2-блок: Педагогика, оқыту әдістемесі Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар



Pdf көрінісі
Дата02.11.2019
өлшемі138,09 Kb.
#51000
Байланысты:
203 var 12 pedagogika -o ytu- d stemes


2-БЛОК: Педагогика, оқыту әдістемесі  

 

Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар  

 

1.  Тәрбиенiң өмiрмен, еңбекпен байланысы принципi қарастырады 

A) бiлiм мазмұнын игеру 

B) барлық балалар мен жас жеткiншектердiң өндiрiстiк еңбекке қатысуының 

мiндеттiлiгi 

C) тәрбиешiлер мен ата-аналардың әрекетiнiң кесiмдiгi 

D) жағымсыз әрекеттермен, жалқаулықпен, босқа жүрушiлiкпен күрес 

E) тәрбиенiң әдiс, құрал және түрлерiнiң байланыстылығы 

 

2.  Дене тәрбиесiнiң мақсаты 



A) саналы тәртiптi қалыптастыру 

B) дене тәрбиесiн қалыптастыру 

C) жiгiттер мен қыздардың мақсатталған мiнез-құлқын қалыптастыру 

D) эстетикалық мәдениеттi қалыптастыру 

E) дүниетанымды қалыптастыру 

 

3.  Адамның өзінде жеке тұлғаның жағымды сапаларын дамытуға 



бағытталған саналы іс-әрекет 

A) өзін-өзі үйрету 

B) алғашқы тәрбие 

C) өзін-өзі тәрбиелеу 

D) тәрбие 

E) өзін-өзі өзгерту 

 

4.  Этикалық әңгіме 



A) конкурстар 

B) пікірталастар 

C) дәрістер 

D) үйрету 

E) оқушылардың бойындағы белгілі қасиеттерді тәрбиелеу жоспарлы түрде 

өткізіледі 

 

5.  Нақты мен абстрактылы түсiнiктердiң арасындағы дұрыс арақатынасты 



қажет ететiн принцип 

A) берiктiк 

B) ғылымилық 

C) саналылық 

D) көрнекiлiк 

E) түсiнiктiлiк 

 


6.  Адамның дүниені тану процессін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен 

іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке 

тұлғаны қалыптастыру нәтижесі: 

A) тәрбие 

B) білім беру 

C) педагогикалық процесс 

D) оқыту 

E) үйрену 

 

7.  Оқытудың көрнекiлiк әдiсi 



A) таблицалар, графиктер, диаграммалар құрастыру 

B) өзiндiк бақылау, иллюстрация, демонстрация 

C) кiтаппен жұмыс iстеу 

D) әңгiмелесу, нұсқау 

E) графикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, жаттығулар 

 

8.  Білім беру мазмұнын анықтаушы құжаттар: 



A) оқу жоспары, оқу бағдарламалары 

B) күнтізбелік жоспар, сабақтың жоспары 

C) әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары 

D) ҚР-ның конституциясы 

E) ҚР-ның «Білім туралы» заңы 

 

9.  Оқушылардың жетiстiктерiн талдау мына мақсатта жүзеге асырылады 



A) ағымдағы бақылау үшiн 

B) бағалардың жинақталуы үшiн 

C) оқушылардың әрекетiн тиянақтау және оқу процесiн басқару үшiн 

D) оқытуды жекелендiру үшiн 

E) мерзiмдi бақылау үшiн 

 

10.  Мұғалім сабақты жоспарлауды 



A) әрбір жеке сабақтың тақырыптық жоспарға сәйкестігін нақтылаудан 

бастайды 

B) пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандартымен танысудан 

бастайды 

C) балалардың мүмкіншіліктерін анықтаудан бастайды 

D) сабақта қолданылатын тапсырмаларды құрастырудан бастайды 

E) сабаққа қажетті құралдарды анықтаудан бастайды 

 

11.  Жеке адамға ықпал ететін факторлар 



A) Өзін өзі тәрбиелеу, белсенділік 

B) Еңбек, оқу, білім 

C) Ойын, іс әрекет, тәрбие 

D) Мектеп, орта, отбасы 

E) Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие 


12.  Жеке тәжірибенің дамуы, басқалар жасаған тәжірибені және ғылыми 

басылымдарды меңгеру, қателер мен сынақтар әдісі, эксперимент 

A) мектепті жаңарту жолдары 

B) тұлғаны тәрбиелеу әдістері 

C) ұжымдық әрекет түрлері 

D) мектеп пен отбасының ынтымақтастығы 

E) мектептің әдістемелік бірлестігі 

 

13.  Г. Эббингауз заңдылық ұғымы  



A) Еске сақталған ақпараттардың 60% алғашқы 1 сағаттың ішінде 

ұмытылады, ал 6 күннен кейін адамның есінде бастапқы есте сақталған 

ақпараттың 20%  кемі қалады 

B) Адамның ішкі күй-жағдайы оның сыртқы келбетінде бейнеленеді, және 

керісінше, адамның сыртқы келбеті оның ішкі күй-жағдайына әсер етеді 

C) Берілген тапсырмалардың ішінде аяқталған іс-әрекеттер мен 

тапсырмаларға қарағанда аяқталмаған іс-әрекеттер мен тапсырмалар есте 

жақсы сақталады 

D) Адам туралы қалыптасқан алғашқы қабылдау әсері күшті болып келеді. 

Бұл эффект сол адам туралы келіп түскен кейінгі ақпараттарды қабылдатпай, 

тарқатып, есте қалған алғашқы әсерін сақтап отырады 

E) Адам туылғаннан бастап есеюі кезеңінде қажеттіліктердің 7 сатысынан 

өтеді. Осы қажеттіліктерге байланысты ол адамның мотивтері анықталады 

 

14.  Педагогикалық іс-әрекеттің гуманистік қағидасы: 



A) тұлғаны мұғалім тәрбиелейді 

B) тұлғаны мұғалім жетелейді 

C) тұлғаны мұғалім оқытады 

D) тұлғаны тұлға тәрбиелейді 

E) тұлғаны тұлға оқытады 

 

15.  И.А. Зимняя бойынша сабақты психологиялық талдаудың кезеңдері 



A) ұйымдастыру, талдау 

B) анықтау, дамыту, түзету 

C) зерттеу, танымдық, шеберлік 

D) танымдық, шығармашылық 

E) шамалаушы, ағымдық, ретроспективтік 

 

16.  Өктемшілдік стильдің көрінісі болып табылатын қарым-қатынас стилінің 



түрі: 

A) топтық 

B) ұжымдық 

C) дистанция 

D) достық 

E) жолдастық 

 


17.  Мұғалімнің белгілі бір жағдайда неге дәл солай жасағанын түсінуіне 

көмектесетін үдеріс  

A) іс-әрекетке жетелейтін толғаныс 

B) іс-әрекеттен кейінгі толғаныс 

C) жоспарлаудағы толғаныс 

D) іс-әрекеттегі толғаныс 

E) іс-әрекетке дейінгі толғаныс 

 

18.  Білім алушы мұғалімнің басқаруынан тәуелсіз болатын типті жүйенің 



сипатын көрсетіңіз  

A) өзінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, шын қажет болған жағдайда ғана 

көмек сұрайды 

B) жұпта және топта жұмыс істеген кезде өз ара симметриялы іс-әрекетке 

түсе алады 

C) жұмыстың құндылығын айқындап, мақсатын, орындалу ұзақтығын, 

нәтижесін белгілейді 

D) тақырыпты игеру кезінде мұғалімнің айтқан нұсқаулығын бойынша 

орындап шыға алады 

E) құрдастарының көмегіне жүгіне отырып, оқуда қойлыған міндеттерді 

бірлесіп шешеді 

 

19.  Ережелерді абсолютті  және мызғымас деп қабылдайтын моральдік 



пайымдау кезеңі (Кохлберг) 

A) әлеуметтік тәртіпті қолдау 

B) тұлғааралық қатынастар 

C) әлеуметтік шарт, жеке құқықтар 

D) әмбебап қағидаттар 

E) тілалғыштық және жазалау 

 

20.  Оқу пирамидасына сәйкес оқушылардың алған ақпаратты есте 



сақтауының ең тиімсізін көрсетіңіз 

A) тәжірибе жасау 

B) дәріс 

C) талқылау 

D) өзгелерді оқыту 

E) көрсетілім 

 

21.  Жаттап алынған білімді анықтауға арналған сұрақ 



A) сынақтан өткізу 

B) жетелеуші 

C) төмен дәрежелі 

D) жоғары дәрежелі 

E) түрткі болу 

 

 



22.  Білу деңгейіндегі тапсырмаларға бағытталған сұрақ 

A) төмен дәрежелі 

B) сынақтан өткізу 

C) жоғары дәрежелі 

D) жетелеуші 

E) түрткі болу 

 

23.  Мұғалімнің оқытудың дамытушы теорияларын оқушыларға қатысты 



қолдану әдістерін түсіну туралы білімі 

A) пәндік 

B) психологиялы 

C) педагогикалы 

D) философиялы 

E) технологиялы 

 

24.  Компьютерлік технологияны пайдалана отырып, деректердің орналасқан 



жерін анықтау, түсіну, бағалау және құру қабілеті  

A) педагогикалық сауаттылы 

B) коммуникативтік сауаттылы 

C) ақпараттық сауаттылы 

D) функционалдық сауаттылы 

E) пәндік сауаттылы 

 

25. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету 



аясындағы табысты талқылауларда басымдыққа ие әңгіме түрін анықтаңыз 

A) зерттеушілік әңгіме 

B) құрылымды сұхбат 

C) кумулятивтік әңгіме 

D) әңгіме-дебат 

E) реттелген әңгіме 

 

26.  «Қара жәшік» ішіндегі жұмысты көрсетіңіз 



A) жаңа жағдайларға тез бейімделу 

B) оқушымен бірге критерийлерді талдау 

C) оқыту әдістерін оқушылармен таңдау 

D) нақты сандық ақпараттарды алу 

E) мүмкіндіктердің барлығын қарастыру 

 

27.  Бағалау мақсатында жүргізілген қадағалау нәтижелерінің 



интерпретациясы 

A) енгізілген өзгерістердің тиімділігін бағалау 

B) оқушының келесі даму бағытын айқындау 

C) қолданылған әдіс-тәсілдерді сипаттау 

D) алынған мәліметтердің мәнін анықтау 

E) оқытудың келесі кезеңдерін жоспарлау 



 

28.  Оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің 

оқуын реттей алатын ең үздік оқушыны анықтайтын сенімді өлшем (Фриман)    

A) ерте символдық белсенділік 

B) есте сақтау және білім 

C) өз білімін жетілдіру 

D) шоғырлану 

E) мәселені шешу 

 

29.  Сабақты  зерттеудің алғашқы қадамын көрсетіңіз 



A) Топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді 

B) Жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды 

C) Нәтижені қамтамасыз ететін ережелер жүйесін құрады 

D) Барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды 

E) Бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлайды 

 

30.  Сабақты зерртеу (Lesson Study) үдерісінде топ мүшелері жоспарлаған 



зерттеу сабағын мұғалімдердің бірі жүргізеді. Осыдан кейінгі кезеңді 

көрсетіңіз 

A) Жоспарлауда қолдану үшін әдебиеттер нәтижелерін қорытуы 

B) Топтың жұмыс нәтижелігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасауы 

C) Топ мүшелерінің бақылауға алынатын оқушыларды анықтауы 

D) Топ мүшелерінің зерттеудің түйінді идеяларын өзара келісіп алуы 

E) Зерттеу сабағы туралы оқушылармен мұғалімдердің сұхбат жүргізуі 

 

2-БЛОК бойынша тест аяқталды. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет