57. Саясат субъектілері –Іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ.Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне,жағдайына ықпал ететін,саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады.
58. Саяси әлеуметтену- қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөл атқарып, әлеуметтік- саяси қалыптасуы.
59. Саяси бостандықтар-мемлекет конституциясы кепілдік беріп, заң бойынша қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялық түрде еркін саяси процестерге қатысу құқықтары.Оларға сайлау және сайлану құқығы, сөз, ақпарат алу бостандығы,еркін , тең, жүйелі өткізілетін сайлау құқығы, саяси ұйымдар құру, азаматтардың өз мақсат-те мқдделеріне қарай іс-әрекет жасау және т.б. жатады.
60. Саяси жүйе-билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар,ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы
Достарыңызбен бөлісу: |