«Байқоңыр» ғарыш алаңы – әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады. Ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке – 75, ал батыстан шығысқа 90 шаршы шақырымға жуықтайды. Байқоңыр ғарыш алаңы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алғанда бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймағының болуы және басқа да факторлар ескерілген. 1990 жылы «Байқоңыр» полигонының атауы «Байқоңыр» ғарыш алаңы болып өзгертілді.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. Онда ғарыш кемелерін, ғарыш станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, зымыран қондырғыларын орнату, ғарыш кеңістігін жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға көптеген кері әсерін тигізіп, зақым келтіруде. Мысалы, ұшу үрдісінен кейін атмосфераның табиғи режимі бұзылады, зымыран жанармайының қалдықтары жер беті қабаттарын ластайды, қышқылды жаңбырдың жаууына себеп болады. Алайда, «Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.
2 -тапсырма. Жұптық .
Оқылым материалымен жұмыс жаса. Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестендір.
«Байқоңыр» ғарыш алаңы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Байқоңыр ғарыш алаңы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. 1990 жылы «Байқоңыр» полигоны атауы «Байқоңыр» ғарыш алаңы болып өзгертілді.
1957 жылдың 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүниежүзіндегі ең бірінші жасанды Жер серігін орбитаға шығарған. Ал, 1961 жылдың 12 сәуірінде айтулы оқиға болды. Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров көкке ұшты. Ол «Союз Т- 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ал, ресейлік ғарышкерлермен Талғат Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. Ол екінші қазақ ғарышкері ретінде тарихта қалды. Кейіннен 2015 жылдың 2 қыркүйегінде үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов көкке көтерілді.
Дескриптор:
Оқылым материалымен жұмыс жасайды
Сөйлемдерді мағынасына қарай сәйкестендіреді.
1-тапсырма (ерекше бала)
Сөйлемдерді оқы. Байқоңыр ғарыш алаңының елімізге алып келетін пайдасы мен зиянын бөліп көрсет.
1. Ұшу үрдісінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады.
2. Қазақстанның ғылыми дәрежесінің өсуіне де үлкен әсер етті.
3. Жер беті қабаттарын зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды.
4. Қазақстанды әлемге танытты.
5. Қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады.
6. Ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама Жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды.
7. Ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды.
8. Территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды.
Дескриптор:
Сөйлемдерді оқиды.
Байқоңыр ғарыш алаңының елімізге алып келетін пайдасы мен зиянын ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |