Коучинг: Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу



бет3/3
Дата12.05.2023
өлшемі76,56 Kb.
#176537
1   2   3
Байланысты:
Коучинг

Қолданылған әдебиеттер:



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші басылым, 2012 жыл.

  2. Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлердің білімін көтеру курстарының бағдарламасы, 2012 жыл.

  3. Lesson stady: нұсқаулық Пит Дадли

  4. www.ssuecxtabe

Рефлексивтік есеп
Коучингке 20 педагог қатысты. Коучингтің мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын көрсету.
Алдымен мұғалімдер «5-5-1», «Сен білесің бе?», «Кәрзеңке», «Чек лист» деген сөздермен 4 топқа бөлінді. 
Қызығушылықты ояту кезеңінде :Топтарын таныстыру барысында осы әдіс-тәсілдерді естеріне түсірді, сабақтың қай кезеңінде қолданатындарын айтты. 
Мағынаны ажырату кезеңінде Әр топқа тапсырма берілді. Тапсырма бойынша мәтін таратылды. Уақыт берілді. Мәтінді жеке, жұппен, топта талдады. Постер жасады. 
Ой- толғаныс кезеңінде Спикерлер қорғады. Lesson stady әдісін қолданудың маңызды екенін түсіндірді. Әр топтың ақпараттарынан кейін, АКТ –ны пайдалану арқылы мұғалімдерге бағдарламаның идеялары бойынша теориялық материал берілді. Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға; Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.
Коучинг соңында кері байланыс жасалды. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдер Lesson Study сабақтардың пайдасы мол, осындай сабақтар қажет екендігіне көздерін жеткендіктерін айтып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Олардың стикерлерге жазған ойлары: «барлық ұсынылған ақпарат біз үшін түсінікті және маңызды», «сабақ бізді тәжірибемізге өзгерістер енгізуге қанаттандырды", «Осындай пайдалы коуч-сабақтар әлі де жүргізіле берсе».
Тиімді жағы: 1. Сабақты зерттеудің маңызын түсінді
2. А, В, С деңгейіндегі оқушылармен қалай жұмыс жүргізу керектігі туралы білді
3. Ынтымақтастықта жұмыс жасады 
Сәтсіз жағы: 1. Уақыттың тығыздығы
2. Деңгейлік курсты оқымаған, тәжірибесі аз мұғалімдер үшін бәрін бірден түсініп кетудің
қиындығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет