1Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары Сұрақтар



Дата03.04.2020
өлшемі100 Kb.
#61511
Байланысты:
семинар 1

1Тақырыбы: Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары

Сұрақтар:

1. Инклюзивті білім беру дегеніміз не?

2. ЕБҚ ететін білім алушыларды бағалау және қолдау үлгілерінің қандай түрлерін білесіз? Олардың айырмашылығы неде?

3. "Ерекше білім беру қажеттілігі"ұғымының мәнін ашу.


1. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.

 

Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.



Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір - біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.

Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған  мемлекеттік саясат.

2. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, бәрінен бұрын бұл білім беру ұйымы МШБ-мен медициналық құжаттама негізінде жұмыс істейді. Тәуекел тобының балаларын бастапқыда анықтау, сабаққа қатысу, мұғалімдерден сұрау және балалардың атааналарымен жұмыс істеу негізінде жүргізіледі.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтаудың келесі критерийлері атап көрсетіледі:

- медициналық айғақтар;

- оқу дағдыларын, біліктері мен білімдерін қалыптастыру және автоматтандыру қиындықтары;

- интеллектуалды дамуынан баланың артта қалуна күдік;

- баланың мүдделері мен қабілеттері тарапынан дәстүрлі жағдайларда әлеуметтік бейімделудің асқынуына алып келетін әр түрлі көріністер;

- іс-әрекетін еркін реттеудегі жалпы проблемалар, қозғалыс тежеушілігі және ықыластың бұзылуы көріністері, баланың мінез-құлықының тепе-тең болмауы;

- сөйлеуде кез-келген бұзылудың болуы;

- көру мен естуге және т.б. күдік келтіру.

Ерте педагогикалық көмек екі негізгі мақсатқа жетуге бағытталған.:

–  баланың интеллектуалды дамуына  ұтымды жағдай жасау.

–  баланың  әлеуметтік және эмоциялық дамуына, жеке тұлғаның белсенділік, әуестік, қоршаған әлемге деген сенім, адамдарға мейірімді қарым-қатынас сияқты оның жағымды қасиеттерін қалыптастыруға ұтымды жағдай жасау.

Демек, балалардың жүйке-психикалық  денсаулығын  қалыптастыруда әлеуметтік факторлардың ролін ескере отырып, онтогенездің ерте кезеңіндегі  түзету-дамыту көмегінің басты бағыттарының бірі – ең алдымен микроәлеуметтік ортаның, атап айтқанда  отбасының ұтымды жағдайын жасау, өйткені ерте жастағы баланы тәрбиелеудің ең жақсы орны- отбасы болып табылады. Бұл ретте ата-аналардың білім мен  материалдық жағдайы көп маңыз атқарады. Сондықтан дамуды ерте ынталандыру жөніндегі күштің негізгі бағыттары мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмекті  ата-анаға деген көмек арқылы  қарастыру қажет, оларды білікті мамандар оқытуы керек. Бұл ретте психологиялық консультация маңызды роль атқарады, оны баланың айналасындағы басты фигураларға жасалатын ықпал  тәсілі деп қарастыру керек. Түзету мекемесінде осы қағида жүйелі орындалып, ең бірінші кезеңде ата-аналармен жылы қарым-қатынас орнатылады, кеңестер беріледі.


3. Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың өсіп, қалыптасуы барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңе отырып, оларды өздерінің кемістіктерінен қорсынбайтын, қоршаған ортаға қиналмай ене алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, танымдық қабілеттерін толықтыру, ерік-жігер саласындағы ақауларды жою, білім қорын толықтыру, ортаға, мектеп жағдайына бейімдеу-қазіргі таңдағы  оңалту, түзету мекемелері мамандарының, яғни дефектологтардың негізгі міндеті.

Дамуында ауытқушылықтары бар балалар саны көбеюде. Психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтар жас балалар мен жасөспірімдер арасында көбейген. Мамандандырылған психологиялық – педагогикалық көмекті қажетсінетіндер тек мамандандырылған мекемелерде оқитын балалар ғана емес, сонымен қатар бұқаралық мектептер мен балабақша тәрбиеленушілері де қажетсінеді. Осындай балаларда ауытқушылықтардың  өрескел емес, шамалы ғана, шекаралас түрі бар, ол назардың тапшылығы, эмоциялық аядағы бұзушылықтар, мінез-құлықтық девиация арқылы  көрініс береді, осының салдарынан түрлі іс әрекеттің қалыптасып, ең алдымен баланың оқуына және әлеуметтік бейімделуіне  және әлеуметтенуіне қиындық келтіріледі. Осылайша, жас баланың дамуындағы түрлі ауытқуды бір жасқа дейін ерте  анықтау мен түзету  бар ауытқушылықтарды түзетумен қатар, одан кейінгілердің пайда болуының алдын алуға, бала дамуында жоғары деңгейге жетуге және  мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік береді.

Дені сау балада толыққанды даму үшін бар жағдай жасалынған. Алайда оларға да, әсіресе қатер тобындағы балаларға да, яғни дамуда артта қалу күдігі бар балаларға да  ерте түзете оқыту  өте маңызды. Жас баланың дамып келе жатқан миы ересектермен салыстырғанда өте тиімді және тез дамиды, сонымен қатар дамуындағы  ауытқушылықты түзетуге қабілетті екені бәріне аян,  бірақ бұл ауытқушылықты түзете-дамыта оқыту көмегі арқылы ғана жеңуге болады..  Интеллект дегеніміз – білім, оны меңгеру үшін  қабілетін дамыту  және мәселені шешуге пайдалана білу. Баланың білім алуға көмегін тигізетін үш тәсіл бар, олар:

–  анасымен қарым-қатынас;

–  қадағалау;

–  зерттеу.

Осы тәсілдерді  жүзеге асыру үшін мыналар қажет:

–  кіммен және қандай тақырыпта қарым –қатынас  жасау;

–  нені қадағалау;



  • нені зерттеу.

Осы мақсаттарға жету үшін  қажеттілердің ең бастысы – ана мен баланың  берік  қатынасы, олардың өзара түсіністігі, үнемі араласуы. Ғалымдар ананың қарым қатынасы – назары, қолдауы, еркелетуі – ана махаббаты дегеннің бәрі баланың дұрыс психикалық дамуына қажетті ең маңызды шарт болып табылады. Барлық қажеттіліктері өтелген, бәрінің сүйіктісі және еркесі болған, бәрі ойнататын, сөйлесетін бөбек  айналасындағылармен өзін  сенімді сезінеді, ол кейіннен басқаларға да ауысады. Егер бала тиісті қамқорлық көрмесе, махаббатқа толы қарым-қатынасы  болмаса, онда ол балада сенімсіздік-үрейлілік және бүкіл әлемге, оның ішінде жекелеген адамдарға деген  күдіктілік пайда болады, осы сенімсіздікті ол өз дамуының келесі кезеңдеріне алып өтеді.

Қорытынды. Баланың өмірінің  алғашқы минутынан бастап қоршаған әлем туралы ақпарат оның одан арғы  дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Өрескел ақаулары бар балалар туа салысымен айналасындағылардың-ата-аналарының, туыстарының, дәрігерлердің жағымсыз реакцияларына соқтығысады: олардың дүниеге келгенінің өзі трагедия деп қабылданады, кейіннен ересектер мұндай баланы көргенде өздерінің үрейі мен аяушылығын жасыра алмайды. Осының бәрі осы балаларда  толыққанды еместік комплексінің дамуына ықпал етеді. Әрі, олардың әлеуметтік бейімделуі  үшін  қорщаған адамдардың оларды  басқа дені сау балалар сияқты тең деп қарағаны өте маңызды.  Отбасы бала үшін  әлеуметтік байланыстардың ең бірінші және ең ұзақ, маңызы зор тіршілік көзі.

Әдебиет:
  1. http://www.un.org/russian/documen/declarat/salamanka.pdf. // Саламанская декларация и рамки действий по образованию лиц с особыми потребностями, принятые Всемирной конференцией по образованию лиц с особыми потребностями: доступ и качество, Саламанка, Испания, 7-10 июня 1994 года.


  2. Сулейменова Р.А., Хакимжанова Г.Д. Зарубежный и отечественный опыт включения детей с ограниченными возможностями в общеобразовательный процесс. Проблемы и пути решения. - Алматы, 2001.

  3. Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет