51. Соттық билік - адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмаушылықтан сақатайды, парламент не президент қабылданған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды.
52. Сайлау жүйесі - белгілі бір билік түрін,мемлекеттік өкілеттік,заң шығаратын,атқару,сот орындарын қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз ететін ережелер мен әдістердің жиынтығы.Сайлау жүйесі мажоритарлық,пропорционалдық,азшылықтың өкілдігі болып үшке бөлінеді.
53. Сайлау құқығы – мемлекеттің өкілеттік органдарына азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары.
54. Сайлаушы–сайлауда ,референдумда және т.с.с. бір үміткер ұшін немесе басқа мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам.
55. Саммит– сыртқы саяси келісімдер жүргізіп,шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі.
56. Саясат-ғылым-біріншіден, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы жөнінде білім көзі болып , ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді,екіншіден,нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады,оларды ашып ,іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |