61. Саяси институттар-құрылысы жағынан ұйымдасқан,бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие,атқарушы аппараты бар саяси мекеме .Мысалы, оған мемлекет ,саяси партиялар, кәсіподақтар ,кооперативтік жастар, әйелдер және т.с.с.ұйымдармен бірлестіктер жатады.
62. Саяси қазыналар-саяси қызметте бағдар етіп ұстайтын идеялар, көз қарастар,ұғымдар.Мысалы,оларға «еркіндік», «теңдік», «әділдік», «әлеуметтік қорғанушылық», «төзімділік»және т.с.с.құндылықтар жатады.
63. Саяси мәдениет-өкіметпен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар , қазыналар, адамның өзін -өзі ұстауы жөніндегі жарлық , қаулылар жүйесі.
64. Саяси партия-мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде негізінде құралған адамдардың ерікті одағы.
65. Саяси процесс-1)қоғамның саяси жүйесінің ,құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы,өзгеруі;2)түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |