Коучинг: Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу Коучинг: Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу Биология пәні мұғалімі, І деңгейлі сертификатталған Г.К.Негмеджанова Мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын көрсету.
Міндеттері:
Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен ынтымақтастық орнатады;
v Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады;
Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
Түйінді идеялар
Lesson Study-сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.
v Lesson Study-мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі.
Lesson Study – оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл