2-билет Абайдың бірінші қара сөзі


-билет 1. М.Әуезов және оның шығармашылығы



бет15/25
Дата27.10.2023
өлшемі92,62 Kb.
#188535
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
2-билет Абайды бірінші ара с зі
osh sor himija emn 10-klass kaz, 2 5341648553997513909
16-билет
1. М.Әуезов және оның шығармашылығы
Қорғансыздың күні», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Көксерек», «Қыр» әңгімелері, «Жетім», «Қараш-қараш оқиғалары», «Қаралы сұлу», «Қилы заман»
2. Абайдың табиғат тақырыбына арнаған өлеңдері
Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде


*Күз» өлеңінде шөп қуарып, күн салқындап, көңілсіз кездің келу суретін бұлжытпай берумен қатар, мал баққан көшпелі, шала көшпелі ел үшін күздің жағдайсыз кезең екендігін айқындайды.


Абай «Қыс» деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды. Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде, Абайдан басқаларда кездеспейді. «Қыс» деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға, жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады. Өйткені қыс өз тұлғасында толық берілген. «Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері - ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.


Абайдың «Масғұты» - қысқа сюжетті оқиға байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешуі бар поэма. Поэмадағы шал мен Масғұт арасындағы және хан мен Масғұт араларындағы диалогтар мен ерлік қимылдарын баяндау арқылы Масғұт ұнамды қаһарман, ерлігіне ақылы сай, парасатты адам бейнесінде суреттелінеді. Өзінің ақылының арқасында ол «Шығыстың күні» деген атқа ие болды деп қорытады ақын. Ал поэманың негізгі идеясы - әйелдің қоғамдағы атқаратын ролін дәріптеу («Абайдың реализмін» баяндаған бөлімде бұған әдейі тоқталғанбыз).
3. Оразақын Асқар өмірбаяны, шгығармалары
Оразақын Асқар (16.05.1935, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы — 24.01.2019, Алматы) — ақын.
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Суан руынан шыққан.[1] Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.
1955 жылы ата-мекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.
Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.
«Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.
1996 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарының иегері. Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері. Панфилов ауданының Құрметті азаматы.
Шыгармалары

Тұңғыш. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ. 1964;


Мейірім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975;
Күнгей. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1975;
Ләйлә. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977;
Көкорай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979;
Балқарағай. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1981;
Сәулет. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1984;
Таудай бол! Өлеңдер. А., «Жалын», 1984;
Белжайлау. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1985;
Расти большим. А., «Жалын», 1985;
Өркеш. Таңдамалы, А., «Жалын», 1987;
Қара өлең. А., «Жазушы», 1989;
Баркөрнеу. Таңдамалы, А., «Жалын», 1992;
Құран хикаялары. Аударма. А., «Жалын», 1992;
Керімсал. А., «Жазушы», 1994;
Жарапазан. А., «Балауса», 1995;
Суретті әліппе. А., «Өнер», 1996;
Әрі итер әлеміне саяхат. А., «Интерпечать», 1999.
Орбұлақ. Өлеңдер. А., «Ануар», 2000;
Тәуелсіздік тартулары. А., «Өнер», 2001;
Отан деп оянғанда. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жалын», 2004;
Атамекенге оралғанда. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2005;
Ұяда нені көрсең... Өлеңдер. А., «Балауса», 2005;
Қос қоңырау. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005;
Сүт сыйлықтары. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005;
Ұлттық ойындар. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005;
Жаңа баталар. Өлеңдер. А., «Балауса», 2005;
Жеткіншек. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Балалар әдебиеті», 2005;
Әріп - дыбыстық таңбасы. Өлеңдер. А., «Аруна», 2005;
Дербестік дес бер-генде. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2006;
Мерекелер. Өлеңдер. А., 2007;
Алтын абдыра. А., «Балауса», 2007;
Елеулі елу ертегі, жебе дей жетпіс жұмбақ. А., «Ана тілі», 2007;
Ел ішінде. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2008;
Інжу маржан. Әлем елдерінің халықтық жырлары. Аударма. А., «Балауса», 2008;
Балаларым - бақытым. Өлеңдер. А., «Алматыкітап», 2008;
Ақша туралы ақиқат. Өлеңдер. А., «Мектеп», 2008;
История денег. Стихи. А., «Мектеп», 2008;
Логопедтік әліппе. Өлеңдер. А., 2008.[4]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет