2-билет Абайдың бірінші қара сөзі


-билет 1.Оралхан Бөкей «Атау кере» повесі



бет16/25
Дата27.10.2023
өлшемі92,62 Kb.
#188535
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
2-билет Абайды бірінші ара с зі

17-билет
1.Оралхан Бөкей «Атау кере» повесі
Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады.
2. Абайдың сегізінші қара сөзі
Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу — болыс, біреу — би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? — деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.
3. «Шашты» әңгімесінің тұжырымдамасы
Жаугершілік заманда шапқыншылар өзге елді тұтқиылдан шауып, сұлу қыздары мен батыр ерлерін еріксіз алып кететін. Тұтқынға түскен бойжеткендерді күң етсе, ер азаматтарын құл қылатын. Туған елге деген сағыныш еріксіз тұтқынды да тәуекелге бел буып, қашуға итермелейді-шығарманың беретін сезімі де осы. Әңгімеде ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі секілді мәселелер талқыланады. Шығарманың өзіне тән ерекшелігі, асыра сілтеу секілді әдеби құралдары жиі қолданылмайды, себебі бұл өмірде болған тарихи оқиғаға негізделіп жазылған. Жазушы шағын әңгіме арқылы жауынгер қазақ халқы рухының мықтылығына назар аударған. Оған дәлелдер:тұтқындағы жылқышының өр мінезі. Жас бала Кенжебектің айшылық алыс жерден жалғыз қашып келуі.

Қорытындалый келе Шашты шығармасы сол заманның өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай, бүгінгі күнмен де тығыз байланыстырған. Сол заманда ер азаматтар ар-намыс секілді бағалы қасиеттерінен құл болғандықтан айырылса, қазіргі заманның ер адамдары сол секілді қасиеттерді өз бойынан жоғалтып, еркек аттарынан ерікті түрде айырылып жатыр. Бұл мәселенің бүгінге дейін де өзекті болып келе жатқаны бәрімізге белгілі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет