1.ҚР экономмикалық бақылауды ұйымдастыру


Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының аудиті және ықтимал бұзушылықтар



бет35/70
Дата07.02.2022
өлшемі108,21 Kb.
#87571
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
Байланысты:
аудит экз ответы готовый

35.Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының аудиті және ықтимал бұзушылықтар.
Банк шоттарын және басқадай қаржылық мекемелерді пайдалану ақша қаражатгарына бақылау жасаудьщ тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Банк шоттарының бірқатар артықшылығы бар:-Ақша қаражаттары банк ғимаратында нақты қорғауда болады;-Банкте ақша қаражатттарының есебі жеке өз алдына жүргізіледі;-Ақшаның ұрлану мүмкіндігі өте төмен, сондықтан оны баскару тиімдірек болады;-Клиенттер ақшаны алушының шотына нақты ақшасыз есеп айырысу жолымен аударуына болады.Қаржылық мекемелер ақша каражаттарын басқару бойынша мынадай қызметтер көрсете алады:-акша қаражаттарын басқа валютаға айырбастау,-шетелдерге ақша аударымдарын жасау,-жинақтаушы шоттар бойынша проценттер төлеу.Соңгы уақытта электронды түрде ақша аударымдарын жузеге асыру тиімділгі артып бұл әдіс кеңінен пайдаланылуда. Төлемдерді элетрондық жүйе арқылы аудару — бүл банктер арасындағы аударымдарды телефон, телеграф немесе компьютер арқылы жүзеге асыру жүйесі. Электрондық аударым біртүтас компьютерлік жүйе арқылы операцняның шоттар бойынша апарылуының аз уақыт аралығында жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қағаз шығынының төмендігі, қателердің аз болуы және операциялық шығындардың төмендігі бұл әдістің басты артықшылығы болып табылады. Есеп айырысу (валюталық) шоттарын тексеру процессі мынадай кезеңдерден тұрады:
1.Есеп айырысу (валюталық) шоттарынан алынған, бірақ шоттарда көрініс таппаған ақша сомаларын кайта тексеру (бұған банк қызметін пайдаланғаны үшін алымдар және аударым жасаған үшін алынатын комиссиондық алымдар жатады);2.Жоғарыда аталған сомалардың есепте бейнеленуін қадағалау;3.Есеп айырысу (валюталық) шоттарылдагы қалдықтарды (банк үзінділерін) бухгалтерлік есеп мәліметгерімен сәйкестігін тексеру4.Есеп айырысу (валюталық) шотына жеткізілмеген аударымдар және чектер бойынша тексеру жүргізгенде уақыт айырмашылығын ескеру қажет.5.Ақша қаражаттарының қозғалысы және қалдығы бойынша тексеру актісінде тексеру жүргізілген уақыт және тексеру жүргізген кәсіпорын мен банк қызметкерлерінің қолдары міндетті түрде болуы кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет