2. автономия/ autonomy


Осуществление индустриализации в Казахстане. / Қазақстандағы индустриаландырудың жүзеге асуы. / Implementation of industrialization in Kazakhstan



бет25/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

21. Осуществление индустриализации в Казахстане. / Қазақстандағы индустриаландырудың жүзеге асуы. / Implementation of industrialization in Kazakhstan.
Индустрияландырудың негізгі мақсаттары:
- елдің техникалық-экономикалық артта қалуын жою;
- экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу;
- қуатты қорғаныс өнеркәсібін құру;- өнеркәсіптің базалық салаларын (отын, металлургия, химия, машина жасау) бірінші кезекте дамыту);
-өндірістік-техникалық интеллигенцияның жұмысшы табы мен кадрларын қалыптастыру.
Қазақстандағы индустрияландыру барысы.
Қазақстанда Индустрияландыру жер қойнауын игеруден, өнеркәсіптің түрлі-түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі сияқты өндіруші салаларын дамытудан басталды. Индустрияландыру жылдары темір жол құрылысы жүріп жатты. Ұзындығы 1445 км Сібір мен Орта Азияны (Түрксіб) жалғайтын жолдың құрылысы 1927 жылғы сәуірде, 1930 жылғы 25 сәуірде басталды, мерзімінен 17 ай бұрын аяқталды. 1927 жылы Петропавл – Көкшетау жолы салынды, ол 1931 жылы Ақмолаға дейін жалғасты. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат шығару үшін Ақмола - Қарағанды, Илецк - Орал, Рубцовск – Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды – Жезқазған жолдары салынды. Сол кезеңдегі ірі құрылыстар: Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс балқыту зауыты және Ащысай полиметалл комбинаттары болды. Текелі полиметалл және Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының, Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы басталды. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, КСРО-да да түсті металлургияның ірі кәсіпорындары болды.
Шымкент, Ақтөбе және басқа да өңірлерде химия өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылысы басталды. Электр энергиясын өндіру ұлғайды: Қарағанды ЦЭС, Үлбі ГЭС, Балқаш мыс қорыту комбинатының ЖЭО-сы сол кездегі соқпалы құрылыстар болды. Ембі мұнай ауданы дамыды. Қосшатыл, Мақат; Құлсары, Сағыз сияқты жаңа кен орындары кеңейтілді. Қазақстан Түсті металдар өндірісі бойынша Одақта екінші орынға, мұнай өндіру бойынша үшінші орынға шықты, Қарағанды үшінші көмір базасына айналды.
Индустрияландыру жылдары тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары: Семей ет комбинаты, Гурьев балық консервілеу зауыты, Алматы жеміс консервілеу зауыты, Жамбыл, Меркі, Талдықорған қалаларында қант зауыттары салынды
Индустрияландыру өз нәтижесін берді. Қазақстан шаруашылығында өнеркәсіп басым салаға айналды. 1939 жылы оның үлесі 58,9% құрады. Бірқатар кенттер Қарағанды, Риддер, Балқаш, Арал – теңіз және т.б. сияқты қалаларға айналды, қала халқының үлесі тиісінше 8,2% - дан 27,7% - ға дейін өсті. Білікті жұмысшылар, инженерлік-техникалық кадрлар жасағы құрылды. 1926 жылы халық шаруашылығында жұмыс істейтін жұмысшылар 10,7% құрады, 1939 жылы олар 33,8% болды.
22. Образование Казахской ССР – новый этап в построении государства. /Қазақ ССР-нің құрылуы – мемлекет құрудағы жаңа кезең./Formation of the Kazakh SSR - a new stage in the building of the state
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
23. Насильственная депортация народов в Казахстан. / Қазақстанға халықтарды күштеп қоныстандыру./Forced deportation of peoples to Kazakhstan.
Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйедегі жаппай қуғын-сүргін кезеңіндегі непзсіз жазалау шаралары тек жекелеген адамдарға ғана емес, сондай-ақ жекелеген халықтарға да қарсы қолданылды.
Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйедегі жаппай қуғын-сүрпн кезеңіндегі непзсіз жазалау шаралары тек жекелеген адамдарға, дін иелеріне. әр түрлі әлеуметтік топтардың екілдеріне ғана емес, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік ұстанымы бойынша жекелеген халықтарға да қарсы қолданылды. Тоталитарлық жүйе жеке халықтарды саяси қуғындаудың депортациялау, яғни күштеп жер аудару әдісін қолданды. Жер аударылған халықтар реп-рессия зардаптарының барлық түрін бастан кешірді. Ол жөнінде 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүрпн құрбандарын ақтау туралы» заңында көрсетілді. Жекелеген халыктарға мемлекет тарапынан әртүрлі қысымдар қолданылды: күштеп қоныс ауда-ру; арнайы қоныстарға орналастыру; күштеп жұмыс істету арқылы қүқықта-рын шектеу; ұлттық ерекшеліктері жағынан мемлекетке өте қауіпті, сенімсіэ халықтар деп тану.
Бұл жерде мына деректен дәлел келтірсек, қаралып отырған мәселе әлде-қайда түсінікті болары сезсіз. Аудандық ІІХК бастығы жеткізген хабарлама-сында: «Кеңес Одағының фашистік Германиямен соғысына байланысты әр түрлі элементтер кеңес өкіметіне қарсы арандатушылық қауесет таратып жүр. Аудан бойынша кеңес екіметіне қарсы пиғылдағы элементтер: бүрын-ғы банды көтерілісіне қатысушылардан 93 адам, 936 кәріс және неміс», -деп атап көрсетілген.
Мысалы, КСРО-ныңХКК мен БКП(б) ОАК-ның 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулысында Қиыр Шығыс кәрістерінің қоныстарын аудару «өлкеге жапон тыңшыларын еткізбеу мақсатында» жүрпзілгенін айтады. Қиыр Шығыста тұратын кәрістер түр-түсі мен көлбеті жағынан ұқсастығына байланысты «жапон тыңшылары» деген желеумен жер аударылып, сенімсіз халық деп танылды. 1941 жылғы 28 тамыздағы КСРО Жоғары Кеңесі тералқасының «Еділ бойында түратын немістердің қоныстарын аудару» туралы жарлықта: «Мыңдаған лаңкестер мен тыңшылар бар, олар Германиядан келетін хабар бойынша жарылыстар ұйымдастыруды көздейді», яғни КСРО-ға қарсы бағыт-талған әрекет жасауда деп керсетілген.
КСРО-дағы жаппай қуғын-сүрпн жылдарында 3 млн астам адам жер аударылды. «Сенімсіз халықтар» қоныстанған арнайы аудандар - солтүстік облыстар, Сібір, Орал, Орта Азия және Қазақ жері болды. Бұл халықтардың ең көп белігі Қазақжері мен Сібірге қоныстандырылды. Қазақстан Республи-касының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясында жасаған баяндамасында жер аударылғандардың санының 1 миллион 200 мың екендігі туралы дерек келтірді.
Қазақ жеріне немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы, кәрістөрдің59%-ы, балқарлардың55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қоныстанушылар іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды және ІІХК-нің мынадай нұсқауларын орындады: «құпия тапсырмалар бойынша шет мем-лекеттің агенттерімен байланыс жасамау үшін «сенімсіз халықтарды» ше-гаралық аймақтарға орналастырмау»; «қашып кетпес үшін теміржолдардан алыс жерлерге орналастыру»; «бақылауға ыңғайлы болу үшін топтарымен орналастыру». Сонымен бірге олар әрдайым комендатураға барып, белп-леніп тұруы тиіс болды.
Күштеп қоныстандырудың зардабы өлшеусіз еді, оны басынан еткізген-дер ешқашан ұмытпайды. Бұрын емір сүрген жерлерінде олар барлықдүние-мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды», оның ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды мал таситын немесе тауар таси-тын вагондармен әкелді. Егер жауапты адамдарға болмашы ғана наразы-лық білдірген жағдайда, сол жерде, тіпті пойыз жүріп келе жатып немесе аялдаған жерде, жазалайтын болған. Қазақстанда қоныстанушылар клубтар-ға, бос қалған мешіттерге, ат қораларға, шошқа қораларға, қоймаларға ор-наластырылып, мұндай орындар да жетпей қалғандары ашық аспан астын-да өздеріне жертөлелер қазып алды. Қоныстанушылар арасында эпидемия-лық жұқпалы аурулар - іш аурулары, қызылша, дизентерия кең тарап, оба және тырысқақ аурулары, бит басу күшеиіп кетті.
Климаттың күрт ауысуы, өте ауыр тұрмыс жағдайы, нашар тамақтану, антисанитарлық жағдайда емір сұру қоныс аударушылар арасындағы өлімді кебейтіл жіберді. Бұл женінде ІІХК-ның қызметкерлерінің қүпия мәліметтерін­де: «Мұндай жағдайға жеткізуге болмайды, бұл - қылмыс», - деп жазған, Мұндай жағдайды жылқылар да көтере алмаған, сол себепті ІІХК қызметкер-лері жұмыс істеу үшін әлдеқайда төзімді өпздерді жіберулерін сұраған* Де-портациялық саясаттың қатал жағдайында Қазақжеріне ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген халықтардың жан сақтауы тек қазақ халқының туысқандық көмегінің арқасында ғана мүмкін болды, Қазақ халқы аштық нәубеті мен сая-си қуғын-сүрпн қасіретін басынан еткерсе де, басын қауіп-қатерге тіге оты-рып, қолындағы соңғы нанымен бөлісіп, тағдыр тәлкепне түскен халықтарға ең қиын сәттерде қол ұшын беріп, баға жетпес көмек көрсетті.
Зорлықпен кешірілген халықтар қилы заманда Қазақ өлкесінен пана тауып қана қойған жоқ, бастарынан қиыншылықтарды бастан өткізе отырып, өздері және ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты. Олар ездерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, кепұлтты Қазақ өлкесінен өзіне лайыкты орын тапты.
24. Реформы Советского правительства в образовании и науке в 20-30-е гг. XX в. / ХХғ. 20-30 жж. Кеңес үкіметінің білім, ғылым саласындағы реформалары./ Reforms of the Soviet government in education and science in the 20-30s. XX century
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін, ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды. Ең алдымен ересектер арасында «Сауатсыздықты жою» көзделінді. Халық арасында сауатсыздықты жою үшін арнайы мемлекет тарапынан қаражат бөлінді. Мектептер оқу құралдары және ұстаздармен қамтамасыз етілді. 1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Оның мүшелері жер-жерлерді аралап, халықтың арасында сауатсыздықты жоюға зор үлес қосты.
1921-1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды. Білім беру ісіне тек Қазақстанда 1921-1927 жылдары бір адамға шаққанда 68,9 тиын жұмсалды.
1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28% сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10 пайыз ғана болды. Мұнда айта кететін мәселе, араб тілінде жазып, оқи білетін қазақтар бұл тізімге ілікпеді. 1930-1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет жан-жақты қолдау көрсете бастады. 1931 жылы Қазақстанда 15-50 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді. Мысалы, 1928 жылы ағарту ісіне 12 млн сом жұмсалса, 1940 жылы бұл көрсеткіш 682 млн сомға дейін жетті.
Сауатсыздықты жою ісі бойынша Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Бұның себебі әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. 1936 жылы жер-жерде ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500 мыңнан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретінде көмегін тигізді. 1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40% жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, Алматы, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Орал, Лениногорск және тағы басқа қалалар сауатты қалаға айналды.
Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А.Байтұрсынов суретті әліппе, Ж.Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
Қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ.Мүсірепов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов көп еңбек сіңірді. Мысалы, Қ.И.Сәтбаев орта мектепке арнап алгебра оқулығын, Ә.Бөкейханов география оқулығын жазды. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады.
Соғыстың алдында республика мектептерінде 44 мың мұғалім жұмыс істеді. С.Ақышев, С.Көбеев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев, Л.И.Довранская, Н.В.Волков тағы басқа білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды. Сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей оқу міндетінің енгізілуі индустрия мен аграрлық салаға қажетті мамандардың көбеюіне ықпал етті.
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды. Ал 1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институт ашылды. 1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды. 1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды. Сондай-ақ, 1934 жылы Қазақстандағы тұңғыш университет С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Осы жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-техник кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931-1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақстанда ағарту, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салаларында ұлттық зиялылар қалыптасты. Сонымен қатар, Қазақ КСР-де жоғары оқу орындары саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
Кәсіптік білім беретін оқу орындарының көбеюі Қазақстан зиялыларының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Жаңадан ашылған жоғары оқу орындарында М.Әуезов, О.Жандосов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, Т.Жүргенов, С.Аспандияров тағы басқа қазақтың зиялы қауымдарының өкілдері қызмет атқарды.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ.Жұбанов, С.Аспандияров, Ж.Аймауытов, А.В.Затаевич, А.Байтұрсынов, Ә.Диваев, А.П.Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М.Е.Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.
1935 жылы профессор С.Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бері тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатов, М.Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.
С.Сейфуллин — «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «тар жол тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды. М.Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» дастандарын жазды.
С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды. І.Жансүгіров «Құлагер», Б.Майлин «Азамат Азаматыч», И.Байзақов «Құралай сұлу», Ғ.Мұстафин «Өмір мен өлім», Ж.Аймауытов «Қартқожа» туындыларын осы кезде жазды.
Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек», Ж.Аймауытовтың «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Б.Майлиннің «Жалбыр», М.Әуезовтің «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан» сияқты туындылары қазақ драматургиясының ірі табыстары ретінде белгілі болды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді. А.В.Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 ж.), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 ж.) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А.В.Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді. Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.
25. Казахстанцы на фронтах Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.)./ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы қазақстандықтар (1941-1945 жж.)./Kazakhstanis on the fronts of the Great Patriotic War (1941-1945)
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
26. Социально-экономическое развитие Казахстана в послевоенный период (2 половина 40-х – 50-е гг. XX в.)./Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы (ХХғ. 40-50 жж)./ Social and economic development of Kazakhstan in the post-war period (2 half of the 40s - 50s. XX century)
Ауыр соғыста жеңіске жету ел басқарудың әкімшіл әдістерінің дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Бұл жүйенің жетекші күші Коммунистік партия болды.
Соғыстан кейінгі жылдарда республика лагерьлер өлкесі болып қала берді. Күштеп көшірілгендер Қазақстанға, Орта Азия республикаларына, Батыс және Шығыс Сібірге орналастырылды. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиссариаты Басқармасының мәліметі бойынша, күштеп жер аударылғандар саны - 2 млн. 463940 (1946 ж. қазандағы санақ). Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға көмегін аяған жоқ.
Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығының үштен бірінен айрылды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация).
Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең.
40-жылдардың екінші жартысы - 50-жылдардың басы - кеңес адамдарының басым көпшілігі үшін ауыр кезең. Осыған қарамастан аға ұрпақ өкілдері сол жылдарды «алтын ғасыр» деп атайды.
Сталиннің қазасынан кейін (1953 жыл 5 наурыз) аппаратқа, қуғындаушы органдарға сүйенген жүйе дәуірі аяқталды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап игі істер атқарылды.
Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1959 жылы Қазақстан өнім өндіруден Одақта 3-орынға шықты.
Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 100 млн. - 1 млрд 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін облыстар: Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдіктер жасалды.
60-жылдардың ортасындағы жүргізілген шаралар - соғыстан кейінгі кезең ішіндегі экономиканы қайта құруға бағытталған ең ірі ұмтылыс.
1960 ж. ортасынан 1980ж. ортасына дейінгі кезең - тоқырау жылдары. Тоқырау кезеңінің идеологиясындағы басты бағыттардың бірі - орыстандыру саясаты.
128. Ғылым мен мәдениетке сталиндік қыспақ. Е. Бекмаханов ісі (1951-1952 жж.)
Соғыстан кейінгі жылдарда сталиндік тоталитарлық жүйе ғылым мен мәдениеттің дамуына белгілі мөлшерде кедергі жасады. Мысалы, коммунистік партияның қатал идеологиясы қоғамдық ғылымдарға қатты қыспақ көрсетті.
Қазақстан партия комитеті БК (б) П Орталық Комитетінің 1946 жылғы зиялы қауымды саяси қудалауға арналған қаулысын орындау мақсатында жұмыс істеді. Осыдан бастап көптеген зиялы қауымдардың, ғылым, мәдениет өкілдерінің саяси қудалауы басталды. 1947 жылы коммунистік партия Қазақ КСР Ғылым академиясыныңқұрамындағы Тіл және әдебиет институтына XIX ғасырға дейінгі қазақ әдебиетінің рухани мұрасын зерттеуге тыйым салды. Себебі бұл кездің мұралары «ескінің қалдығы» ретінде сипатталды. Қазақ КСР Ғылым академиясында, Мемлекеттік университетте, жазушылар қауымы өкілдері ішінен «халық жауларын», «бөгде ойлы адамдарды» іздеді.
М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Қ. Жұмалиев, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан сияқты қазақстанның біртуар ұлдарына «ескіні жазушылар» ретінде негізсіз айыптар тағыла бастады. Белгілі ғалымдарға (А. Жұбанов, Б. Сүлейменов, Е. Ысмаилов, С. Кеңесбаев т. б.) әр түрлі жала жабылды. М. Әуезов, Қ. Сәтбаев сияқты ғалымдар біраз уақыт бойы қазақстаннан тыс жерлерді (Ленинград, Москва) мекендеді.
Е. Бекмаханов ісі.Ермұхан Бекмаханов Воронеж педагогика институтын бітірген тарихшы ғалым болды. Е. Бекмаханов 1943 жылы «Қазақ ССР тарихы» атты еңбек жазып, 1946 жылы докторлық диссертация қорғады. 1947 жылы диссертациясын «XX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында монография етіп шығарды. Е. Бекмаханов бұл еңбектерінде 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы кең көлемде жазған болатын. Осыған байланысты Е. Бекмахановқа Ресейге қарсы көтерілісті жақтаған, Кенесары қозғалысын ақтауға тырысқан буржуазияшыл, ұлтшыл деген айып тағылды. 1950 жылдан бастап коммунистік партия баспасөз арқылы Е. Бекмахановты ашық айыптай бастады.
1951 жылы ҚазКСР-нің Жоғарғы соты Е. Бекмахановты айыпты деп тауып, 25 жылға бас бостандығынан айырды. Ол Гулаг лагеріне жазасын өтеуге жіберілді. Е. Бекмаханов 1954 жылы ақталып түрмеден босады. Оның бостандыққа шығуына А. М. Панкратова, А. П. Кучкин сияқты ғалымдар көп көмек көрсетті. Е. Бекмаханов ақталып шыққаннан кейін, өзінің ғылыми педагогикалық жұмысын жалғастырды. Е. Бекмаханов 1966 жылы қайтыс болды.
129. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру (1954-1958 жж.)
Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 миллион гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын. Тың жерлердің игерілуі жүргізілді:
Ақмола, Солтүстік Қазақстан;
Қостанай, Көкшетау;
Торғай;
Павлодар облыстарында.
Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшылар келді. 1953-1958 жылдар аралығында совхоздар мен колхоздарға 266,6 мың механизатор, 1954 жылы Ақмола облысына тың игеру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдіктер жасалды. Тың игеруге келген әр адамға 150-1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т. б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалдық елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
Тың игерудің салдары. Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, Мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650000 тың игерушінің 150000-ы ғана механизатор болды. Нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар, қылмыстар етек алды.
Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бүлінген тракторлар мен комбайндар, ауыл шаруашылық техникасы жіберілді.
Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жерлер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Мал шаруашылығының шығынға ұшырауынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарылды. Тың игеру жылдары келген 2 миллионға жуық басқа ұлт өкілдеріне берілген артықшылықтар қазақ халқын менсінбеушіліктің көрінісі болды.
130. Ғылым мен білімнің дамуы (1946-1964жж)
Соғыстан кейінгі уақытта мәдениет, еліміздің рухани жағдайы қатал сталиндік идеологияның қыспағында болды. Тоталитарлық режим бұл саланы өз дегенімен басқарып отырды.
Ағарту ісі.Соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру жолында кездескен басты кедергілердің бірі - қажетті мамандардың жетіспеуі.
1946 жылы коммунистік партия Қазақстанда жоғары және орта білім беру ісін дамыту шаралары жөнінде қаулы қабылдады. Қазақстанға көптеген білікті мамандар жіберіліп, білім беру ісіне қаражат бөлінді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары мемлекетке қажетті 60000-дай маман даярланды. 1950 жылы республикада білім беру ісіне 146,5 млн. сом жұмсалды. Нәтижесінде көптеген жаңа мектептер мен интернаттар салынды. 1950 жылы Қазақ КСР-дегі мектептердің саны 9088 болды. Бұл мектептерде 1493000 оқушы оқыды.
1950 жылы республикада міндетті орта білім алу жүйесі енгізілді.
Ғылым.Халық шаруашылығын қалпына келтіру барысында негізгі қажеттіліктердің бірі ғылыми-зерттеу жұмыстары болды. 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды. Ғылым академиясының алғашқы президенті болып ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Қазақ КСР Ғылым академиясының жұмысын ұйымдастыру бағытында С. И. Вавилов, И. П. Бардин, А. М. Панкратова сияқты КСРО Ғылым академиясының белгілі ғалымдары көп еңбек сіңірді. Құрылған күннен бастап Қазақ КСР Ғылым академиясы көптеген аса күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1946-1949 жылдар аралығында Ғылым академиясы 900-дей жаңалық ашты.
1950 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрамында 50 ғылыми-зерттеу мекеме жұмыс істеді. Ғылым академиясының 19 ғылыми-зерттеу институтында 500 аспирант оқыды.
Әдебиет.Қазақ әдебиетінің соғыстан кейінгі жағдайы нашар болмады. Бірақ сталиндік идеология әдебиеттің дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясының екі кітабын аяқтады.
1949 жылы «Абай жолы» роман эпопеясы үшін ол мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл туынды - қазақ әдебиетінің аса үлкен жетістігі.
Соғыстан кейінгі жылдарда Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», С. Мұқановтың «Сырдария», М. Иманжановтың «Алғашқы айлар» романдары, Қ. Бекхожин мен Ғ. Ормановтың, А. Тоқмағанбетов пен Т. Жароковтың, Ә. Тәжібаевтың өлеңдер жинақтары жарық көрді.
27. Семипалатинский ядерный полигон - результат холодной войны./ Семей ядолық полигоны – қырғи қабақ соғыстың нәтижесі./ Semipalatinsk nuclear test site - the result of the Cold War
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
ұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.
28.Развитие народного образования, науки и культуры Казахстана в 50-80-е гг. XXв./ ХХғ. 50-80жж. Қазақстандағы білім, ғылым, мәдениеттің дамуы. /Development of public education, science and culture of Kazakhstan in the 50-80s. XX century
Қазіргі заманғы тарихи дамудың барысы дүниенің мәдени және өркениетті қайта жаңаруына тікелей әсер етті.ХХ ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жүзжылдыққа айналды: әлеуметтік толқулар мен дүрбелеңдер мемлекеттердің саяси құрылысын күрт өзгертіп, қоғамдық 
тәртіптер, адам санасы мен өмір салты, тұрмысы жаңарды.Өз кезегінде ғылым мен мәдениеттегі, әдебиет пен өнердегі сан алуан процестер адам баласы зияткерлігінің толық ашылуына әкелді. Техниканың қарқынды дамуы, алдыңғы қатарлы технологиялардың жасалуы, дүниежүзілік кеңістікті белсенді игеру және т.б. ғылымның өндірістегі негізгі күшке айналуына жағдай жасады. 
Ғылыми үлгілердің өзара алмасу үдерістері өтіп, дүниеге жаңа көзқарас қалыптасты. ХХ ғасыр рационализм мен оғаштыққа толы уақыт болды, ол рухани және материалдық мәдениеттен ізсіз өткен емес. Бір жағынан, заманауи қоғамның негізінде адамзатқа деген сүйіспеншіліктің жоғары мұраттары, теңдік, бостандық демократия идеялары жатса, екінші жағынан, стандартталу мен бірегейлену үдерісі, материалдық тұрмыс дәрежесінің өсуі бұл құндылықтар бағасын арзандатып, рухани тоқырауға апарып соқтырады. Ғылыми-техникалық прогреспен туындаған технократиялық 
саралау гуманитарлық саладан жоғары тұр, қоғамдық санадан гуманизм
идеялары сырт қалуда. Мәдениет, ғылым, әдебиет пен өнер рөлінің артуын мақсат тұтқан қоғам үшін аталған факторлардың болуы, әлбетте, алаңдаушылық туғызады.Өткен ғасырда аймақтық мәдениеттер қалыптасты: мәдениет дәстүрлі ұлттық үлгілер шеңберінен шығып кетті. Кірігу мен жаһанданудың әсерімен ол іс жүзінде барлық халықтар мен этностардың рухани құндылықта-
рын айрықша жинақтай отырып, интернационалдық мәдениетке айналды. Мәдениеттің даму үдерісі әдеттен тыс сан алуан, соған сәйкес мәдени бағыттар да түрлене түсті. Сондықтан да мәдениеттің дамуына, оның бағыттарына бір жақты баға беру қиын. Оның үстіне жаһандану үдерісінің күшеюі ХХ ғасырдың феномені — бұқаралық мәдениеттің пайда болуына әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет