2. автономия/ autonomy


Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қырғыз Ревкомының құрылуы және алға қойылған міндеттер



бет23/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

16. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1918-1920). Қырғыз Ревкомының құрылуы және алға қойылған міндеттер.
Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысыныңәкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.
1919 жылғы 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құрылды. Құрамы: Астрахань губерниясының қазақтар тұратын бөлігі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары.
Қазревком міндеттері:
1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.
2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мəдени құрылыс үшін жағдай жасау.
3. Кеңестердің Құрылтай съезін əзірлеу.
17. Қазақстандағы саяси қуған-сүргін және заңдылықтардың бұзылуы (ХХғ. 20-30 жж.)
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады.
1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды.
Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет