2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет10/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Бақылау сұрақтар:
1. Азаматтық құқықтың қайнар көздері
2. Азаматтық заңдардың құрамының ерекшеліктері
3. Азаматтық заңдарды қолданылу шектері
4. Азаматтық заңнамалар
5. Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы
6. Азаматтық заңдардың кеңiстiктегi қолданылуы
7. Азаматтық заңдардың субъектiлерге байланысты қолданылуы
3 тақырып. АЗАМАТТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
1. Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы және олардың түрлерi
2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны, субъектiлерi мен объектiлерi
3. Азаматтьқ-құқықтық қатынастардьң пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi



  1. Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымы және олардың түрлерi.

Қоғамдық қатынастар құқықтың түрлi салаларының нормаларымен реттеледi. Азаматтық құқық негiзiнен меншiк қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейдi. Азаматгық құқық сондай-ақ мүлiктiк емес жеке қатынастарды да реттейдi.
Азаматтық-құқықтық қатынастар дегенiмiз азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
Ааматтық-құқықтық қатынастардың түрлерi. Азаматтық-құқықтық қатынастардың объектiлеріне қарай мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар ажыратылады. Мүліктік құқықтық қатынастар әрқашан мүліктік игіліктерге (мүлікке) қатысты туындайды және мүліктің нақты тұлғада болуымен не мүліктің бір тұлғадан басқа тұлғаға ауысуымен (шарт бойынша, мұрагерлік тәртібінде) байланысты. Мүліктік құқықтарды қорғау үшін мүліктік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін (тұрақсыз төлем, зиянды өтеу және т.б.).
Мүліктік емес құқықтық қатынастар қадір-қасиет, абырой, іскерлік бедел, авторлық құқық және т.б. сияқты материалдық емес игіліктер жөнінде туындайды. Мұндай құқықтық қатынастарды қорғау үшін мүліктік шаралармен қатар (моральдық зиянды өтеу) мүліктік емес сипаттағы шаралар қолданылады (авторлықты тану, жария теріске шығару және т.б.).
Құқылы және мiндеттi тұлғаның өзара байланысының сипаты бойынша абсолюттiк және салыстырмалы құқықтық қатынас болып бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет