17. Аудиттің фирмашілік стандарттары. Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудың жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымыен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, методолгия мәселелерін, сондай-ақ, аудиторлар қолдануға тиісті базалық принциптерді айқындайды. Алайда, ол стандарттар тексеру жүргізу процессінде қолданылаын нақты іс-әрекеттерді, тәсілдерді,процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмайды. Ондай мақсаттағы қызметті аудиттің фирмашілік стандарттары атқрады. Жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін аудиторлар мен аудиторлық фирмалар халықаралық аудит стандарттарының негізінде, аудиторлық фирма жұмысының спецификасы есерленетін және тексеру ж.ргізудың нақты процедураларының, аудиторлық дәлелдеулер жинаудың, оларды құжаттаудың, клиентпен өзара қарым-қатынас саясатының, ішкі бақылаудың және фирманың ішкі қорынтынды есебінің мазмұны ашылып көрсетілетін өздерінің ішкі стандарттарын жасауға тиісті. Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлақ фирманың жетекшісі бекітеді. Фирмашілік аудиторлық стандартты үш блокқа біріктіруге болады:-Аудиторлық фирмалардың құрылымы және оның қызметін ұйымдастыру технологиясы ;-Заңдар мен стандарттардың талаптарына жүзеге асыру бойынша құжаттар;-Тексеру жүргізу әдістемесі.