21. Аудиторлық дәлелдерге қойылатын талаптар. Аудиторлық дәлелдемелер дегеніміз – аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процесінде пайдалануға алатын ақпараттары. Аудиторлық дәлелдемелерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған және басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы құжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады. Аудитор еш уақытта өз пікірінің түгелімен дұрыстығына толық сенімді бола алмайды. Сонымен бірге ол өзінің пікірі белгілі бір дәрежеде әділетті екендігіне сенімді болуға тиісті. Барлық дәлелдемелерді салыстыра отырып, аудитор қорытынды жасау үшін олардың жеткілікті түрде нанымды екендігін шеше алады. Ондай шешімді аудитор өзі алған дәлелдемелер төмендегі талаптарға сай екендігіне сенімді болса ғана қабылдай алады:• дұрыстық;• жеткіліктілік;• өз уақытында алынуы. Дұрыстық дегеніміз – бұл аудитор алған дәлелдемелердің шын екендігінің және сенімге лайық болатындығының айғағы Жеткіліктілік аудиторлық дәлелдемелердің сандық өлшемі болып табылады. Қорытынды жасау үшін аудитор кәсіпорындағы бар барлық ақпараттарды жай ғана тексеріп қоймайды, дәлелдемелердің қажетті санын алу үшін ол іріктеу мөлшерін анықтайды. Себебі шаруашылық операцияларына қатысты қорытынды пікірлер ішінара (іріктеп) тексеру процедураларының көмегімен құралуы мүмкін. Аудиторлық дәлелдемелердің өз уақытында алынуын екі жақты қарастыруға болады: дәлелдемелерді жинау кезеңдері бойынша және тексеру кезеңдері бойынша.