2. автономия/ autonomy



бет17/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

ҚОРЫТЫНДЫ: Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясы мен Түркістан Уақытша үкіметі өлке үшін ең негізгі мәселе — жергілікті халықтардың өзін-өзі билеу құқығын мойындауда ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойған Ташкенттегі жаңа билікке балама есебінде өмірге келген жалпыөлкелік саяси құрылымдар еді. Жергілікті халықтарға түсінікті әрі жакын, сондықтан да болашағы зор мұндай саяси құрылымдардың өмірге келуі басында В.И.Ленин тұрған ұлыдержавалық күштердің зәресін алды. Түркістан мемлекетіне жол ашатын Түркістан автономиясы идеясын тезірек бесігінде тұншықтыру оларға тиімді көрінді.
8.Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде басталды. Оған 38 мемлекет тартылды.
Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).Антанта (Англия, Франция, Россия).Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды . Соғыстың себептері:Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:
40899244 пут мақта 2. 38 мың шаршы аршын киіз 3. 3 млн. пут мақта майы 4. 229 мың пут сабын 5. 300 мың пут ет 6. 473928 пут балық 7. 70 мың жылқы 8. 12797 түйе алынды 9. 14 мың киіз үй салынды.
38 мемлекетті қатыстырып, 10 млн. сарбаз өмірін қиып, 12 млн.-дай бейбіт халықты жойған аса ауқымды алапат қырғын халықтар трагедиясының драмасына айналды. Осы жылы соғыс жайында адам өмірі мәселесі туралы әлеуметтік сұрақтар басым назарға алынып, сондай-ақ соғыстың медицинаның дамуына, әскери техниканың сыналуына, милитаризмнің қарқындауына және ең соңында жаһандану үрдістеріне ықпалды деген мәселелерді қарастыра бастады. Бұл соғыстың екпіні мен дүмпуін қазақ, қырғыз сияқты Ресей империясының барынша отарлық қанауға ұшыраған халықтары көрді, күйзелді.
Дүниежүзілік соғыстың қазақ халқына және тұтастай алғанда Қазақстанға тигізген зардабы жайында кең мәліметтерді сол кезеңде ғұмыр кешкен Алаш зиялылары мұраларынан кездестіруге болады. Жаһан соғысының зардабы қазақ жерінде атақты 1916 жылғы көтеріліске әкелгенін терең талдап, алғашқы зерттеулерін жүргізген-де осы Алаш қайраткерлері болатын. Қазақ өлкесінің соғысқа қатысты алғашқы қобалжуы әскер қатарына шақыру мүмкіндігі жайындағы алыпқашпа, күмәнді хабарлардан басталғаны мәлім. Өйткені, халық Ресей империясына бодан болғаннан бері мұндай міндеткерлік жүктелмеген. Сол себепті әскери қызмет қазақтар үшін күтпеген жағдай болды. Кезінде Алаш зиялылары бұл мәселемен айналысқан. «Қазақ" газеті бетінде сан алуан мақалалар осы мәселелерге арналып басылды.
Алайда қазақ халқында туу туралы куәліктің болмайтыны, мұның өзі жағдайды ауырлататыны ескерілді. Қазақтар майданға алынатын болды. Ол туралы 1916 жылы 25 маусымда патша жарлығы шықты. Онда қазақтардың, Орта Азия халқымен бірге майданның қара жұмысына 19–43 жас аралығындағылары жедел шақыртылатыны көрсетіледі. Үкімет жарлығы өте асығыс жарияланды. Алдын-ала еш дайындығы болмаған халық түкке-де түсінбеді. Қазақ зиялысы мемлекеттік дәрежедегі мұндай маңызды шара ешбір әзірліксіз жүргенін көрсеткен болатын. Жарлыққа байланысты ел арасында түрлі алып-қашпа әңгімелер шықты. Халық толқыды. Патша жарлығын орындауға жедел кіріскен үкіметтің кей жерлерде күш жұмсап жіберулері-де оған себеп болып жатты. Пайда ойлаған, қолында билігі барлардың да жағымсыз іс-әрекеттері наразылықты күшейте түсті. Зиялылар елді сабырға шақыруға тырысты. Олар үкімет жарлығына қарсы шығудың орны толмас өкінішке әкелетінін халыққа түсіндірді. 11-шілде күні «Қазақ" газеті бетінде, «Алаш азаматтарына!» атты үндеу жарияланады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатов қол қойған үндеуде: «Көнбейміз деушінің сүйенгені жан тәттілік болса салыстырып қаралық: …Көнгенде — шаруаға кемшілікте келер, барған жігіт қазаға да, бейнетке-де ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас (қазаға ұшырар деп ауру-сырқаудан болған қазаны айтамын, әйтпесе солдат қылып алмайды, соғыстан өлмейді). Көнбегенде көретін ауырлық — бағынбай үкіметтің жарлығынан бас тартсақ, жау жағадан алғанда, бас қорғап үйде қаламыз деп, мемлекетке қамшымыздың ұшын бермесек, үкімет бізге құр өкпелеп қоймас, күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер»[6] — деп жазылды.
Бұл сол кезеңдегі ауыр жағдайға байланысты қабылданған шешім еді.
Стихиялы түрде басталған халық толқуы біртіндеп ашық көтеріліске ұласады. Ол бірден ұлтаралық қақтығысқа айналды. Тамыз айында Жетісу өңірінің көп бөлігі көтеріліс құшағына тартылды. М. Тынышбаев генерал Куропаткин қабылдауында болғаннан кейін, Пішпек қырғыздарын сабыр сақтауға шақырады. Сөйтіп ол соңғы сәтке дейін халыққа болашақты ойлаудың қажеттігін түсіндіріп бақты. Алайда көп кешікпей оның өзі тұтқынға (үй тұтқыны) алынады. Оны үкімет көтеріліске қатысты деп айыптап, жауап алады[8].
Үкімет көтерілісті басуға жедел кірісті. Жетісу өңіріне жазалау отрядтары шығарылады. Көтеріліс қазан айында аяусыз басылды. Жазалаушы патша жендеттері жолында кездескен қазақ-қырғызды қырып-жойып, 1916 жылдың қанды оқиғасын, жергілікті халық жуық арада ұмытпайтындай етті. Көтерілістің орны толмас шығыны болды және 200000-нан астам (облыстағы қазақ халқының 20 проценті) халық, қазан айында қарлы тау арқылы жат елге (Батыс Қытайға) босып кетті [9]. Онда оларды аштық пен құлдық күтіп алды… Үкімет жұмысшы алуға одан әрі жедел кірісе бастады. Ал көтерілістің аса ірі ошағы болған Торғай даласы 1917 ж. Ресейдегі, Ақпан төңкерісіне дейін қарсыласып бақты. Алайда кейін Амангелді Имановтың өлімі кеңестік тарихнамадағы жасанды мифтік тарихты туғызды…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет