Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі



Дата07.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#85416
Байланысты:
Lesson study


Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі.
Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.

Lesson Study-дің тарихына көз жүгіртсек, бізге Жапониядан келген. АҚШ –қа бұл әдістемені «дзюгекенкью» деген жапон сөзін «Lesson Study» деп аударған Макота Йошида болды, бұл мектептегі оқуды жетілдірудегі жапондық тәсіл.


Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл тәсіл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартaды. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Рефлексия Lesson Study-дің құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Lesson Study тәсілін енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Lesson Study тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі – мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісетіндігінде. Lesson Study тәсілін іске асыру барысы Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері - қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Lesson Study-дің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды. Lesson Study үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынадай бірқатар қадамдар бар:
• Lesson Study тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайды, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады.
• Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені, кімді оқытуды анықтайды, мәселен, «Өздерінің оқуын жақсарту үшін Х-ті Y-тің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз?» деген сияқты.
• Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді зерделеп, жоспарлау кезінде оларды қолдану үшін нәтижелерін қорытады.
• Топ қандай сынып және қандай үш «бақылаудағы оқушы» назарға алынатынын, сондай-ақ қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналатынын шешеді.
• Топ зерттеу сабағын жоспарлайды, жоспарда «бақылаудағы оқушылардың» сабақта өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі.
• Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «бақылаудағы үш оқушыны» басты назарға алып, сабақты қадағалайды және қажет деген жерлерін белгілеп, түртіп алып отырады.
• Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен сұхбат жүргізеді.
• Топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізеді. Талқылау белгіленген құрылым бойынша жүреді: жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «бақылаудағы оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін белгілеу; сыныптың тұтастай оқытылуы; зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі; белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу.
• топпен бірлесіп келесі Lesson Study-ді жоспарлау.
Lesson Study топтамасынан кейін (ереже бойынша үш немесе одан көп сабақ) топ оқыту тәсілі мен оқу бағдарламаларына енгізілетін және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келіседі.
1. Lesson study – дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу, топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету Lesson study – дің басты мақсаты.
2. Lesson study – дің ерекшеліктері. Жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту. Мұғалімдермен біріге отырып жұмыс істеу.
3. Мұғалімдердің зерттеуі. Оқытудағы жаңашылдықты бағалау. Іс –әректтегі зерттеу кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады. Кейс –стади- сыныптағы оқыту мен оқуды зерттеуді қарастырады.
4. LS қағидаттары Бірлескен жоспар. LS Өткізу/қадағалау, талдау.
5. Нәтижеде Lesson Study тәжірибелік білімді әріптестерімен бөліседі, әріптестер бір –біріне көмектеседі, оқушылардың маңызды білім алуына жағдай туады.
Демек, бұл тәсілдің мүмкіндігі мол, тиімділігі жақсы екеніне көзімізді жеткізу үшін мектептегі тәжірибе кезінде өз мектебімізге өзгерту енгізу барысында осы тәсілді пайдаланып көруді мектепті дамыту жоспарының бір аптасына кірістірген еді. Оның нәтижесі қандай болды, кім өткізді? –деген сұрақтарға былай деп жауап берер едім. Мектептегі тәжірибе кезіндегі төртінші аптасында жоспар бойынша коучинг сессияны І деңгей бойынша сертификатталған жоғарғы санатты химия-биология пәні мұғалімі Бекенова Мерует оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study тәсілін пайдалануды үйрету мақсатында «Lesson Study тәсілінің тиімділігі» тақырыбында өткізді.
Жоспар бойынша 8-сыныпқа орыс тілі пәнінен (Бозаева Ғалия) зерттеу сабақтары жүргізілді. Біз үш мұғалім болып, оның ішінде үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды таңдап алдық. А деңгейіндегі оқушы «Үлгерімі жақсы» оқушы, В деңгейінде «Үлгерімі орташа» оқушы, С деңгейінде «Үлгерімі төмен» оқушыны таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіздік. Бірінші, екінші сабақтарда оқушылар ашыла алмады, өз ойларын еркін жеткізе алмады, себебі, бұл үрдіске дағдыланбағандықтан деп ойладық.
Бұл бірінші сабақта топпен жұмыс жасау тиімділігі, диалогтік оқыту әдісінің тиімділігі анықталып, келесі сабақ жоспарланып іске асты. Әр сабақта 3 баланы үнемі бақылауда ұстап, сабақтан соң талқылау болып отырды. Бізге топпен оқыту әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрінде өткізуді жоспарладық.



Яғни, бұл тәсіл бойынша өткізілген зерттеу сабақтарының нәтижесінде біз мынаны ұқтық. А деңгейіндегі оқушы берілген тапсырманы орындап тастап, қасындағы оқушыларға көмектесе бастағаны, В деңгейіндегі оқушы да топпен жұмыс кезінде оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасап, не болғанда да қатарынан қалмауға тырысып бақты. Ал С деңгейіндегі оқушы басқа оқушыдан көшіріп алуға тырысып, бірақ та ойын сабақтарын өткізген кезде, суреттер салу болған кезде қызығушылық танытып, сабаққа аралсақандығын байқадық. Және де бұл сабақта бағалау критерийлері құрылып, оқушылар бірін-бірі бағалауда А деңгейдегі оқушы «Я поставлю четверку потому, что вы помогли им» десе, С деңгейдегі оқушы «Я поставлю пятерку» деген сөзімен тартысты әрі қызықты өтті. Нәтижесі, диагностикасы сабақ соңында экранда бейнеленді.

Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамыз.
Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек. Демек, бұл тәсілдің оқыту мен оқуда ілгерлеушілік болдыра алатындай екендігіне ешқандай күмәніміз жоқ екенін растаймыз.
Ф.Шыныбекова. "№2 Ш.Уәлиханов
ЖОМ" ағылшын тілі пәні мұғалімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет