34. Натуралистік парадигма - ол саясатты сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
35. Объект– субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат.Саясаттанудың обьектісіне саясат әлемі жатады.
36. Оппозиция - 1)бір саясатқа ,саяси іс-әрекетке ,қайраткерге қарсылық ету ,кедергі жасау.2)партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы.
37. Өркениеттілік-1)қоғамның , адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2)мәдениеттің синонимі; 3) Л.Морган, Ф.Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуында варварлықтан кейінгі сатысы.
38. Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар өз пікірін, көзқарасын салыстырып, дәлелдеу үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |