2. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету



бет1/16
Дата19.02.2022
өлшемі50,96 Kb.
#132545
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ОҚУ ЖОСПАРЫ
Броундық қозғалыстың механикалық моделі СӨЖ 2, Броундық қозғалыстың механикалық моделі СӨЖ 2, Броундық қозғалыстың механикалық моделі СӨЖ 2, 2 СӨЖ Молекулалық физика, 2 СӨЖ Молекулалық физика, 2 СӨЖ Молекулалық физика, 2 СӨЖ Молекулалық физика, бағалау реферат, КТЖ 2023-2024ж.ж.5-11сынып Математика

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
Филология факультеті
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы




Оқу жоспары


Шымкент 2022 жыл
Түсінік хат

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «2019-2020 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа, «ҚР бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік типтік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығы, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып құрылды.
2. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
3. "Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;
4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
4. Қазақ тілі" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
5. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормаларын сақтау.
6. "Тыңдалым және айтылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) мәтіннен ақпаратты анықтау;
4) негізгі ойды анықтау;
5) тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;
6) сөйлеу мәдениетін дамыту.
7. "Оқылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
4) мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
5) мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;
6) оқылым стратегияларын қолдану;
7) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
8. "Жазылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жоспар құру;
2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
4) эссе жазу;
5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
9. "Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі" келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфографиялық норма;
2) орфоэпиялық норма;
3) лексикалық норма;
4) грамматикалық норма;
5) пунктуациялық норма.
14. 9-сыныпқа арналған "Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым:
әртүрлі жанрдағы орта көлемді мәтіндердегі мақсатты аудитория мен тілдік құралдардың рөлін талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу, мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау, мәтінде айтылған ойға өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беру;
2) оқылым:
тұтас емес мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу, қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану, мақала, аннотация, презентация, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, әртүрлі стильдегі мәтіндердің қызметін, құрылымын, ерекшелігін салыстыру, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу, ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау;
3) жазылым:
күрделі жоспар құру, әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, жағдаятты талқылау, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе), перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу, тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма: жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу,эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу, жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау;
орфоэпиялық норма: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
лексикалық норма: лексикалық стилистика заңдылықтарын дұрыс қолдану;
грамматикалық норма: құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу, салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану, сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану, аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану;
пунктуациялық норма: құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет