3-тапсырма: Сіздің пәніңіз бойынша осындай тапсырма түрлері қолданыла ма? Қаншалықты жиі?
Пәндік материал ретінде тестілеуде барлық оқушыларға таныс, компьютерлік бағдарламаларда орындауға болатын тапсырмалар қолданылуы тиіс. Оларға мәтіндік (жазбаша пікірлер мен мәтіндерді жазу) және графикалық (бейнелерді жасау) редакторлар жатады.
Тапсырмаларды орындауға берілетін шектеулі уақыт компьютерлік тестілеу шеңберінде әрбір оқушыға тапсырмалардың алуан түрлілігін толықтай көрсетуге мүмкіндік бермейді, өйткені алынған деректерде әрбір оқушы емес, жалпы іріктеу сипатталады.
Тапсырма модельдерін әзірлеу барысында келесі сұрақтар мен жауаптар түрлерін қолдайтын PISA стандартты платформасының төмендегідей мүмкіндіктері ескеріледі:
көп нұсқалы таңдау;
мәтінді енгізу (еркін құрастырылған жауап);
ұяшыққа сөзді, мәтінді, символмен, бейнемен, формуламен және т.б. енгізу/толтыру;
«қызу аймақтар» (мәтін немесе сурет орналастырылған аумақты белсендіру);
өзара іс-қимыл және сөйлесу аймағы (чат, e-mail тарату); - интербелсенді сызбалар мен кестелер; - сурет салу құралдары.
Креативті ойлауға арналған тапсырмаларда әртүрлі модельдер қолданылады. Бірқатар тапсырмаларда оқушыларға бақылау деректері ұсынылады және зерттеу сұрақтарын қою немесе болжамдар жасау ұсынылады. Бірқатар тапсырмаларда түрлі жабдықтарды пайдалана отырып, зертханалық жағдайларда белгілі бір нәрсені ойлап тауып, өзінің ойлап тапқан өнертабысын әрі қарай жетілдіру ұсынылады. Бұл жерде интербелсенді симуляциялар мен ойындарды пайдалану орынды болады.
Креативті ойлауды бағалаудың құзыреттілік моделі төмендегі суретте көрсетілген. Модель креативті ойлау процесі алуан түрлі және креативті идеяларды ұсыну мен жетілдіруді, оларды бағалау мен кейіннен пысықталатын және нақтыланатын іріктеуді қамтиды деп болжанады.
Сурет. Креативті ойлаудың құзыреттілік моделі
Достарыңызбен бөлісу: |