19. Аудиторлық дәлелдер және олардың түрлері. Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті аудиторлық дәлелдер жинайды.Олар: -түгендеу кезінде қатысу немесе бақылау -шаруашылық немесе бухгалтерлік есеп операцияларын орындау, бақылау -ауызша сұрақ жауап алу -үшінші тұлғадан алынған құжаттарды тексеру -клиент ұйым дайындаған құжаттарды тексеру -арифметикалық есептеулерді тексеру –талдау. Аудиторлық процедуралар екіге бөлінеді: бақылау тесті, мәндік процедуралар. Бақылау тесті ұйымның жарамдылығы ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйесінің қызмет етуінің тиімділігі туралы аудиторлық дәлел алу мақсатында алынатын тесттер. Мәндік процедуралар қаржылық есеп берудегі қателіктер мен заң бұзушылықтарды анықтау үшін алынатын тестер.