2. 7-ресурс. Сабақтардың пәндік бағыт-бағдары


Идеяларды ұсыну және жетілдіру



бет2/5
Дата22.08.2020
өлшемі43,54 Kb.
#76488
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2.7-ресурс. Сын тұрғысынан ойлаудың пәндік бағыт-бағдары
2.7-ресурс. Сын тұрғысынан ойлаудың пәндік бағыт-бағдары, 2.7-ресурс. Сын тұрғысынан ойлаудың пәндік бағыт-бағдары

Идеяларды ұсыну және жетілдіру


Әртүрлі идеяларды ұсыну қабілеті бір-бірінен ерекшеленетін (мысалы, әдістері арқылы), ақыл-ой шабуылы немесе прототиптерді талдау негізінде, оқушылардан бір-біріне ұқсамайтын бірнеше шешімді ұсынуды сұрайтын тапсырмалардың көмегімен бағаланады; бұл ретте барлық шешімдер зерттелетін мәселеге/ міндетке сәйкес келуі тиіс. Тапсырмалардың әртүрлі форматтарын қолдануға болады: мәтіннің тақырыбын ойлап табу немесе әңгіме жазу, көркемдік композиция жасау, ғылыми әдістерді ұсыну немесе сұрақтар қою және т.б.

Креативті идеяларды ұсыну қабілетін бағалау үшін келесі үш критерий қолданылады:



  1. жауаптың заңдылығы, тапсырмаға сәйкестігі;

  2. басқаға ұқсамайтын ерекшелігі;

  3. жауаптың маңыздылығы, пайдалылығы, құндылығы.

Өзін визуалды танытуға арналған тапсырмалардың креативті жауабы өзіне назар аударта алатын, көркем, мұқият өңделген және басқаға ұқсамайтын дара, өзгеше шешім болып табылады.

Әлеуметтік проблеманы креативті түрде шешу дегенде басқаға ұқсамайтын даралығымен ерекшеленетін шешім ғана емес, сонымен қатар тиімді, жүзеге асыруға болатын және аз шығынмен іске асыруға болатын шешімді айтуға болады.

Креативтілік критерийі бір сала аясында тапсырманың ерекшелігіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, оқушының жауабында өзін сөз арқылы танытуға арналған тапсырмалардың бірінде ең алдымен көркемдік қиял бағаланса (мысалы, әңгіме құрастыруда), ал екіншісінде әзілді түсіне білу (мысалы, мультфильмнің атауын ойлап табу) бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет