89. Унитарлық мемлекет-саяси билік бір орталыққа бағынған,мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекеттің түрі. Оның жер аумағы, конституциясы бір болады, мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ келеді. Мысалы, Греция, Италия, Қазақстан, Норвегия, Польша, Финляндия, Франция, Жапония және т.б.
90. Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен)құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді.
91. Ұлттардың өзін өзі билеуі - ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу принципі. Бұл мәселе алғашында Еуропада буржуазиялық-демократиялық революциялардың жеңуіне байланысты пайда болады. Ең бірінші бұл пікір 1776 жылы Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы Хартиясында жарық көрді.
92. Федерация – деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады.
93. Фракция-парламентте немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және т.б.өз партиясының саясатын ұйымшылдықпен өткізу үшін біріккен кейбір саяси партиялардың мүшелері ;партияның жалпы бағытымен келіспегендіктен өз алдына бөлек оқшауланған,өзіндік бағыты,құрылымы,тәртібі бар ,бірақ сол партияның қатарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бөлігі.
94. Феминизм-қоғам өмірінің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің теңдігі үшін күресетін қозғалыс.
95. Фундаментализм-мұсылман елдеріндегі қоғамдық ойдың ислам діні негіздерін берік сақтау әрекеттері.
96. Халықаралық қатынастар -халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси,экономикалық ,құқықтық , демократиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік,экономикалық,саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы.
97. Центризм-саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық қалыпты ұсынатын партиялық бағыт.
98. Ішкі саясат -мемлекеттің өз ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылысты сақтау немесе өзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты.
99. Экстремизм -1)саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді; 2)шектен шыққан көзқарастарға және шараларға бет бұрушылық.
100. Элита -саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, ікерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |