Тақырып 8. Меншік иесі емес адамдардың заттық құқықтары. Дәріс мақсаты: иелену құқығы, заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу құқығы туралы түсініктеме беру.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Иелену
2. Заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу құқығы
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
Иелену құқығы – заттық құқық, ол – затты иемденуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігін көрсетеді.иелену адамның затқа іс жүзінде үстемдік етуі. Бұл үстемдік адамның затқа тікелей әсер етуі деген сөз емес; оның болуы үшін адамның сол затты үшінші жақтын қол сұғуынан және табиғи күштің кедергісінен ұзақ уақыт және сенімді қорғай алатындай сол зат пен адам арасында қатынас болуы тиіс. Затқа нақты үстемдіктен басқа, сол затқа толық және кедергісіз үстемдік құқығы болады. Бұл құқық –меншік құқықғы (dominum, proprietas) оған қарағанда нақты үстемдік иелену (possessio) деп аталады. Бұл терминдерді шатастыруға болмайды. Иемдену- меншік құқығынан мүлде өзгеше институт; заттың меншік иесі оның иесі болмауы мүмкін, және керісінше –заттың иесі меншік иесі болмауы мүмкін. Қазіргі азаматтық құқықтың қалыптасуына және дамуына ХІХ ғасырдың басында К.Ф. Савиньи және ХІХ ғасырдың ортасында Р. Иеринг ұсынған иелену теориясы үлкен ықпал етті. Савиньи теориясы бойынша иелену өздігінен құқық емес, факт. Егер, иеленген адамның қол сұғылмайтын құқығы бұзылғанда болады. Қарапайым иелік қорғау шарасы белден басушылықпен күрес шараларының бірі болады. Мемлекет иенің,тіптен онда иелену құқығы болмаса да, құқығына соттан басқаның қол сұғуына тыйым салды. Иелену адамның затты өзінікіндей иеленуге еркінің болуы көздейді. Ерік немесе заттық құқықты меншік иесі ретінде иемденуге бағытталған жағдайда әңгіме оның заңды иесі жайында болады. Затқа үстемдікті басқа адамның мүддесі үшін жүзеге асырушы адамға мұндай ерік болмаған жағдайда мүлікті иемденген адам жай ұстаушы- сақтаушы, тасымалдаушы, комиссионер, т.б. деп аталады. Ұстауға иелікті қорғау болмайды.Иеринг теориясы бойынша иеленудің болуы иеленген тұлға үшін меншік құқығы презумпциясын құрады. Осы ұғымдарға байланысты заң меншікті дәлелдеу ауыртпашылығын петиторлық талап қою жолымен иеленудің заңсыз екенін, өзінің меншік құқығын және затты талап ету құқығын дәлелдей алатын, бірақ меншік қолында жоқ адамға жүктейді. Иерингтің пікірінше иелену үшін қорғалмайды, ол меншік үшін қорғалады. Иелену-меншіктің тірегі (or erk des Eigentums). Иерингтің теориясы бойынша иеліктің тұрқы (corpus) иеленудің басты элементі болып табылады. Иелік ырқы (canimus) иеленуді нақты жүзеге асыруда іске асады:corpus үнсіз animus – ті іске қосады.
ҚР Азаматтық кодексі заңды тұлғалардың бұл мүліктік құқығын өзінше дербес заңдық құқық ретінде біратола анықтады, ол олардың АК-ның «Меншік құқығы және өзге заттық құқықтар» атты 2- тарауында орналасуынан туындайды. АК-ның шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару құқығының заттық сипаты туралы ережелерімен ҚР-дің бірқатар нормативтік құқықтық құзжаттары үйлестірілген. Мысалы, ҚР-дың Салықтар және бюджетке төленетін басқа басқа міндетті төлемдер туралы Кодексінің 351-бабына сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе оалымды басқару құқығында салық салынатын объектісі бар заңды және жеке тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады; шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын АК-да және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығ болып табылады. Шаруашылық жүргізу құқығы, бұл – заттық құқық. Оралымды басқару құқығы – меншік иесінің қаражатынан қаржыландырылатын мекеменің және меншік иесінен мүлік алған қазыналық кәсіпорынның заң құжаттары белгіленген шектерде, өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмасына және мүліктің арналымына сәйкес сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырудағы заттық құқығы болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Савиньи теориясы бойынша
2. АК бойынша шаруашылық жүргізу мен оралымды басқару құқығының салыстыру
3. Иеринг теориясы бойынша
4. Өз бетімен билік ету құқығы
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі