Идеяларды нақтылау және жақсарту қабілетін бағалау тиісті нақты процеске сәйкес жүргізіледі және оқушылардың өзінің және басқалардың идеяларын нақтылау, кері байланысқа оң көзқарас білдіру, жұмыста ілгерілеуге қол жеткізе білу қабілетіне назарын шоғырландырады.
Оқушыларға ойды жүйелі нақтылау әдісімен жақсарту немесе қосымша талаптар мен шектеулерді ескере отырып бейімдеу немесе өз идеяларын мақсатты аудиторияның ерекшеліктеріне бейімдеуді ұсынуға болады. Тапсырмалардың кейбір бөлімдерінде (әдетте автоматтандырылған кері байланыс беруге болатын жаратылыстану-ғылыми бағыттағы тапсырмаларда) табысты итерацияларды салыстыруға болады, ал кейбіреуінде нақтылауларды негіздеу қажет. Идеяны жетілдіруге арналған тапсырмалардың тағы бір моделі оқушыларға қосымша ақпарат берумен немесе шектеулер енгізумен байланысты болады.
4-тапсырма: Оқу бағдарламасының бір бөлімін таңдап алып шығармашылық тұрғыдан ойланып көріңіз. Осы бөлім мазмұнын және бөлімде қарастырылған тақырыптарды креативті түрде ашып жеткізуге мүмкіндік беретін стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді ұсыныңыз. Вебинар барысында өз идеяларыңызбен бөлісіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |