2 апта тапсырмасы: Практикалық сабақ


Италия және Швецияда инклюзивті білім беру тәжірибесі



бет4/7
Дата19.02.2022
өлшемі30,84 Kb.
#132495
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 апта Инклюзивті білім беру Майбасар Сая

Италия және Швецияда инклюзивті білім беру тәжірибесі.
Көптеген мамандардың пікірлері бойынша, Италия қалған дүние жүзіне инклюзивті білім берудің зертханасына айналды. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы елдегі арнайы мектептер мен сыныптардың оқушыларының көпшілік бөлігі, жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланды.
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды:

  • Сыныптағы балалардың ең көп саны – 20;

  • Дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны – 2;

  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына «енгізілген»;

  • Арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;

  • Арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді;

  • Педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі.

Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99%-ы жалпы білім беретін мектепте оқиды. Оларға «қолдау мұғалімі» (тьютор) көмек көрсетеді. Қарапайым сыныпта қолдау мұғалімінен арнайы көмек алу үшін, бала дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу ата-аналардың келісімімен бір жылға жүзеге асырылады, бұл мерзім аяқталғаннан кейін, арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.
Арнайы педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ресми арақатынасы – 1:4, бірақ шынына келген бұл 1:2 болады. Италия үшін сыныпта көзі көрмейтін (соқыр) немесе құлағы естімейтін (саңырау) баланың болуы қалыпты тәжірибе болып саналады, сыныптағы қалған барлық балалар Брайль әліппесін немесе ым-ишара тілін үйренеді. 1992 жылы шыққан Италияның жаңа заңы, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруді ғана емес, сонымен бірге академиялық пәндер бойынша сапалы оқытуды басты орынға қояды. Осы Заңға сәйкес, барлық балалар жалпы білім беретін мектепке қабылдануы керек және оларға сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек. Аталған Заңға сәйкес, 16 мыңға жуық балалар арнайы (коррекциялық) мектептен жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды және 10 мыңға жуық оқушы әдеттегі университеттерге қабылданды,
1997 жылы Италияда дискриминация туралы Заң қабылданды, содан кейін ерекше қажеттіліктері бар 160 мың бала жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылды, олардың мыңға жуығының дамуында ауытқуы бар.
2003 жылы Италияның білім министрлігі мектептердің барлық директорларына жұмыстан үздіксіз тренингке қатысуды міндеттейді, бұл тренингке қатысу өмірге инклюзивті білім берудің ұлттық саясатын жетілдіру үшін қажет болады. Мұнда жалпы білім беретін мектептің барлық мұғалімдеріне, жылына 40 сағат боп белгіленген біліктілікті арттыру курсынан өту міндеттелді.
Итальяндық тұғырдың ерекшелігі ретінде, жалпы білім беретін мектептің мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалау және емдеу бойынша параллельді жұмыс жүргізетін медициналық және әлеуметтік мекеме мамандарымен тығыз өзара әрекеттің болуы алынады (дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкер, мейірбикелер, логопедтер, функционалды және физикалық терапевтер және т.б.). Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды жалпы білім беретін ортаға интеграциялау үдерісін дамыту, Италияда өз шешімін талап ететін мәселелермен қатар жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептің көпшілік мұғалімдері интеграцияны теріске шығармайды, бірақ оны сынып өміріне ендіруде бірқатар қиындықтары болады. Олар мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытудың жауапкершілігін қолдаушы мұғалімге (тьютор) жүктеуді ұсынады. Бұдан басқа, мұғалімдер тьютордың сыныптан осындай балалармен жұмыс істегенін қалайды.
Италияда білім беруді интеграциялау мәселесі бірнеше себептермен байланысты:

  • Интеграция үдерісі мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың мұқтаждықтарын қажетті зерттеуді жүргізусіз, қажетті мамандардың болуын анықтаусыз басталды;

  • Инклюзивті білім беру мәслесі бойынша жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерін оқыту шектелді және жеткіліксіз болды. Аталған тақырыпнама бойынша 1 айдың ішінде арнайы сабақтар (курс), оң нәтиже бермеді, көпшілік мұғалімдер мұндай оқытудан мүлдем өтпеді, соған сәйкес жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқыту міндетін қоймайды, себебі олардың интеграцияға дайындығы жеткіліксіз деңгейде болады;

  • Жоғары сыныптарда жұмыс істейтін қолдаушы мұғалімдердің көпшілігінің арнайы (дефектологиялық) дайындығы жоқ;

  • Сынып мұғалімі мен қолдаушы мұғалімнің (тьютор) ынтымақтастығы көп жағдайда қиындау жағдайда болады: қолдаушы мұғалім және жалпы білім беруші мұғалім өз іс-әрекетінің аймақтарын анықтай алмады және өздерінің міндеттерін бір-біріне жүктеді;

  • Жалпы білім беру үдерісіне ақыл-ойында ауыр ауытқуы бар балалар енгізілді, бұл өз кезегінде балаларды бірлесіп оқытуда және олардың қарым-қатынасын ұйымдастыруда бірқатар заңды қиындықтарға әкелді. Көпшілік мамандар мұндай балалар үшін арнайы сыныптардың ашылуы туралы пікірлерін білдірді. Алайда, Италияда бұл ұсыныс түбегейлі қабылданбады, себебі ол арнайы білім берудің жеке жүйесінің «қайта туындауына» алып келеді, ол бұл елде «абыройды төмендететін» және оқытуда ешқандай пайда әкелмейтін құбылыс ретінде қабылданады. Нәтижесінде, айқын интеллектуалды ауытқулары бар балалар жай оқытылмайды;

Орта мектептің жоғары сыныптарында білім беру үдерісіне қатысушылардың тарапынан инклюзивті білім беруге жағымсыз қатынас. Дені сау балалардың ата-аналары көп жағдайда, әдеттегі сыныпта ауытқуы бар оқушылардың болуына қарсы шығады.
Осылайша, Италиядағы интеграцияны осы мәселенің кең мағынасында қол жеткізілген мақсаты деп санауға болады. Алайда, осы мәселе бойынша жүйелі орталықтанған мәліметтердің жетіспеушілігінен, білім беру интеграциясы үдерісінің нәтижесі туралы мәлімет өте аз.
Швеция.Швеция инклюзивті білім беру идеясының дамуы табысты жүргізілетін елдердің бірі болып саналады. Интеграцияға бағыт алу бұл елде 1969 жылы басталды, бұл кезде Швецияда соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды. 60-70-жылдары Швецияда, содан кейін көптеген дамушы елдерде, дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернататтар және психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылы Швеция дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы тұғырлардың өзгерісін тіркеген оқу жоспарын қабылдады. 1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, ал 1990 жылдан бастап – коррекциялық педагогтарды оқытудың арнайы бағдарламасы қайта қарастырылды.
1995 жылы мұғалімдердің, тәрбиешілер мен директорлардың рөлін анықтайтын жаңа білім беру стандарты бекітілді. Стандарт 5 және 9 сыныптарды аяқтауда қол жеткізілетін білімнің міндетті деңгейін ғана береді. Білім министрлігі мұғалімдердің оқытудың қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін, оқытудың әдістерін өздерін анықтайтынын қарастырады. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы жалпы жауапкершілік мектеп директорына жүктеледі. Соған сәйкес, арнайы сыныптардағы оқушылардың саны күрт қысқарды, оларды жалпы білім беретін мектепке ауыстыра бастады. 1986 жылдан бастап Швецияда көруінде бұзылуы бар балаларға арналған арнайы мектептер жоқ, олардың барлығы тұрғылықты мекен-жайы бойынша мектепке интеграцияланған. Инклюзивті білім беру ерекше мұқтаждығы бар балаларға қатысты мемлекеттің саясатының стратегиялық бағыты болып табылады. Бұл елдегі ерекше мұқтаждығы бар балалардың көпшілігі, қарапайым сыныптарға интеграцияланған. Көруінде, естуінде, ақыл-ойында ауытқуы бар балалар арнайы мектепте білім алады, онда балалар ауытқудың типтері бойынша сараланады. Мұндай мектептерде олар 21-23 жасқа дейін оқи алады. Қазіргі кезде арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептің сыныбына интеграциялаған балаларды қолдау бойынша ресурс Орталығы болып саналады. Ақыл-ойында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға интеграцияланған.
Швецияда балалық кездегі ерте аутизмі бар балаларды арнайы оқыту күрделі мәселе болып табылады. Бұл балалар әдеттегі мектепте шағын топтарда оқытылады. Әрбір 3-балаға 2 мұғалім және ассистенттен келеді. Сонымен бірге, Швецияның жалпы білім беретін мектептеріндегі интеграциялық оқыту әлі барлық қызығушылық танытқан адамдарға қанағаттандырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет