2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Мәміле жасайтын адамның еркін білдіру бостандығы



бет37/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Мәміле жасайтын адамның еркін білдіру бостандығы. АК 159-б. 8-10-тармақтарында көзделген мән-жайлар адамның еркін білдіру бостандығын бұзу себептері бойынша мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болады.
АК 159-б. 8-т. елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойьшша жарамсыз деп тануы мүмкін дейді. Мәміленің табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкіндігін айтарлықтай төмендететін мәннің сапасына қатысты жанылысудың елеулі мән болады.
Адамның өзі жасайтын мәміленің сипаты мен элементтері туралы теріс, қате түсінігінің болуын жаңылысу деп түсінеді. Мысалы, азамат затты сатып алуда оны сирек кездесетін данаға жатады деп ойлайды. Сатушы да осылай ойлайды. Алайда, мамандар олардың қателігін анықтайды.
Кез келген жаңылысу емес, тек мәнді жаңылысу ғана мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болуы мүмкін. Жаңылысудың мәнді объективті сипатга болуға тиіс және мәміле туралы онсыз шаруашылық айналымның әдеттегі қатысушысы мұндай мәмілені жасаспайтындай түсініктің бұрмалануына әкеп соқтыруы тиіс деп ойлаймыз.
Адам мәміле жасау кезінде басшылыққа алған себептерден жаңылысу оны жарамсыз деп тануға негіз бола алмайды, өйткені ол мәміленің субъектілеріне де, сипатынада, шартына да жатпайды. Мысалы, азамат басқа қаладан жұмыс табамын деп қателесіп, кетуге дайындалады да, жиһаздарын сатып жібереді. Кейін жұмысқа орналаса алмадым деп, көшу жоспарын өзгерді деген желеумен жиһазды сату шартын жарамсыз деп тануды талап етуге болмайды.
АК-ның 159-бабы дәлелдерден жаңылысу кейінге қалдыру немесе күшін жою шарты ретінде, мәміленің мазмұнына осындай дәлелді енгізген кезде ғана мәміле жарамсыздығының негізі бола алады деп тікелей айтады. Мысалы бірлескен кәсіпорындар құру туралы құрылтай шарттарын атауға болады, оларға шетелдік қатысушылар өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтаған соң, егер Қ.Р Үкіметі шарттың талаптарын қолдаса немесе қажетті банк несиесі алынатын болса, олар жүзеге асырылатын болады деп уағдаласады.
АК 159-б. 9 және 10-т. негіздер мәміле жасайтын тараптың ішкі еркінің сыртқы көрінісінен алшақтығын қамтиды, оның үстіне, мұндай алшақтықта әдетте кінәлі келесі жақ болып табылады. Аталған баптың 9-тармағы, ең алдымен, мәміле жасауға мәжбүрлеу үшін қолданылатын алдау, қорқыту және зорлық-зомбылық жасау туралы айтады.
Алдау дегеніміз мәміле жасауға мәжбүрлеу құралы ретінде оның қатысушысында мәміленің сипаты, субъектілері, нысанасы немесе өзге де жағдайлары туралы саналы түрде теріс түсінік қалыптастыру болып табылады. Мысалы, мәмілеге қатысушылардың бipeyi өзінің көшірме ұсынатынын жақсы біле тұра, екінші қатысушыны оған түпнұсқа картинаны сататынына ойландырады.
Алдау белсенді ic-әрекеттер жасаудан (заттың бойында жоқ қасиеттерге ойландыру, жалған құжаттар ұсыну және т.с.с.) не мәміленің бip қатысушысы екенінің қателескенін түсіне тұра, бұл қатені өз мүддесі үшін пайдаланатын саналы әрекетсіздіктен тұруы мүмкін.
Алдаудың жаңылысудан (8-тармақша) айырмашылығы, ол қашан да мәміле туралы саналы түрде тepic түсінік қалыптастыру болып табылады.
Адамды алдау арқылы оны өзі үшін пайдасыз мәміле жасауға мәжбүрлеу алдаушыны алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартуға әкеп соқтыруы мүмкін. Қылмыстық жауапқа тарту АК 159-б. 6-т. ережелері бойынша мәмілені жарамсыз деп тануға ұштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет