1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Кассалық операциялар аудиті және ықтимал бұзушылықтар



бет26/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

26. Кассалық операциялар аудиті және ықтимал бұзушылықтар.
Шаруашылық субьектісінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.Касса және кассалық операциялар аудиті негізінен 3 бағытта жүргізіледі: 1. Қолда бар нақты ақшалай қаржыларының түгендеуі; 2. Кассаға түскен ақшалай қаржыларының толықтай және уақытында кірістелуін тексеру; 3. Шығынға ақшаларды қажетсіздігінің дұрыстығын тексеру. Кассаны түгендеуі аудиторлың тексеру орнына келгенде басталады. Тексеруді жүргізбес бұрын аудитор келесілерді анықтап алады: -кассадағы ақша қаражаттарының нақты қолда барына тексеруді жүйелі түрде жүргізіп отыру үшін үнемі әрекет ететін комиссия тағайындалғаны туралы жетекшінің бұйрығының болуын; -кенеттен болатын тексерудің актілерінің болуын; -осы кәсіпорында неше кассирдің бар екендігін; -кассирді тағайындау туралы бұйрықтың және жеке материалдық жауапкершілігі туралы келісімнің юолуын анықтап алады. Кассаны тексеруді жүзеге асыра отырып аудитор келесідей шарттарды сақтау керек: -кассаны тексеруді кәсіпорын жетекшісімен тағайындалған үнемі әрекет ететін комиссияның мүшесінің қатысуымен жүргізеді, оның құрамында міндетті түрде бас бухгалтер мен кассир болуы керек; -кассаның тексеруі кезінде бөтен адамның кіруіне рұқсат етілмейді; -кассаны тексеруде барлық кассалық операциялар уақытша тоқтатылады. Кассадағы ақшалай қаржыларының іс жүзінде қолда барын тексеру нәтижелері түгендеу актісімен қорытындылынады, оған барлық комиссия мүшелері қол қояды. Ол 3 данада толтырылады, біреуі бухгалтерде, екіншісі кассирде, үшіншісі аудиторға. Жетіспеушілік анықталған жағдайда аудитор кассирдің жетіспеушілігінің пайда болу себептеріне жазбаша түрде түсініктеме беруін сұрайды. Тексеруде «Кіріс кассалық ордер», «Шығыс кассалық ордер», «Кіріс және Шығыс кассалық құжаттарды тіркеу журналы», «Кассалық кітап», есеп регистрлері, Бас кітап және т.б. Ақшаның кем шығуы бөгде адамдардың кассаны бұзу арқылы ақшаны ысырап қылу мен ұрлауы салдарынан ғана болмауы мүмкін, ол басқа заңсыз операцияларды уақытша заңсыз қарызға ала тұрумен де байланысты болуы ықтимал.Мұндай бұрмалаулар мен қызметті теріс пайдаланулар кассирді дұрыс таңдамау, кассаны жүйелі түрде тексермеу және ішкі бақылаудың нашарлығының салдары болып табылады. Есепшоттан алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары өте жиі кездеседі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет