86. Тоталитарлық партиялар - саяси жүйенің басқа элементтерін(құрамдас бөліктерін)өзіне бағындыруға тырысқан партиялар.Олар идеологияланған,қатаң тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға тырысады.
87. Тұжырымдама -1)белгілі бір мәселеге, құбылысқа көзқарастардың жүйесі; 2)ғылыми еңбек, шығарманың және т.с.с. негізгі қағидалары. Саясат әлемінде ол саяси партиялардың бағдарламаларында, жарғыларында, ресми құжаттарында және т.б. көрініс береді.