) 40-50 мкА
+D) 2-6 мкА
Е) 100 мкА-дан жоғары

98..1.6 тістің неше түбірі бар?


+А) 3
В)2
С)1
D) 4
Е)5

99..19 жастағы науқас хоккейдегі жарақаттан кейін пайда болған жоғарғы жақтың сол жақ тістеріндегі ауырсынуға шағымданды. Анамнезден: жарақат 1,5 сағат бұрын ойында болған. Тексеру кезінде: 2.1 тістің тәжі 2/1 ұзындыққа бөлінген, тіс қуысы ашылған, пульпадан қан кетеді. Зондтау ауырсынады. ЭОД -40 мкА. Емдеудің ең қолайлы әдісін көрсетіңіз:


А) биологиялық әдіс
+В) витальді экстирпация әдісі
С) витальді ампутация әдісі
D) девитальды экстирпация әдісі
Е) девитальды ампутация әдісі

100.Емханаға 32 жастағы науқас Т. Тәттіден және қышқылдан болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданып келді. Ауыз қуысын қараған кезде: 1.7 тістің шайнау бетінде эмаль деңгейіндегі тісжегі қуысы анықталды. Қуыс түбін зондтау ауырсынусыз. ЭОД= 2мкА. Клиникалық диагноз қойып, емдеу әдісін таңдаңыз.


А) орта тісжегі, эмальды тегістеу
В) терең тісжегі, фторлак жағу
С) Флюороз, дақты түрі, реминералдаушы терапия
+D) беткей тісжегі, реминерализующая терапия
101.Клиникаға 19жастағы И. науқас тістер түсінің өзгеруі шағымымен келді, тістердің түсі жарып шыққаннан бері өзгерген. Обьективті: беті симметриялы, ауызашылуы еркін. 1.1,1.2,2.1,2.2, тістердің вестибулярлы беткейі тегіс, жылтыр емес, әртүрлі формалы ақшыл түсті дақтар бар. Дақтар бояғыштармен боялмайды. Алғашқы диагнозды қойыңыз:
А) жүйелі гипоплазия
В) беткей тісжегі
В) эмаль эрозиясы
С)аплазия
+ЕД)Флюороз
111..Клиникаға 27 жастағы С. науқас салқын тағам қабылдағанда ауырсыну шағымымен келді. Науқастың айтуы бойынша ауырсынулар 1 жыл мерзімінде мазалайды. Дәрігер 1.6 тістің орта тісжегі диагнозын қойды.Обьективті: тісжегі қуысы кіші және үлкен азу тістер жанасу беттерінде орналасады. Тістердің тісжегі қуысының Блэк бойынша классын анықтаңыз:
А) I класс
+В) II класс
С) III класс
D) V класс
Е)IVкласс
112.Тісжегі қуысын егеп тазалаудың соңғы сатысы:
А) тісжегі қуысын ашу
В) тісжегі қуысын кеңейту
С) некроэктомия
D) тісжегі қуысын қалыптастыру
+Е) тісжегі қуысы жиектерін тегістеу

113.24 жастағы науқас қабылдауға жүгінді, күлімсіреу кезінде эстетикалық ақау байқалады. Ауыз қуысын қарау кезінде 2.3,2.4,2.5,1.3,1.4,15 тістерінде үшбұрыш түрінде ақаулар анықталды. Зондтау ауырсынусыз, температура тітіркенгіштерінен ауырсыну байқалмайды. Қандай аурумен дифференциалды диагноз жүргізу керек?


+А) тіс эрозиясы
В) мойын маңы некрозы
С) қышқыл некроз
D) орта тісжегі
Е)терең тіс жегі

114..Майысқан арналарды өңдеуде қандай эндодонтикалық құрал қолданылады?


+А) «К-flexofile»
В)«Н-файл»
С) «S-файл»
D) «Термадил»
Е) «К» файл
ошақты гипоплазия, 10% кальций хлорид ерітіндісімен электрофореЗ
115.. Күрек тістер мен иттістер болмаған кездегі науқастардың шағымы: А)сөйлеудің бұзылысы, ұрттың салбырау, тамақ шайнауының бүзылуы
B) эстетикалық ақау, тамақ қабылдаудың бұзылысы, ауыз бұрышында ауыздықтың пайда болуы
C)самай-төменгі жақ буыны аймағында ауырсыну
D) тамақты тістей алмау
+E) эстетикалық ақау, сөйлеудің бұзылысы, тамақты тістей алмауы

116..Рентгенограммада сүйек тінінің жалын тәрізді ажырауы және периодонтальды саңылаудың кеңеюімен көрінетін ауру:


A)созылмалы фиброзды периодонтит
B) созылмалы гранулематозды периодонтит
C) созылмалы гранулярлы периодонтит, ершу сатысында
+D) созылмалы гранулярлы периодонтит
E) созылмалы гранулематозды периодонтит ершу сатысында

117..Қиын өткізілетін арналарда қабынған пульпаны некротизациялау үшін физиотерапияның қандай әдісі қолданылады?


+A) Депофорез
B) Электрмен ем
C) Жылумен ем
D) Криотерапия
E) Йод электрофорезы

118..3 апта бүрын 35 жастағы науқасқа төменгі жақтың 45 тістен жедел одонтогенді периоститі диагнозы қойылды: 45 тіс жұлынды, периостотомия жасалды. Науқасқа физиотерапияның қандай әдісі тағайындалады?


A) микротолқынды терапия
B) дарсонвализация
C)флюктуоризация
D) диатермокоагуляция
+E) электрофорез

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет