2 – курс студенті Рысбай Аяулым



бет7/8
Дата28.04.2022
өлшемі0,67 Mb.
#141218
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Рысбай Аяулым Ерманқызы шт -25 (Мінездеме)

Сыныпқа мінездеме


Нұр – Сұлтан қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының 2021-2022 жылғы оқу жылындағы 11 «Б» сыныбына мінездеме. Жалпы сынапта 25 оқушы бар. Оқушылардың «15» ұл және «10» қыз бала. Сынып жетекшісі – Саурикова Гульнар Жаксылыковна. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан оқушылар жеткілікті қамтылған. Сыныптағы көп балалы отбасылардың саны – 10. (Акимбеков Р., Ахметов Қ., Бекбала Б., Казнанова А. , Балтабаева Ә. , Молдабек А., Мырзабеков А., Нұрахмет А. және т.б.). Сыныптағы оқушылардың әлеуметтік жағдайы бойынша, жетім оқушы, аз қамтылған отбасы балалары, мүгедек, үйден оқытылатын оқушы жоқ.
Сынып оқушылары бір үйдің баласындай өте ұйымшыл және тәртіптері айтарлықтай жақсы. Оқушылар кез келген сайыста білімділік жағынан да, түрлі іс - шаралар жағынан да басып озатын сыныптардың қатарына жатады. Сыныптағы оқушылар әртүрлі болса да, олардың бойында адамгершілік және ізгілік қасиеттерді бар екені байқалады. Оқушылар кез келген қоғамдық шараларға белсене қатысып, қалмауға тырысады.
Білім сапасына тоқталатын болсақ, сыныптың білім сапасы – 48% құрайды. Оқушылардың оқу, білімге деген қызығушылықтары және оны меңгеруге деген көзқарастары жоғары. Оқулықтағы берілген тапсырманы жүйелі орындап, білім алуға және ары қарай шыңдауға тырысады. Қазіргі сәттегі оқу мотивтеріне тесттілеу болып саналады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа:
Үздік оқушылар саны – 1. (Балтабаева Әдемі).
Екпінді оқушылардың саны – 10 .
Қанағаттарлық бағада оқитын оқушылардың саны – 14.
Сыныптың топбасшылары – Мынбаева Розалина және Акимбеков Руслан сайланған. Сыныптың көптеген оқушылары түрлі жарыстардың жүлдері атанған.Спорт саласымен айналасатын оқушылардың қатарына: Мырзабеков Ерназ (джиу-джитсу), Нұрсейтов Т. (жеңіл атлетика),Тілепбек Даниял (валейбол). Одан бөлек Мынбаева Розалина би үйірмесіне және Бейсен Аяулым модельдік үйірмелерге қатысқан.
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан және бөлінуден аулақ. Оқушылар бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп, үнемі қолдау көрсетеді. Сыныпта бір-бірімен айырылмайтын достардың қатарына: Аяулым мен Дильназды. Сонымен қатар, Розалина мен Әдемі сияқты қыздар бір – бірімен жақын дос.
Қай уақытта болмасын оқушылар сынып жетекшілеріне қолқанат бола біледі. Қоғамдық жұмыстардан , мектепішілік іс -шаралардан қалыспайды, мектеп өміріне өте белсенді атсалысады. Сынып белсенділері қатарына Мыңбаева Р., Балтабаева Ә., Акимбекое Р., Төлеужан Н. жатады.

Ата-аналарына келетін болсам, олар мектеп өміріне белсене ат салысады және мектептен белсенді қарым- қатынасты жасап отырады. Балаларының себепсіз қалуына жол бермей, сынып жетекшілерімен тығыз байланысты ұстайды.


Тәжірибеден өту барысында 11 «Б» сыныбына тәрбие сағаттарын өткіздім. Оқушылар тәрбие сағаты кезінде өз ойларын ашық айтып, белсенділік таныта білді. Тәрбие сағатының басты мақсаты оқушыларға дұрыс мақсат қалыптастыра білу және жігерлендіру болды. Олардың бойындағы қорқыныш, уайымдарды жеңілдетуді көздедік.


Сынып оқушыларының алдағы белестерді бағындырып, ары қарай қанаттары талмауына тілектеспін.Осы жылдың мектеп түлектері болғандықтан, алдағы тесттілеуден абыроймен өтуіне және өздері қалаған мамандықтарына, оқуға түсуін тілеймін.
Сынып жетекшісі : Саурикова Гульнар Жаксылыковна




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет