2. 7-ресурс. Сабақтардың пәндік бағыт-бағдары


Ең креативті идеяларды іріктеу



бет4/5
Дата22.08.2020
өлшемі43,54 Kb.
#76488
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2.7-ресурс. Сын тұрғысынан ойлаудың пәндік бағыт-бағдары

Ең креативті идеяларды іріктеу


Көптеген ұсыныстардың ішінен ең креативті идеяларды анықтау және іріктеу қабілетін бағалау өзара ұқсас тапсырмалардың көмегімен іске асырылады. Іріктеу критерийлері тақырыптық блоктардың ерекшелігін ескере отырып анықталады.

Оқушылардың өз ой-пікірін жазбаша жеткізуіне арналған тапсырмаларда креативтік құндылығы жағынан басқаға ұқсамайтын, ерекше идеяларды таптаурын болған қызықты емес идеялардан ажырата білу ұсынылады.

Өз ой-пікірін визуалды танытуға арналған тапсырмаларда оқушылар дизайнның дәлдігі мен түсініктілігі, композициясы, әсер етуі мен айрықшалығы сияқты қасиеттерін бағалауы тиіс.

Ғылыми және әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған тапсырмаларда оқушылар шын мәнінде тиімді, үнемді және инновациялық шешімдерді анықтап, бөліп көрсетулері тиіс.

Қолданылып жүрген тапсырма түрлерінде оқушыларға ұсынылған идеялар жиынтығының ішінен ең креативті идеяларды таңдау немесе идеялардағы креативтіліктің азаю тәртібімен орналастыруды ұсынуға болады (Мұндай тапсырмалардың шартында креативтілік критерийі нақты белгіленуі тиіс).

Мұндай идеялар ретінде бұрын оқушылардың өздері ұсынған идеяларды да қолдануға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет