2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН



бет7/14
Дата03.04.2023
өлшемі84,02 Kb.
#173573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Жулдыз Алина 1-2-3-4-5-6-7-8-9-10

Психикалық қасиеттер– бұл адамдардың бір- бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады 

 Көптеген идеалистер психикалық қасиеттер – қабілет, мінез – темперамент, жеке адамның адамгершілік сапасы – адамға дайын күйінде іштен туа беріледі деп есептейді. Яғни, құдайдың берген сыйы, ол адамның материалдық қасиетіне, ми қасиетіне тәуелсіз деп көрсетіледі. Сонымен бірге, олар адам психикасына орта мен тәрбие ықпалын жоққа шығарады.
Адамның психикалық қасиеттерін құрастыратын: 1) жекетұлғаның бақыты; 2) темперамент; 3) мінез; 4) қабілет.
4. Тест әдісі, оның түрлері мен сипаттамасы.
Тестілеу — белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру. Зерттеудің басқа әдістеріне қарағанда тестілеудің ерекшелігі — қарапайымдылығы, дәлдігі, автоматтандыруға болатындығы. Тестер төмендегідей түрге бөлінеді:Жетістік тестер 
Даму тестер 
Парасат тестері 
Психометриялық жеке тұлғалық тестер 
Жеке тұлғалық құрлымдық тестер 
Қызығушылық мақсатқа арналған тестер 
Клиникалық тестер
Психологиялық тестілеудің қолданылатын аясы өте кең: кәсіби бейімделуде, психологиялық кеңес беруде, коррекциялық жұмысты жоспарлағанда және тағы басқа.
Психологиялық тестілеуді ұйымдастыру мен өткізуінде психологияның сай келетін саласында – психологиялық диагностикада қолданылады.
Психологиялық тест стандартты сынақ, оның нәтижесі бойынша сыналушының психофизиологиялық және жеке қасиеттері(қабілет,қасиеттер) анықталады.
Вербалды тест- стандартты сынақ, тілдің қасиетіне байланысты жүргізіледі, яғни мұнда сөйлеу және сөз арқылы зерттеледі.
Стандартты тест- психологиялық тесттің негізгі сұрақтары мен қолдануы өзгермейтін тізімді тест.
Жеке тұлғалық тесттер — психологиялық тесттердің адам мінезін, қабілетін, эмоциясын және т.б. жеке тұлғалық қасиеттерін анықтағанда қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет