2 – курс студенті Рысбай Аяулым



бет3/8
Дата28.04.2022
өлшемі0,67 Mb.
#141218
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Рысбай Аяулым Ерманқызы шт -25 (Мінездеме)
пульм..-ИЭ-Пер.
Оқу сипаттамасы.

Аяулымның сабаққа деген құлшынысы орташа. Егер шұғыл жағдай болмаса, сабақтан қалмауға тырысады. Оқу үлгерімі сапасы – екпінді. Барлық
бағасы «4». Барлық пәндер бойынша сабағы қалыпты.
Сабақ барысында өтілген тақырыптарды тез қабылдайды. Қазір бітіруші түлек болғандықтан өзінің таңдаған пәндеріне басты назарын аударып жүр. Болашақ мамандығы осы пәндермен байланысты болғандықтан, бар ынтасын салып оқып жүр. Оқу іс –әрекетінің мотивтеріне қатарына танымдық қызығушылық, өмірде өз орнын табуға деген ұмтылысы, анасын қуантуға ниеті.
Аяулымның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыра алу қабілеті басым. Оқу материалдарын саналы түрде қабылдап, олардың қаншалықты маңызды екенін түсіне алатын саналы қыз. Материалды жаттау үдерісін дұрыс жүргізе алады. Көбінесе визуальды жаттауға бейім. Өзінің жіберген қателіктерін көріп, соларға талдау жасап, одан ой тұжырымдай алады.
Кез келген кітаппен өздігінен жұмыс жасай алу қабілеті мен дағдылары жоғары деңгейде қалыптасқан. Тақырыптарға сай конспект жасап, жоспар құрып, схемалар жасай алады. Сауатты және таза жазады. Жазу дағдылары толық қалыптасқан.
Өзіне әрқашан жоғары талаптар қойып,сол мақсатқа жетпейінше шегінбейтін табанды қыз. Өзін өте тәртіпті, ұстамды және сыпайы ұстайды. Тағы бір жақсы қабілеті ұйымдастырушылық қабілеті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет