2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет16/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгiнiң ұғымы
2.Құқық қабiлеттiлiгiнiң жəне “субъективтi құқықтың ұғымдарының арақатынасы
3. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгiнiң мазмұны
4. Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгiнiң пайда болуы мен тоқтатылуы
5. Азаматтардың əрекет қабiлеттiлiгiнiң ұғымы
6. Азаматтардың əрекет қабiлеттiлiгiнiң мазмұны
7. Кəмелетке жасы толмағандардың əрекет қабiлеттiлiгi
8. Əрекет қабiлеттiлiгiн шектеу жəне азаматтарды əрекет қабiлеттiгi жоқ деп танудың түсiнiгi мен негiздерi
9. Хабар-ошарсыз кеттi деп тану жəне оның құқықтық салдары
10. Азаматты өлдi деп жариялау жəне оның құқықтық салдары


5 тақырып. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР

  1. Заңды тұлғаның түсінігі, белгілері

  2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi және заңды тұлғаны дараландыру құралдыры

  3. Заңды тұлғанаң пайда болуы және тоқтатылуы



1. Заңды тұлғаның түсінігі, белгілері.
ҚР АК 33-б. 1-т. сәйкес заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие больш, оларды жүзеге асыра алатьш, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымды айтады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс.
Заңды тұлғаның белгілері: -ұйымдық бірлік; -мүліктік оқшауланушылық; -дербес мүліктік жауапкершілік; -азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Мүліктік оқшаулық заңды тұлғаның атында заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену пайдалану және оған билік ету құқығы. Көбінесе мүлік заңды тұлғаның меншік құқығында болады. Өзге жағдайларда заңды тұлғаның мүлкі шаруашылық жүргізу құқығы негізінде танылады мұндай құқықтарға тек мемлекеттік кәсіпорындар ие. Өйткені мүлікке меншік құқығы меншік иесінің өзіне тиесілі болады, ал заңды тұлғаның мүлікке билік ету құқығына белгілі шектеулер қойылады. Ал мүлікті иелену және пайдалану құқығына шектеулер қойылмаған. Кейбір заңды тұлғалардың мүлікке ең шектеулі заттық құқық болып табылатын жедел басқару құқығы негізінде беріледі.
Өз міндеттемелері бойынша заңды тұлға өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Аталған заңды тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның қызметкерлері, өзге заңды тұлғалар жауап бермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет